Редакция таңдауы
Өскемендік полицейлер қаламға ұқсас қару тәркіледі
Өскемен қаласының тұрғынынан қалам тектес атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Тамыз, 2020
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 триллион теңгеден асты
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,1 триллион теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2020
Алексей Цой медицина қызметкерлерін марапаттады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2020
"Астана Балет" ашық аспан астында өнер көрсетті
"Астана Балет" Театры онлайн-жобаларын жалғастырып келеді. 27 тамызда елордалық театр өз сахнасын Ботаникалық бақ орталығына көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2020
Балаларды пневмониядан қорғау жолы қандай?
Қолды жиі жуу, бөлмелерді желдету және айналадағы заттарды дезинфекциялық құралдармен өңдеу инфекцияның алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2020
Карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға сақтандыру статусы берілді
Табысынан айырылған азаматтар МӘМС пакетіндегі қызметтерді толық пайдаланады. Бұл туралы Алматы қаласы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2020
Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
28 Тамыз, 2020
Нұрлан Әбдіров Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
28 Тамыз, 2020
Nur Otan праймеризіне 10 мыңнан аса қазақстандық өтініш берді
Елімізде Nur Otan партиясының праймеризіне өтініш беру жалғастыруда. Тіркеудің аяқталуына бір күн қалды. Бүгінге дейін 10 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, олардың ішінде 8 915 адам кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
28 Тамыз, 2020
"Қара бүркіт" түрмесінің бастығы пара алғаны үшін қамауға алынды
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Жітіқара түрмесі бастығының қамауға алынуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2020
1 мыңнан астам медицина қызметкері бір жолғы әлеуметтік төлем алды
COVID-19-бен күресуге тартылған 1048 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін бір жолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 5 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды, - деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2020
Украинада Одесса мұнай өңдеу зауытының аумағында 27 тамыздан 28 тамызға қараған түні жарылыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz "Укринформға" сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2020
Халық пен тіл – егіз ұғым. Бірінсіз бірі жоқ. Тіл халықтың басты адами һәм рухани байлығы болса, халық – тілдің иесі. Сондықтан тілдің тағдырын халықтан бөлек қарау мүмкін емес. Бүгінгі ана тілдік кеңістіктегі ахуалды жақсы білу үшін, оның тағдырын тереңірек ұғынып және оған ерекше қамқорлықтың қажет екенін түсіну үшін өткен тарихымызға кішкене зер салсақ.
28 Тамыз, 2020
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды орнықтырудағы ең басты құжат – Конституциямызды қабылдағанымызға биыл 25 жыл толды. Конституцияны кез келген саналы қоғамның өмір сүру салтын айғақтайтын Негізгі Заң десек, біздің Ата Заң ортақ құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, елдегі қоғамдық-саяси құрылымның құқықтық сипатын негіздеп, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін айқындаушы негізгі күш болып бекіді.
28 Тамыз, 2020
Конституция – жасампаздық жаршысы
Конституция – егемендігімізді паш ететін, азаттығымызды айқындайтын маңызды құжат және татулықты ту еткен елдігіміздің алтын қазығы. Ата Заңды құрметтеу, бұлжытпай орындау – алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты. Көне гректерден соң жаңа заманда алғашқы Конституциялар АҚШ, Францияда қабылданғанына екі жарым ғасырға жуық уақыт өтіпті.
28 Тамыз, 2020
Желді қуған жоғалар, жолды қуған оңалар
Халқымыз ертеде Ата Заңды Жол деп атаған. «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» деген атаулар – соның куәсі. Ал дәстүр-салтын «жосын» деген. Жол мен жосын елді, мемлекетті ұйыстырудың негізгі аба қазығы болған. Шыққан тегін қазбаласақ, жол мен жосынның тарихы тіптен арыда жатыр. Біздің жерімізде ертеде қоныс тепкен сақтар мен ғұндар десек, сол ғұнның мемлекет ретіндегі жолы мен жосыны Қытай деректерінде хатқа түскен. Салт бойынша олар жайшылықта шаруашылықпен шұғылданса, жаугершілікте бәрі бірдей соғысқа аттанып, жортуылға шығатын болған, бұл олардың сүйегіне біткен әдеті. Яғни атасынан жалғасқан дағдысы, жолы. Олар үшін ең үлкен құндылық – жер, территория болған.
28 Тамыз, 2020
Кәріпбек Күйіков: Мені өмірге құштар еткен – өнер
Қазақ жерінде ядролық қару сынағының қасіретін тартқан отбасы аз емес. Талайдың тағдыры, өрімдей жастардың өмірі бір күнде үзілді. Ал енді біреуі адам жасаған зұлматтың зардабын өмір бойы тартты. Олардың арасында қиындыққа бой бермей, қайсарлық танытқандар өте көп. Солардың бірі – тағдырына мойымай, керісінше бар күш-жігерін күреске арнаған суретші Кәріпбек КҮЙІКОВ. Бүгін біз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнінің қарсаңында қайсар жанмен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
28 Тамыз, 2020
Ядролық қарудың тауқыметін Қазақстан жақсы түсінеді. Ұлы далада 40 жылға жуық атом бомбасы жарылып, Табиғат ананы да, адамды да аямады. Оның зардабы әлі күнге дейін түпкілікті жойылған жоқ...
28 Тамыз, 2020
Дала мәдениетін бойына сыйдырған дана халқымыздың дүрия дүниеден алған бір еншісі болса, ол – айбарлы Ата Заң. Тәй-тәй басқан тәуелсіздіктің бұғанасын бекітіп, қадамына құт дарытқан да сол егемен ереже. Содан да болар, ұлт тұтастығына ұйытқы болған мерейлі сәтті мұқым қазақ мерекесі мен берекесіне балайды. Биыл Конституциямыздың 25 жылдық мерейтойы. Соның қарсаңында руханиятымыз тағы бір толымды туындымен толықты. Қазақ ақындарының аманатын арқалаған «Жыр арқауы – Ата Заң» атты жинақ Конституциялық Кеңестің ұйытқы болуымен жарық көрді.
28 Тамыз, 2020
Әйгілі АСА (Absolute Championship Akhmat) промоушенінің ұйымдастыруымен 19 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Дүбірлі додада Қазақстанның төрт бірдей өрені өнер көрсетеді. Олар – Асылжан Бақытжанұлы, Артем Резников, Нұрберген Шәріпов және Георгий Кичигин.
28 Тамыз, 2020