Редакция таңдауы
Кейде бір ғана әннің өзі тұтас дәуірдің, алып империялардың арман-мұратын арқалап ғасырлардан ғасырларға көшетіні болады. Ән – тағдыр дейтініміз де сол болса керек. «Қара таудың басыннан көш келеді» деп басталатын «Елім-айды» ет жүрегіңіз езілмей тыңдап көріңіз. Кеше ғана төрткүл дүниенің төрінде дара Димаштың дауысымен жеті миллиард жүректі елжіреткен «Самалтау» әні де әлі жанымызда жаңғырады. Әннің ұлтқа, тілге бөлінбейтіндігінің көрінісі осы болса керек дейді көбі. Бірақ мәселе әнде ғана ма? Оның мазмұны мен мағынасы терең мәтіні ше? Бүгінде «Самалтау» әнін орыс, қытай, бүкіл Еуропа тыңдармандары ең алдымен мәтініне мән бере талқылап жатыр. «Елім-айдың» да мәтіні – қазақтың классикалық қара өлең үлгісі, ой мен сөз жымдасқан тағдырлы төрт жол жыр.
31 Шілде, 2020
Құрманғазы Ақашев. «Ол жасаған тарих»
Ұлағатты жылдардың ізі мен дала төсіндегі ұрпақтар сабақтастығын шебер қиюластырған суретші Құрманғазы Ақашев тарихи тақырыпқа жиі қалам тартады. Ен даланы еркін жайлаған дала перзентінің ән-күйі мен салтанаты жарасқан ойын-сауығы суретші қылқаламында түрлі-түсті реңмен лезде жарасым тауып, көрермен көңіліне қанат бітіреді. Реализмнен бастап, академиялық кескіндеме әдістерін тең меңгерген суретшінің шығармашылығы туралы сөз қозғалғанда қозғалысқа ерекше жан бітірер шеберлігі алдымен айтылса керек-ті.
31 Шілде, 2020
Озық технология өрісіңді кеңейтеді
Қазір цифрландыру – қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. Ал төрткүл дүниені шарпыған коронавирус пандемиясы цифрландырудың мемлекеттік органдармен қатар барлық сала үшін өте маңызды екенін дәлелдей түскендей болды. Президенттің жастар кадрлық резерві арқылы іріктелген мамандар арасында да осы салада тиімді жұмыстар атқарып жүргендер аз емес. Мәселен, отандасымыз Тілектес Адамбеков «Қазпошта» АҚ-ның уақыт талабына сай жұмыс істеуін қадағалап, шетелде жинаған тәжірибесімен құрылым жұмысын ілгерілетіп келеді. Бүгін біз «Қазпошта» АҚ-ның ІТ және инфрақұрылым бойынша атқарушы директоры Т.Адамбековпен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
31 Шілде, 2020
Бүгінгінің аңшылары аң-құс аулауға жол талғамайтын көлікпен шығады. Қазір оған мүмкіндік мол. Атырауда да солай. Мұнда аңшылар мен балық аулаушылардың облыстық қоғамында 6 324 мүше бар. Аңшылардан түсетін жарна мөлшері аз емес. Мәселен, 2015 жылы 22 461 185 теңге жарна төленіпті. Ал 2018 жылы оның көлемі 42 036 780 теңгеге жеткен. Былтыр қоғамның кассасына 47 807 450 теңге түскен. Демек, жыл сайын жарнадан жиналатын түсімде өсім байқалады. Алайда...
31 Шілде, 2020
Атырауда қауіпті індетпен күреске 2 мыңнан астам жергілікті медицина қызметкері тартылды. Оларға көмектесу үшін Ресейден 11 дәрігер келген еді. Құрамына анестезиолог-реаниматолог, пульмонолог, инфекционист, жалпы тәжірибелік дәрігер мен педиатрлар кірген көрші елдің ақ халаттылары екі апта бойы инфекциялық және провизорлық стационарларда жұмыс істеді.
31 Шілде, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұлы ойшылымыздың 175 жылдығына орай қалың жұрттың назарына «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» виртуалды көрмесін ұсынды.
