Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

"Қара бүркіт" түрмесінің бастығы пара алғаны үшін қамауға алынды

967 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Жітіқара түрмесі бастығының қамауға алынуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Қара бүркіт" түрмесінің бастығы пара алғаны үшін қамауға алынды

"Бірлескен операцияны Қостанай облысы полиция департаменті мен ҰҚКД қызметкерлері жүргізді. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің бастығы сотталушыға жалпы қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі "Пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция аппаратында.

Қостанай облысы Полиция департаментінің басқарма бастығы Жәнібек Қамзеновтың айтуынша, құқық қорғау органдарында заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданады. Жыл басынан бері ішкі істер саласының 21 қызметкері жұмыстан шығарылған. Тағы 23 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, "Қара бүркіт" түрмесі Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Жеке құрамнан бөлек, түрмені ішкі әскер қызметі күзетеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25