Редакция таңдауы
Арт терапия мамандарына сұраныс бар
Startup жобалардың басым бөлігін IT, инновация саласына қатысты жобалар құрайтыны белгілі. Ал әлеуметтік бағыттағы startup жобалар сиректеу кездесіп жатады. Десек те, әлеуметтік startup жобаларға ден қойып жүрген жастарымыз да соңғы кездері көбейіп келеді. Солардың бірі – Айзада Жайыққызы. Ол Британ кеңесі мен Chevron энергетикалық компаниясы ұйымдастырған конкурста топ жарып, әлеуметтік startup жобасын жүзеге асыруға 3000 АҚШ доллары көлемінде грант жеңіп алды. Бүгін біз аталған жобасын әрі қарай іске асыру үшін еріктілердің қолдауына сүйене еңбек етіп жүрген А.Жайыққызын әңгімеге тартқан едік.
25 Тамыз, 2020
Көшеде үй-күйсіз жүрген әлдебір ит яки мысықты көзіңіз шалса, не істер едіңіз? Бәлкім аянышпен қарарсыз да өтіп кетерсіз. Мүмкін сәл аялдап, қолыңыздағы бір түйір нанды беріп, бір күнгі аштықтан құтқарып қаларсыз. Бірақ бұл сол панасыз мақұлықтардың ертеңгі тыныш өміріне кепілдік бола ала ма? Қазақта «қайыр қылсаң, бүтін қыл» деген сөз бар. Қазақтың сөзін ұлты орыс отандасымыз қазақтың өзіндей берік ұстанған сыңайлы.
25 Тамыз, 2020
ҚР паспорты ел ішінде жарамды ма?
ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мемлекеттік ұйымдарда (мекемелерде) – сотта, әкімдікте, прокуратура және т.б. паспортты ұсыну мәселесін түсіндіру үшін жүгінген. Себебі оған паспорт бойынша сотта қатысуға бас тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Тамыз, 2020
Мектепке баратын оқушыларға бетперде тағу міндетті - Бағдат Қожахметов
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мектепке баратын оқушылар сабақ кезінде бетперде тағу міндетті екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2020
Қазақстанда 2 500 бала коронавирус індетін жұқтырды
Қазақстанда 2 500 бала коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Тамыз, 2020
Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы кейінге шегерілді
Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді
Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпы білім беру қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Тамыз, 2020
Ресейлік вакцина салдарынан COVID-19 мутацияға ұшырауы мүмкін
Тестілеудің үшінші кезеңінен өтпеген ресейлік вакцинаны қолдану салдарынан коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне сұхбат берген ғалымдар айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2020
Аустрияда ұшатын таксилер сынақтан өтуде
Аустрияның Линц қаласында қоғамдық көлік жүйесі аэротаксимен, яғни әуеде ұшатын рейстік көліктермен толықтырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Тамыз, 2020
Талғат Сәтиев Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
24 Тамыз, 2020
Сағдидың сексенінші көктемі ...Қызылды-жасыл гүлдер құлпырып, көктем келгенде Сағдидың да жан дүниесі жаңарып, жадырай түседі. Себебі көктемде шыр етіп дүние есігін аттағаннан болар, жыл мезгілінің осы уақытын ерекше ұнатады. Еркін күрестен сан мәрте республикалық, облыстық сайыстарда топ жарған КСРО спорт шебері болған Сағди Қапасұлымен таныс болғаныма қырық жылдай уақыт өтсе де, оның сонау 1991 жылы елімізді былай қойып, күні кеше тарих қойнауына кеткен ТМД елдерінде қыздар күресін тұңғыш рет ұйымдастырып, Қазақстанның төрт облысында нәзік жандылардың күресін өмірге әкелгенін, жыл сайын байрақты бәсекелерді ұйымдастырғанын естігенде бастапқыда сенбедік те. Күне кеше Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова атындағы манежде ардагерлер арасында тұңғыш рет облыстық жарыс ұйымдастырылғанда Сағди ағамен кездесіп қалдық.
