
Либерия туын ілген Mozart жүк кемесі Сан-Томе қаласынан 181 шақырым жерде, Лагостан Кейптаунға бет алған. Сол маңда шабуылдаушылар 15 теңізшіні кепілге алғаны белгілі болды. Ал біреуі қарақшылар қолынан қаза тапқан.
Қайтыс болған азамат Әзербайжан тумасы екені анықталды, ал қалған теңізшілер Түркиядан.
Қазірге дейін кеме командирімен Түркия президенті Режеп Ердоған екі рет байланысқа шыққан. Ол бұл процесті мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Ердоған ұрланған кеме экипажын құтқаруға арнайы шаралар қабылдауды тапсырды.
Қарақшылар кеме жүйесін істен шығарып, тек портқа жол табу үшін навигацияны қалдырған. Қазіргі уақытта кеме Джентиль Габон портына бет алды.
Халықаралық теңіз бюросының мәліметі бойынша, Нигерия, Гвинея, Того, Бенин және Камерун жағалауын алып жатқан Гвинея шығанағы әлемдегі қарақшылық ең көп болатын қауіпті теңіз аймағы саналады.