Білім • 27 Тамыз, 2020

Коронавирус жұқтырған мұғалімге үстемеақы төлене ме?

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектептерде ашылатын кезекші сыныптарға жүкті, жасы 65-тен асқан мұғалімдер сабақ бере алмайды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің мектептерінде оқу аптасының ұзартылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Коронавирус жұқтырған мұғалімге үстемеақы төлене ме?

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай коронавирус жұқтырып алған мұғалімдерге ешқандай үстемақы қарастырылмағанын айтты. «Кезекші сыныптарда жұмыс істеуге жіберу үшін тиісті талап бар.

Мұндай форматтағы жұмыс процесіне жүкті мұғалімдер, созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан ұстаздар жіберілмейді. Яғни, мұндай педагогтар кезекші сыныпта жұмыс істей алмайды. Коронавирус жұқтырып алмас үшін дене қызуын қадағалап, барлық санитарлық талаптарды сақтау қажет», - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты барысында министр кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар екендігін айтқан болатын. Жалпы жаңа оқу жылында мектептерде қашықтан оқыту 8 интернет платформада жүргізіледі. Мектеп жасындағы 2,6 млн бала қашықтан білім алады. Ал бастауыш сыныптың 530 мың оқушысы кезекші сыныпта, шағын жинақты мектептерде 202 мың бала дәстүрлі форматта оқиды.



Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25