24 Тамыз, 2020
Халықтың өмір сапасын арттыратын экологиялық саясат қажет
Таяуда Мемлекет басшысы елдегі экологиялық мәдениеттің ақсап тұрғанын сөз еткені белгілі. Осы орайда мектептерде экологиялық сауаттылық пәні енгізілу керегі айқындалса, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі халық арасында экологиялық мәдениетті дәріптеуді міндетіне алды. Президент сенім білдіріп құрылған кадрлық резерв резервшілерінің қатарында да экология мәселесін зерттеп, оны дамытумен айналысатын мамандар бар. Солардың бірі – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жауапты қызмет атқарып жүрген Зульфия Сүлейменова бар күш-жігері мен білімін елімізде дұрыс климаттық саясат қалыптастыруға жұмсамақ ниетте.
24 Тамыз, 2020
«Той – халықтың қазынасы» деген сөз бар. Тойға тыйым салып, қазынасынан айыруға болмас. Естуімізше, біздің қазақ сонау сұрапыл соғыс тұсында да қиюы келсе тойдан тартынбаған көрінеді.
24 Тамыз, 2020
Қазақстан 7 елмен әуе қатынасын жандандырды
Қытайдың Синьхуа агенттігі Қазақстанның 7 елмен әуе байланысын қайта қалпына келтіргенін хабарлады. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия секілді елдер бар.
24 Тамыз, 2020
Малидің мазасы қашып тұр. Таяуда елде көтеріліс бұрқ ете түсіп, президент Ибраһим Кейта президенттік лауазымынан бас тартты. Бұл көтерілісшілерді қуантса да, халықаралық қоғамдастық Малидегі жағдайға алаңдаушылық білдіруде.
24 Тамыз, 2020
Кеселі асқынған дүниенің кейпі
Финляндия үкіметі COVID-19 ауруы толастамай тұрған 10 елмен барыс-келісті қайтадан шектеді. Елдің Ішкі істер министрлігі 24 тамыздан бастап Норвегия, Дания, Исландия, Германия, Грекия, Мальта, Ирландия, Сан-Марино, Жапония және Кипрмен арада барыс-келістің шектелетінін мәлімдеген. Сонымен бірге Солтүстік Македония мен Турку қаласын жалғаған әуе байланысы да тоқтатылуы мүмкін. Себебі суоми жұртына осы елдерден келген 40 адамнан вирус анықталған.
24 Тамыз, 2020
Жауынгерлік дайындық қалыпты форматта қайта басталады
Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратында жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар қайта басталды. Қорғаныс ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырады. Олардың нәтижелері денешынықтыру, кәсіби дайындықпен бірге әскери қызметшінің жауынгерлік дайындығының жалпы көрсеткішіне әсер етеді.
24 Тамыз, 2020
Ресейдің «Солтүстік ағын – 2» газ құбыры желісі Германия мен АҚШ қарым-қатынасын қиындата түсті. Ақ үй басшысы Дональд Трамп президенттік креслоға жайғаса сала бұл жобаны қолдамайтынын анық аңғартқан. Таяуда бұл мәселе тағы да күн тәртібіне шықты.
24 Тамыз, 2020
Осыдан дәл 36 жыл бұрын, яғни 1984 жылдың 18 тамызында Мәскеуде «Достық-84» деген атауға ие болған кешенді спорттық жарыстардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған 50 елдің өкілдері қатысты. Солардың қатарында Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысудан бас тартқан КСРО, Мажарстан, Солтүстік Корея, Моңғолия, Болгария, Куба, ГДР, Эфиопия, Польша, Чехословакия және тағы басқа социалистік бағыттағы мемлекеттердің өрендері болды. Жаз айларының басында басталып, қоңыр күзге дейін созылған бәсекелер аса жоғары деңгейде өтті.
24 Тамыз, 2020
Өткен сенбіде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы, «Отандастар қоры» КеАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен шеттегі қазақтарға арнап «Ұлы дала елінен» атты онлайн концерт өткізді.
24 Тамыз, 2020