Редакция таңдауы
Елімізде ішімдікке тәуелді 100-ден астам бала есепте тұр
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазан айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 90 981 адам ішімдікке тәуелді ретінде есепте тұрса, оның 100-ден астамы - балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2024
Павлодарда орташа жалақы 14 пайызға өсті
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде жалақы өсіп, жұмыссыздық деңгейі төмен күйінде қалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2024
Қазақстанда 900-ден аса запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Қазақстанда екі жыл мерзімге әскери борышын өтеуге запастағы офицерлер шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2024
Қазақстан құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды
Грекияда дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Патриарх Кириллді Астанаға шақырды
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясына сапары аясында Мәскеуде Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті. Іс-шара барысында Палата Спикері оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне шақыруды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2024
Оқушы қыз бен анасын өлтірген экс-мұғалімнің ісін алқабилер қарайды
Оқушы қыз бен оның анасын айуандықпен өлтірген экс-мұғалімнің соты қалай өтетіні белгілі болды. Түркістан облыстық соты іс ашық өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2024
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Белгілі әуесқой велошабандоз Ернат Рахметолла аты аңызға айналған таеквондошы Мұстафа Өзтүріктің туғанына 70 жыл толуына орай велошеру өткізді. Велошерудің мақсаты - дара тұлға Мұстафа Кәбенұлы Өзтүрікті еске алу, рухына тағзым ету, өнегелі өмірі мен еңбегін дәріптеуге үлес қосу.
23 Қараша, 2024
1972 жылы 26 тамыз – 11 қыркүйек аралығында Мюнхен қаласында ХХ Олимпиа ойындары өтті. Аталған дүбірлі дода КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толған даталы мерекемен орайлас келгендіктен, кеңес елінің спортшылары олимпиадаға «қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» дайындалды. Нәтиже жаман емес, одақ құрамасы 52 алтын, 27 күміс, 23 қола медальға қол жеткізіп, 57 мемлекет арасынан жалпыкомандалық бас бәйгені жеңіп алды.
23 Қараша, 2024
Мәслихаттың маңызы артып, пәрмені күшейеді
Мемлекеттік биліктің халық сайлаған маңызды тармағы мәслихаттардың пәрменділігі мен ықпалдылығын арттыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 3 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөйлеген сөзінде жергілікті өкілді билік халық сеніміне сай болуы үшін мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін көтеруге және жергілікті экономикалық саясатқа ықпалын күшейтуге айрықша мән беру қажеттігін айтты.
23 Қараша, 2024
Табиғатты бағалаудың тартымды бағыты
БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) экотуризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
23 Қараша, 2024
Таудағы сейіл: қауіпсіздік қашанда маңызды
Қарашаның соңғы күндерінде «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында қысқы маусым ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын қарсы алатын демалыс орнында қадағалануға тиіс басты талап – қауіпсіздік. Тауда сейіл құрып, серуендеу қаншалықты жанға жайлы болғанымен қатері де қатар жүретінін ұмытпаған абзал.
23 Қараша, 2024
Елімізде қыстың қыраулы, қытымыр күндерінде де демалысты мазмұнды, көңілді өткізуге мүмкіндік мол. Қанша дегенмен Арқада жаздан гөрі қысқы туризм уақыты ұзағырақ. Қазір елде экотуризм мәдениеті біршама артып, табиғат аясында тынығатындар қатары көбейіп келеді. Мұндайда Астана тұрғындары мен қонақтарының Алатау мен Алтайға шығандамай-ақ осы төңіректе шаңғы теуіп, шанамен сырғанап, сергіп, серпіліп қайтуына болады.
23 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Ең көне көпір
Грекиядағы Аркадико көпірі – әлемдегі ең көне көпірлердің бірі. Тарихшылардың пайымдауынша, оның 3300 жылдық тарихы бар.
23 Қараша, 2024
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны барысында депутаттар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселесін қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2024
Қостанай тұрғындары жылусыз қалды
Қаланың жер асты жылу желісінде апат болған. Салдарынан 8 тұрғын үй, мектеп және спорт залы жылусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2024
Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Көлік, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қараша, 2024
Ел азаматтары Жаңа жылда неше күн демалады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2024
G20: Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянс құрылады
Рио-де-Жанейрода «үлкен жиырмалық» (G20) елдерінің саммиті аяқталды. Оған қатысушылар әлемдегі аштыққа қарсы Альянс құрып, қорытынды коммюникеде Украина мен Таяу Шығыстағы бейбітшілікке шақырды.
22 Қараша, 2024
Болашағы жоқ ауылдар... Елімізде жыл сайын ондаған елді мекен жабылады
Тәуелсіздіктің қиын жылдарында ауылдардың күйі кетіп, қалаға жаппай көшу басталды. Мал санымен қоса адам саны да азайып, тіпті кейбір елді мекендерде бір-екі үй ғана қалды. Ел ішін жұмыссыздық жайлады, еңбеккерлер көк темірді құшақтап, жүген ұстап қалды. Бар мүлік-мүкәмал талан-таражға түсті. Алмағайып кезеңде әркім өз басын күйттеп, қозғалысы көп жерлерге үдере көшті. Кейінде заман өзгерді, ауылдарға жан кірді. Қазір де көптеп көңіл бөлініп жатыр. Соған қарамастан жыл сайын жабылып жатқан ауылдардың саны азаймай отырғаны алаңдатады.
22 Қараша, 2024
Бас прокуратура Оқу-ағарту министрлігінен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы негізінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау тетіктерін және тәрбие жұмысын күшейту бойынша шаралар қабылдауды талап етті.
22 Қараша, 2024