Редакция таңдауы
Кооператив: іріленгеннің ісі ірі болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты қанатқақты жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде «ҚазАгро» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие берілетінін де айтты.
28 Тамыз, 2020
Қатерлі жарыс қайта басталды ма?
Осыдан 75 жыл бұрын АҚШ Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастады. Қуатты қарудың күшін көрген әлемнің алпауыт державалары содан бері ядролық қаруды игеруге талпынып, қырғи-қабақ соғысты бастан өткерді. Қырып-жою қаруларын шектеу туралы келісімдер де жасалды. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан әлем елдеріне үлгі.
28 Тамыз, 2020
Елордада 2 жаңа эко-парк пайда болады
Нұр-Сұлтанда екі экологиялық саябақ салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы хабарлады. Соның бірі Талдыкөл көлінің жанында болады. Жоспарланған аумақ қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағы 5700 гектарды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Тамыз, 2020
Ж.Бекшин қазан, қараша айлары өте қиын болатынын айтты
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
27 Тамыз, 2020
Коронавирус жұқтырған мұғалімге үстемеақы төлене ме?
Мектептерде ашылатын кезекші сыныптарға жүкті, жасы 65-тен асқан мұғалімдер сабақ бере алмайды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің мектептерінде оқу аптасының ұзартылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
27 Тамыз, 2020
Кезекші сыныптарға қандай талап қойылады?
Кезекші сыныпта дәстүрлі форматта білім беру барысына бірнеше қатаң талап қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
27 Тамыз, 2020
Роман Скляр ірі неміс компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізді
Іс-шара жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығын тереңдетуге арналған. Онлайн-кездесуге Германияның 100-ден астам жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты, олардың ішінде Volkswagen, Siemens, Linde, Schaeffler, Knauf, Lufthansa, SMS group, DMT және т. б. бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
27 Тамыз, 2020
Қазақстандық туристер батып бара жатқан яхтадан құтқарылды
Талян жағалауы күзеті сәрсенбіде Италияның Сардиния жағалауындағы Жерорта теңізінде 50 метрлік желкенді қайықтың батып бара жатқандығы туралы видео жариялады. Жағалау күзетінің хабарлауынша, артында орасан зор түтін бұлтын қалдырған леди ММ яхтасынан 17 адам құтқарылған. Оқиға сейсенбіде орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Тамыз, 2020
Әлеуметтік-экономика саласының даму барысы қалай?
Мемлекет басшысы өткен жылы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнады. Жолдауда айтылған мәселелердің кей тұсын сарапшылар көзімен зерделеп берелік.
27 Тамыз, 2020
Ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Тамыз, 2020
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуеті артуда
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнаған еді. Бір жыл ішінде Президент Жолдауында айтылған аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуеті қаншалықты артты? Атқарылған жұмыстар барысына шолу жасап көрелік.
27 Тамыз, 2020
Жаңа оқу жылының жаңалығы жақсылыққа бастайды
Білім мен біліктілік саудаланбауы керек Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде алдымен Шымкент қаласында мектеп директорларын ашық конкурс арқылы тағайындау жобасы қолға алынған. Білім саласындағы осы игі бастама жалғасын тауып, енді үшінші мегаполисте педагог мамандарды жұмысқа қабылдау заманауи цифрлы жүйе арқылы жүзеге асуда. Осылайша республикада алғаш рет Шымкентте педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-Process» цифрлы жүйесі іске қосылды.
27 Тамыз, 2020
Зауыт жұмысшылары жұмыссыз қалуы мүмкін
Өскемендегі 5 мың жұмысшысы бар «Бипэк Авто – Азия Авто» зауытының ұжымы әділдік іздеп, конституциялық құқықтарының қорғалуын сұрап, петиция әзірлеп жатыр.
27 Тамыз, 2020
Елімізде жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектептер ата-аналар жиналысын өткізді. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері ата-аналарға оқу жылының қалай басталатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
27 Тамыз, 2020
Ұсыныстар мен пікірлер ескеріледі
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн форматта өткізілді.
27 Тамыз, 2020
Білім берудің маңызды буынында мәселе көп
Жуырда Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Елбасы академиясы» қорының салалық менеджерлері жобасы аясында өткен кезекті талқылау Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие беруге арналды.
27 Тамыз, 2020
Кезекке тұру мәдениеті қашан қалыптасады?
Коронавирус пандемиясы басталғалы арақашықтық сақтаудың өзектілігі арта түсті. Әсіресе мемлекеттік мекемелерге, дәріханаларға, кассаға, қысқасы халыққа қызмет көрсететін орындарға кезекке тұру мәдениетін қатаң ұстану қажет. Өйткені жер-жаһанды жайлаған вирус адам таңдамайды, әлеуметтік жағдайға да, киген киімге де қарамайды.
27 Тамыз, 2020
Азиялық қауымдастықтың алқалы жиыны
Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен онлайн режімде Азиялық Конституциялық соттар және балама институттар қауымдастығының отырысы болды.
27 Тамыз, 2020
Жетісуда жиын-терін қарқынды жүріп жатыр
Биыл Жетісу алабында күн райы құбылмалы болды. Аймақтың жер емген жұрты жаңбырлы күндер мен аптап ыстыққа қарамастан алқаптағы жұмысты тоқтатқан жоқ. Тіпті, еліміздегі карантин шарасы да диқан мен шаруаның ісіне айтарлықтай кедергі болмады. Жанқиярлық еңбектің нәтижесінде қазір қырдағы егін орағы қызып тұр.
27 Тамыз, 2020
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады
Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен конституциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығының отырысы өтті.
27 Тамыз, 2020