Редакция таңдауы
Өңірдің ауызсу мәселесі толық шешіледі
Ауылдағы ағайынға ең қажеті – жол мен су. Егер осы негізгі деген екі мәселе оң шешім тапса, онда ауылдың ажары артады, тіршілігі түзеледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету туралы Үкіметтің алдына міндет қойды. Президент пәрменінен соң Қарағанды облысында аңқасы кепкен ауыл саны азайып келеді. Бұған дейін бірнеше ауылдағы ел-жұрт қыр асып, құдыққа қауға салып, пәленбай шақырымнан су тасып келді. Енді олар алыстан арбамен су тасымайды, үйінің іргесіндегі сапалы суды тұтынады.
21 Қараша, 2024
Елорда Шерхан Мұртаза даңғылымен асқақтауға лайық
Таяуда түсіме Шерағаң кірді. Мен қазір Астанадағы «Самал» шағын ауданында тұрамын. Түсімде сыртқа шығып, әдеттегідей үйіміздің жанында тұр екенмін деймін. Кенет дәл алдыма есік пен төрдей, жарқыраған ақ машина келіп тұра қалды. Машинаның ішінен Шерағаның жүзі көрініп, «Әй, Болат, бері жақында, отыр менің қасыма» деген даусы анық естілді. Қолма-қол шұғыл қимылдап Шерағаңның жанына барып отырдым.
21 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министрі екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
21 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапары аясында Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді. Кездесу достық рәуіште өтті. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары екенін көрсетеді.
21 Қараша, 2024
Риддер қаласының тұрғындары Қазақстан халқына үндеу жолдады
Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Президентіне биыл жылу үзіліссіз беріліп, үйлердің қайта жылығаны үшін ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2024
Алматы қаласының атауы біздің ана тілімізде әуезді естіледі - Тамаш Шуйок
Түскі ас форматында өткен кездесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қараша, 2024
Ғылыми зерттеулерді қолданудың нәтижесін көруіміз керек - Олжас Бектенов
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекші ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ірі өнеркәсіптік өндірістер мен салалық министрліктер басшылығының қатысуымен жаңартылған құрамда Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қараша, 2024
Республика күні омырауына орден-медаль таққан танысыммен кездесіп қалғанымда: «Алғаш алған марапатыңыз қайсысы?» деп сұрағаным бар. Сонда ол: «Мектептің бірінші сыныбына барып, алғашқы тоқсанды кілең үздік бағамен аяқтадым. Жаңа жылдық шыршада Аяз ата маған озат оқушы ретінде әдемі қолшам сыйлап, «Білім – жарық, ал надандық – қараңғылық. Білімді бол!» деп бата берді. Басқа марапаттарыма жол ашып берген алғашқысы да сол еді», деді.
20 Қараша, 2024
Мемлекеттен денсаулық сақтау саласына қаражат аз бөлінбейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі сол қаржының көлемі еселенді. Небір емі күрделі ауруларға жоғары технологиялық операция жасалды. Медициналық ұйымдар құрал-жабдықтармен толығып жатыр. Әйтсе де, салада ел күткен ілгерілеу байқалмайтындай. Себебі МӘМС-ке жарнасын аударып отырған тұрғындар емханаға барса, кезек көп, қызмет сапасы көңілден шықпайды. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Жолдауды еске салып, аталған саладағы бірнеше кемшілікті атаған еді.
20 Қараша, 2024
Сурет өнері көне шаһарды қалай жаңғырта алады? Бала кезімде кітаптан көріп, маған әсер еткен бір сурет болды. Карл Брюлловтың атақты «Помпейдің соңғы күні» картинасы. Кейін Санкт-Петербордағы мемлекеттік орыс мұражайынан тамашаладым. Ал бірнеше жыл бұрын Италиядағы Помпей археологиялық кешенінде болып, ерекше күйде оралдым.
20 Қараша, 2024
Қазақ-орыс әдеби байланысы кешегі кеңес кезінде қарқынды дамып, екі ел қаламгерлерінің шығармалары оқтын-оқтын аударылып, сан мың данамен таралғаны мәлім. Сонау жылдардан бастау алған рухани бекем бірлестік қазіргі таңда да дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Мәселен, Қазақ ПЕН клубының орыс әдебиетшілерімен жасап жатқан ортақ жобаларын айрықша атап өткеніміз абзал.
20 Қараша, 2024
Бізге Батыс әлемін зерттеу орталығы керек
Бүгінгідей жаһандану заманында мемлекеттер арасында мәдениетаралық диалог пен тарихи зерттеулердің маңызы арта түсті. Орталық Азия, соның ішінде Қазақ даласы, ғасырлар бойы көптеген Батыс әлемінің саяхатшылары мен ғалымдарының назарын аударғаны рас. Олар Орталық Азияға сапар шегіп, осы өңір туралы құнды деректер қалдырды. Жазған еңбектері біз үшін тарихи маңызды ақпарат көзі болып қана қоймай, кей ақтаңдақтарды ашуға сеп болмақ. Бірақ бұл деректер әлі толық зерттелмей, жүйеленбей отыр. Батыс әлемінің Орталық Азияға қызығушылығы өткен ғасырда, бүгін де, болашақта да маңызды бола бермек.
20 Қараша, 2024
Танымал спортшы, Қазақстанда таеквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрік ұлтжанды, дарынды және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын біртуар азамат еді. Ол 1954 жылы қараша айының 24-і күні Түркияның Кайсери қаласына қарасты Мұсаходжалы атты шағын ауылда дүние есігін ашты. Биыл арыс азаматтың туғанына 70 жыл толды. «Көзден кетсе, көңілден болады өзге» деп бұрынғылар айтпақшы, таеквондо тарланы ескерусіз қалмасын деген ниетпен мақала жазып отырмыз.
20 Қараша, 2024
Қазақ әдебиетінің классигі, сан қырлы талант иесі Бейімбет Майлиннің шығармашылық қызметінің журналистік қырына тоқталуды жөн көрдік. Ол бар саналы ғұмырын баспасөзге арнады. Бұл саладағы алғашқы қадамын болашақ жазушы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып жүргенде-ақ «Садақ» атты қолжазба журнал шығаруға атсалысқаны көзіқарақты оқырманға мәлім. Бейімбет оның әрі редакторы, әрі тұрақты авторы ретінде танылды.
20 Қараша, 2024
Білім сапасын көтереміз десек...
Өзім зейнеттегі кәсіби педагог болғандықтан, бір құлағым білім саласына түрулі жүреді. Әсіресе әр жылдағы ҰБТ-ның көрсеткішін көріп, білім саласындағы өзгерістерге қатты алаңдаймын. Жалпақ әлемді құрсаған пандемияның да мектептегі оқу үдерісіне кері әсерін тигізгенін білеміз.
20 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Ана махаббаты
Махаббат – бәрін өзгерте алатын құдіретті сезім. Оған дәлел болатын тағдырлар да бар.
20 Қараша, 2024
Сербияның екі азаматы «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградқа ресми сапары аясында Сербия азаматтары Лазар Коич пен Драгомир Каричті марапаттау рәсімі өтті. Олар Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл жоғары марапаттарды Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
19 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесін аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2024
Бірыңғай уақыт белдеуі өмірдің табиғи ырғағына оралуға мүмкіндік берді — сарапшы
«Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне қатысты пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2024