Фото: istockphoto.com
Ауқымды зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан әлемнің 82 мемлекеті енген жаһандық тізімде 36,0 балл жинап, 53-орынға табан тіреді. Бұл нәтиже елімізді ТМД аймағы бойынша ең үздік көрсеткішке ие мемлекет ретінде айқындады.
Бағалау критерийлері қандай?
Рейтинг авторлары әлем елдерін шетел азаматтары үшін өмір сүру мен қоныс аударудың тиімділігі тұрғысынан арнайы сараптаған. Талдау барысында мынадай негізгі факторлар негізге алынды:
- Өмір сүру сапасының деңгейі;
- Экономикалық мүмкіндіктер мен даму әлеуеті;
- Ішкі еңбек нарығының қазіргі жағдайы;
- Мигранттардың жергілікті қоғамға жылдам бейімделуіне жасалған жағдайлар.
Жаһандық деңгейде көш басында Швейцария тұр, бұл мемлекет 60,8 балл жинады. Алғашқы бестіктің қатарына Исландия (60,2 балл), Люксембург (60,1 балл), Австралия (59,0 балл) және Германия (58,7 балл) енді.
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Өзге ТМД мемлекеттерінің көрсеткіштері төмендегідей қалыптасты:
- Молодова – 56-орын;
- Әзербайжан – 66-орын;
- Армения – 74-орын;
- Өзбекстан – 75-орын.