Редакция таңдауы
Коронавирусқа қарсы іс-шаралар қабылданды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Қытайда коронавирус індетінің таралуына байланысты дер кезінде алдын алу шараларын қабылдады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі: №103/104 «Үрімші – Алматы-2» және №13-54/14-53 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімші» жолаушылар пойызы қатынайды.
03 Ақпан, 2020
Кәсіпқой бокста бәсіміз неге төмен?
Бүгінде әуесқой боксқа қарағанда кәсіпқой бокстың дәурені жүріп тұр. Өз елінде нәтиже көрсете алмай, жолы болмаған боксшылар бағын әрісі АҚШ-тан, берісі Еуропадан іздеп жүр. Әрине, кәсіпқой бокс – бір жағынан табыс табу үшін бизнес көзі, өзінің мықтылығын дәлелдейтін алаң.
03 Ақпан, 2020
Бір тау бар Азат деген айтары көп
Азат тауы Көкшетау қаласының күншығыс жақ беткейінде. Қазіргі жүйрік көліктің жайымен есеп құрсаңыз, атшаптырым жер ғана. Іргесінде Азат станциясы бар. Есте жоқ ескі кезеңде бұл өңірде Жалғызқарағай, Былқылдақ, Өзенқарағай атты ауылдар болған деседі. Ақ қашып, қызыл қуған үркіншілік жылдары бас сауғалап, үдере көшкен. Кейін ел қайта оралып орныққанда, Жалғызқарағай Алексеевка аталған.
03 Ақпан, 2020
Мыңбұлақ ежелгі жазба деректерде кездесетін әйгілі мекен. Тарихи деректерге жүгінсек, Мыңбұлақ туралы алғаш рет қытай жиһанкезі Сюань-Цзянның 630 жылы жазылған сапарнамасында кездеседі. Бұдан кейін Мыңбұлақ жайында атақты араб жиһанкездері Убайдаллаһ ибн Хордадбек және Құдама ибн Жафар жазады. Олардың күнделіктеріндегі «Бұл Абарджадж үлкен төбе, оның айналасында мыңдаған бұлақ көздері бар. Олар қосылып бір өзенді құрайды. Өзен шығысқа қарай ағады, оның аты Баркуаб. Бұл сөздің аудармасы «кері бағытта ағатын өзен», деген деректер де Мыңбұлақ мекенінің көне замандардан келе жатқанын аңғартады.
03 Ақпан, 2020
Электронды кілтті пайдалана білеміз бе?
28 қаңтар – халықаралық дербес деректерді қорғау күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева ЭЦҚ кілтті дұрыс пайдалану және оны сақтау жолдары жөніндегі кеңестерімен бөлісті.
03 Ақпан, 2020
Күрделі жөндеуге 30 миллиард теңге бөлінді
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтті.
03 Ақпан, 2020
Журналистердің ұстазына арналды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор, журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, халықаралық ORBICOM ұйымының мүшесі, UNESCO профессоры, теоретик-ғалым, публицист Намазалы Омашұлының 70 жасқа толуына арналған «Еліміздің медиа кеңістігі: ізденістер мен жобалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
03 Ақпан, 2020
Е. Біртанов коронавирустың зертханалық диагностикасы қалай жүретінін түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа зертханалық диагностика қалай жасалатынын түсіндірді.
02 Ақпан, 2020
Қазақстан Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысты
Қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің өкілдері (KZ-CERT) Тель-Авивтегі киберқауіпсіздік саласындағы технологияларды дамытудың өзекті мәселелеріне арналған CYBERTECH 2020 халықаралық конференциясына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
02 Ақпан, 2020
Қазақстанмен әріптестігімізді нығайтуға үміттенеміз - Майк Помпео
Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен болған кездесуде айтты.
02 Ақпан, 2020
М. Тілеуберді: Қазақстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестік мәртебесіне ие
Бұл туралы Сыртқы істер министрі АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесуде айтты.
02 Ақпан, 2020
Сыртқы істер министрлігінде АҚШ Мемлекеттік хатшысымен келіссөздер басталды
Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Twitter парақшасында жариялады.
02 Ақпан, 2020
Майк Помпео Қазақстан басшылығымен келіссөздерді асыға күтетінін жеткізді
Бұл туралы кеше Қазақстанға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
02 Ақпан, 2020
Әлеуметтік әлеует жайы айтылды
Ақтауда барлығы 81 балабақша жұмыс жасайды. Онда 14 663 бала тәрбиеленуде. Өткен жылы қалада 5 балабақша ашылса, осы жылы салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан барлығы 475 орындық 6 және 14 ш/а бұрынғы балалар интернатының ғимаратына 280 орындық балабақша ашу жоспарлануда. Биыл 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 100%-ға жетті.
02 Ақпан, 2020
Ақтауда қалаішілік жаңа жолдар қарқынды салынуда
Ақтау қаласында өткен жылы 520 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беру жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша 611,1 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 4 100 пәтер қолданысқа берілді. Сонымен қатар қалаға қарасты, өткен жылы Приозерный-1 ауылы су және ішкі жолдардың құрылысы толық аяқталды. Жаңадан «Рауан» ауылы су, электр желісі және ішкі жолдарының құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек қала әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жолдарға тоқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
02 Ақпан, 2020
Ақтауда құрылыс 6,3 пайызға өскен
Есеп беру кездесуде Ақтау қаласының әкімі әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
02 Ақпан, 2020
Биыл Ақтауда 3 жоба іске қосылып, 295 жұмыс орны ашылады
2019 жылы Өнеркәсіп кәсіпорындары 205,9 млрд теңге құрайтын өнім өндірген. Ол 2018 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артық. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдерден 393,3 млрд теңге түсіп, 15,2 пайызға өсті.
02 Ақпан, 2020
Елордада 5 000-нан астам тұрғын қар жинауға шықты
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, студенттер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпорындар мен ПИК қызметкерлері қысқы сенбілікке қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
01 Ақпан, 2020
БҰҰ 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері талқыланды
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі арнайы кеңесші Фабрицио Хохшильдпен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
01 Ақпан, 2020
БҚО-да майдан батырларына құрмет көрсету акциясы басталды
Батыс Қазақстан облысында 1 ақпанда «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз!» акциясы басталды. Акцияның мәнісі – 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай майдан батырларына, соғыс құрбандарына құрмет көрсету.
01 Ақпан, 2020