31 Шілде, 2020
Ауа тазарғанымен, табиғат ластануда
БҰҰ UNCTAD (ЮНКТАД) Сауда және даму жөніндегі конференциясының директоры Памела Коук-Гамильтон қоршаған ортаның ластануы пандемия тұсында күшейіп кеткеніне мазасызданатынын білдірді.
31 Шілде, 2020
Көші-қон саласына жаңа көзқарас қажет
Қазіргі таңда еліміздің көші-қон саясатына қатысты аз сын айтылып жүрген жоқ. Бұл мәселе Парламент қабырғасында да тұрақты түрде көтеріліп, депутаттық сауалдарға арқау болып жүр. Бүгін біз сенатор Мұрат Бақтиярұлына осы тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақ қойған едік...
31 Шілде, 2020
Сovid-19: Әлемде вирус жұқтырғандар екі есеге көбейді
Бір тәулікте 52 мың адам вирус жұқтырған Үндістанда ауырғандар саны 1,5 млн адамнан асты. Халқы өте тығыз орналасқан Үндістан түбегіндегі індет баяулар емес. Пандемия басталғаннан бері 1 020 582 адам жазылып шыққанымен, бір күннің ішінде 775 адам COVID-19 кесірінен көз жұмған.
31 Шілде, 2020
"Табыстың тек 30 пайызы медицина сапасына байланысты" − Е.Тоғжанов
ОКҚ-нің онлайн-брифингінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавируспен күрестегі табыстың 70 пайызы қазақстандықтардың жауапкершілігіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
30 Шілде, 2020
Тамыз айында 42 500 теңге төлемнің жартысы беріледі
Карантин кезінде табысынан айырылғандарға тамыз айында 21 250 теңге беріледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады Egemen.kz.
30 Шілде, 2020
Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелді
Бас санитарлық мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
30 Шілде, 2020
Ерлан Қарин Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
30 Шілде, 2020
Қазақстанда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар қымбаттады
Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде шамамен 10 пайызға қымбаттады. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтау және Атырау қалаларында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Шілде, 2020
Павлодар әкімдігі Құрбан Айт мерекесіне қатысты қаулы шығарды
"Павлодар облысы аумағында Құрбан Айт мерекесін атап өту кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы" №9 қаулыны шығарды", деп хабарлайды Egemen.kz
30 Шілде, 2020
Аманатқа адал жандарды іріктейді
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен осы жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында партияішілік таңдау – праймериз өткізілмек. Соған сәйкес алдағы уақытта аймақтарда мәслихат депутаттығына сайлауға түсетіндердің 70 пайызы праймериз арқылы іріктелген үміткер ретінде өз бағы мен бабын сынайды.
30 Шілде, 2020
Уақыт талабына сай батыл қадам жасалды
Парламент VI сайланымның бесінші сессиясын аяқтады. Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, қабылданған заңдар шешімін табуға ықпал ететін міндеттер бойынша да өте ауқымды болды. Әсіресе ел дамуына қажетті өзекті заң жобалары Парламент қабырғасында кеңінен талқыланып, қабылданғаны белгілі. Осы орайда, Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегеновпен әңгімелескен едік.
30 Шілде, 2020
«Бүлінген» блогерден өнеге алма!
Қазір әлеуметтік желіде мынадай қызық үрдіс бар. Кез келген даулы оқиғадан кейін кінәлі тарапты ақтаған жазбалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптап шыға келеді. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса». Әркім әлеуметтік желідегі парақшасына не жазатынын өзі біледі. Әйтсе де, кенеттен бір сарынды жазбалардың қаптап кетуі күмән тудыратыны бар.
30 Шілде, 2020
Ғарифолланың есімі тізімге неге кірмеді?!
Әйгілі әнші, Қазақ КСР-нің халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен ономастикалық тізімнен сызылып тасталған көрінеді. Қазақстанның батыс өңіріне тән Мұхит ән мектебінің ірі өкілі, 1934 жылы Алматыға келгеннен бастап бүкіл өмірін өнерге арнаған, жүздеген шәкірт даярлаған қайраткер ұстаз, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аңызға айналған Ғарекеңе – Ғарифолла Құрманғалиевке қиянат жасау деген ойдың өзі ақылға сыйымсыз көрінеді.
30 Шілде, 2020
Мектептер қашықтан оқытуға дайын ба?
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке хат жолдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
30 Шілде, 2020