Редакция таңдауы
Күйші мен домбырашыны шатастырмайық
Жазушы, белгілі ғалым Қойшығара Салғараұлының: «Қазіргі кезде біз сөздің жаңғырығын ғана түсінеміз», деп айтқаны бар еді. Шынымен де, сөздің мағынасына көңіл бөлмеу белең алғаны рас. Әр нәрсенің сөздік ұғымы мен сипаттық ұғымын және мағынасы мен мазмұнын дұрыс түсініп, аражігін айырған жөн-ақ. Бірақ оған көңіл аударуға салғырттық таныту әдетке айналды. Қандай да бір сөздің не атаудың мағынасы мен өзіне тән қадір-қасиеті және өзіндік мәртебесі болады емес пе?
29 Қараша, 2024
Білім саласында оқытумен бірге, қоғамдық қызметін қатар алып, ұлт ұпайын түгендеу жолында қажырлы еңбек еткендер аз емес. Солардың бірі – ардақты ардагер Еркін Дәуешұлы. «Кеудесі жақсылардың алтын сандық» демекші, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде ақсақалдың өнегелі өмірі кейінгі буынға қашанда өнеге болмақ.
29 Қараша, 2024
Елімізде іскерлік туризмнің қарқын алуына ауқымды іс-шаралардың тигізер септігі мол. Тек соңғы үш жылда туризмнің осы тармағының өзінен қазынаға қомақты қаржы құйылды.
29 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Күйзелісті анықтайтын жасанды интеллект
Ғалымдар күйзелісті бес минутта анықтайтын жасанды интеллект алгоритмін ұсынды.
29 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Владимир Путинді әуежайдан шығарып салды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда өткен отырыста мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасқанын айтты. Сондай-ақ Қазақстанның төрағалығы аясында ҰҚШҰ-ның биылғы қызметі қорытындыланғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2024
Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Қараша, 2024
ҰҚШҰ-ның келесі саммиті 2025 жылы Қырғызстанда өтеді
2025 жылдың төртінші тоқсанында Қырғызстанда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2024
+7: Қазақстан мен Ресей телефон кодын бірлесіп қолдануға келісті
Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
28 Қараша, 2024
Омбыда ҚазҰУ-дің филиалы ашылды
Қазақстан мен Ресей Президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
28 Қараша, 2024
Тәжікстан Президенті Астанаға келді
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Қараша, 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтілді
Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті және кез келген заң бұзушылық үшін міндетті жазалауды қамтамасыз ету шараларын күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2024
Әділетті қоғам қайтсе орнайды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында адалдықты басты орынға қойған әділ қоғамда жемқорлыққа жол берілмейтінін, әрдайым ел мүддесіне сай шешім қабылданатынын айтқаны белгілі. «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды», деді Президент.
28 Қараша, 2024
ТЖМ баспасөз қызметі түнде жер сілкінісі болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Қараша, 2024
Астана: Бизнес қанат жайып келеді
Биыл жыл басынан бері елордада шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің 1 658 жобасы жүзеге асқан. Қалада «Астана бизнес-2» өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді. Ол бойынша елордада тіркеліп, жобасын осы қалада іске асыратын кәсіпкерлер 7 пайызбен несие алуға қол жеткізеді.
28 Қараша, 2024
Медициналық көмектің көлемі қомақты
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келер жылы көрсетілетін медициналық қызметтерге өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.
28 Қараша, 2024
«Адам жанына арашашы болу – үлкен жауапкершілік»
Астана медицина университетінің түлегі Медет Маханбет «Болашақ» бағдарламасымен Литва астанасы Вильнюстегі Сантаришкес университет клиникасында құлақ операциялары бойынша тағылымдамадан өткен. Бүгінде Президент Іс басқармасы Медициналық орталығында лор-дәрігер болып жұмыс істейді. Талай мықты хирург дәрігерден тәлім алған ол елімізде алғашқылардың бірі болып эндоскопиялық әдіспен операция жасаған.
28 Қараша, 2024
Осыдан он жыл бұрын Кеңесбек ақсақалмен танысқан едім. Менен мүшел жасқа үлкен екен. Әр сөзінен мейірім, әр әрекетінен қайырым лебі сезіліп тұратын, мұсылмандық бес парызын түгел өтеген, қарттығына абырой-атақпен келген кісі. Бабалары Бөкебай әулетінің қарашаңырағын елге өнеге боларлықтай дәрежеде ұстап, нағыз қазақ шаңырағының үлгісін көрсете білген азамат. Дастарқанынан дәм татып, Түркістан қаласын бірге аралап, сырлас болған Кеңекең жадыма өшпестей әсер қалдырған-ды.
28 Қараша, 2024
Дақыл өнімділігін арттыратын тәсіл
Қазір жер бетіндегі халық саны өсіп барады. Осыған орай азық-түлікті тұтыну мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мөлшері артып, әлемде агроөндірісті жүргізу үлгісі өзгеріске ұшырады. Соған байланысты ғалымдар ауыл шаруашылығы өндірушілерін азық-түлік дағдарысынан шығудың жаңа балама жолдарын іздеуге итермелеп отыр.
28 Қараша, 2024
Елордада болашақ мектеп басшылары анықталды. Бұл «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының нәтижесі бойынша белгілі болды. Ақтық кезеңнен сүрінбегендер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесіп, «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты берілгенін айғақтайтын сертификат иеленді. Мұндай мүмкіндік қатысушыларға мектеп директоры қызметіне конкурссыз қабылдануына жағдай жасайды.
28 Қараша, 2024