Редакция таңдауы
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Сенат депутаттарын сайлау науқанына қатысты бірқатар мәселе қаралып, үміткерлерді тіркеу қорытындылары жарияланды.
27 Шілде, 2020
Қаныш Сәтбаев атындағы қалада болған жойдасыз қылмыс жұрттың ашуға бой алдырса, жолындағының бәрін жайпап кететінін көрсетті. Қыз баласын төбесіне көтеріп, төресіндей күткен қазақтың жұдырықтай балдырғанының тағдырына алаңдап, тарпаң мінез көрсеткеніне бір есептен түсіністікпен де қарауға болатын шығар. Дегенмен, осы дүрбелеңді пайдаланып, шектен шыққан тәртіпсіздікке барған кейбір тентектің ісін қалай болғанда да құптай алмайсыз.
27 Шілде, 2020
Алыптардың дипломатиялық тайталасы
АҚШ пен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыс қайта ушыға түсті. Бұл жолғы дауды америкалықтар бастады. Өткен аптада Ақ үй басшысы Дональд Трамптың әкімшілігі Хьюстон қаласындағы Қытай консулдығын жабу үшін 72 сағат уақыт берді. Көп ұзамай Бейжің билігі АҚШ-тың Чэндудағы Бас консулдығын жабуды талап етті.
27 Шілде, 2020
Польша әйелдерді қорғау келісімінен бас тартты
Польша «Ыстанбұл конвенциясы» деп аталатын Еуропаның әйелдерді қорғау келісімінен шығатынын хабарлады. Әділет министрі Збигнев Зебро келісімнің пайдасыз екенін, сонымен бірге мектептерде балаларға жыныс сауаттылығын оқытуды міндеттейтінін айтты.
27 Шілде, 2020
Сын сағатта сағымызды сындырмайық – дейді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ
Қазіргі таңда ел ішінде «Пандемия жағдайында қасиетті Құрбан айт мейрамы қалай аталып өтілмек, қаупі асқынып, қыспаққа алған індетке қарсы күреске халықты жұмылдыруда, жұртты пандемиядан сақтануға шақыруда Діни басқарма, діни қайраткерлер нендей жұмыстар атқаруда, сондай-ақ кейбір діни рәсімдерді тоқтатуға немесе оларға қатысатын адамдардың санын шектеуге қатысты қабылданып жатқан шешімдер Ислам талаптарына сай келе ме?» деген мазмұндағы сұрақтар жиі қойылуда. Осы орайда, яғни аталған және өзге де сауалдарға жауап алу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
27 Шілде, 2020
Қазақстанда коронавирус қарқыны тұрақталды
Қазақстанда КВИ қарқыны тұрақталып, дәрігерлер үйреншікті жұмыс режиміне көшіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
26 Шілде, 2020
"Абай шапағаты" қоры 10 мұқтаж отбасыға 42 500 теңгеден берді
Күні кеше ғана "Абай шапағаты" Халықаралық қайырымдылық қоры Құрбан айт мерекесі қарсаңында "Жақыныңа жанашыр бол" атты акция бастады. Алғашқы акцияда меценат Толқын Ақанұлының демеушілігімен көмекке мұқтаж 10 отбасыға 42 500 теңгеден табысталды, - деп хабарлайды Egemen.kz
26 Шілде, 2020
Елбасы Кенжеғали Сағадиевтің отбасына көңіл айтты
Нұрсұлтан Назарбаев К.Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.
26 Шілде, 2020
Президент кеңесшісі педофилдерге қатысты пікір білдірді
ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин 14 жасқа толмаған баланы зорлаған адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына сотталатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
26 Шілде, 2020
Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар зауыты салынады
Қазақстан мен Ресей бірлескен жобаны құжат жүзінде бекітті. Енді Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар зауыты салынбақ, - деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Шілде, 2020
Қырғызстан халқының 0,5 пайызы вирус жұқтырған
Қырғызстан халқының 0,5 пайызы вирус жұқтырған, ел билігі Дүниежүзілік Денсаулық Ссақтау Ұйымымен бірігіп, есепке енбегендерді анықтауға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
26 Шілде, 2020
Оттегі баллондарын тәуілік бойы шығарады
"КазХром" транс ұлттық компаинясының басты құрылымдық бөлімшесі – Ақтөбе ферро қорытпа зауыты індет кезінде медицина мекемелеріне теңдесі жоқ көмегін тигізуде. КВИ мен пневмония дерті қос өкпеден қысқанда адамның тыныс алуы қиындап, оттегі жетпей қалатыны белгілі болып отыр. Осы орайда аталған зауыт мамандарының шілденің 28 жұлдызынан бастап оттегі баллондарын шығаруды қолға алды. Сөйтіп бүгінгі күнге дейін олар облыс аумағындағы ауруханалар мен провизорлық госпитальдарға алты мың данадан астам оттегі баллондарын жеткізген.
25 Шілде, 2020
Түркістан облысында коронавирустың таралуы 45 пайызға төмендеген
Түркістан облысында да, қауіпті инфекцияның таралуы 45 пайызға төмендеді. Мамандардың айтуынша, өткен аптада ковид жұқтырғандар саны 293 болса, осы аптада 161 жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
25 Шілде, 2020
"Қазпочта" АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды
"Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқармасының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz
25 Шілде, 2020
Қазақстанда өткен тәулікте 1772 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 1772 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
25 Шілде, 2020
"Самұрық - Қазына" отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын ұсынды
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ауыр экономикалық жағдайдағы қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсетеді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қордың басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz
24 Шілде, 2020
Bek Air қайтарымсыз билет туралы екінші сотта да жеңіліс тапты
Сот Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Bek Air АҚ-на қатысты екінші талабын қанағаттандырды. Бұл туралы Алматы қаласының Түрксіб соты мәлімдейді, деп жазады Egemen.kz
24 Шілде, 2020
Індетті тоқтатудың бір ғана жолы - екі жақты жауапкершілік
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын қадағалау үшін арнайы іс-сапармен Қызылорда облысына барды, - деп хабарлайды Egemen.kz
24 Шілде, 2020
Алматы өзенін сабын көбігі басты
Алматыдағы өзен арнасынан кір жуылған сабын көбігінің ағып жатқанына байланысты түсірілген әуесқой видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтан қаласының шыға берісіне блокбекеттер қойылды
Коронавируспен сырқаттанушылардың өсуіне және карантиндік шаралардың күшеюіне қатысты елорда маңындағы туристік аймақтар жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Шілде, 2020