Редакция таңдауы
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің түйткілдері
Өткен жылы денсаулық сақтау саласында көптеген өзгеріс болды. Денсаулық сақтау кодексіне ұсынылып отырған түзетулер мен өзгерістер халық арасында пікірталасқа ұласты. Осы орайда Алматыға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келіп, БАҚ өкілдерімен бейресми жағдайда кездесіп, медицина саласында қордаланған мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаған еді.
07 Ақпан, 2020
Төрткүл дүниеде кеңінен аталып өтіп жатқан ұлы Абайдың 175 жылдық тойы Еуропа төрінде, соның ішінде Польшада да елеусіз қалмады. Осынау айтулы шараның өтуіне отандық ғылым-білім кеңістігіндегі шоқтығы биік Қазақ ұлттық университетінің бір топ ұстаздары мен шәкірттері мұрындық болды.
07 Ақпан, 2020
Абай қазақтың қай кезде де рухын көтеріп, ұлылығымен дәнекер болып келеді. Биыл да қазақты қанаттандырып, қабырғалы ел екенімізді көрсетіп отыр.
07 Ақпан, 2020
Айдарлының айдағаны бес ешкі емес
Облыс орталығынан шалғайда жатқан Мойынқұм ауданының «Айдарлы» кеңшары кешегі Кеңес одағы кезінде 30 мыңнан аса қой-ешкі, 1 мың басқа жуық мүйізді қара өсіріп, 3 мың гектардан аса жерге жүгері, арпа өсірген іргелі шаруашылық болатын. Алайда кейін шаруашылық тарап, нарық қыспағы бұл ауылды да айналып өтпеді. Сол жылдарда каналдарды қайыр басып, егістікке су келмегеніне 20 жылдан асты.
07 Ақпан, 2020
«Балам, кешір, жалғыз жол осы болды»
Сонау 80-жылдардың аяғы кезінде Ресеймен екі ортадағы шекара жоқ уақытта сол жақтағы ағайындарға жиі барушы едік. Саратов облысының Красный Кут ауданы Комсомол селосында қандастарымыз көп болатын. Олар бір-бірімен жақын туыстай араласып кеткен. Ағайындармен дастарқан басында болғанда селода дядя Максим атанып кеткен (дұрыс есімі Мақұлбек), сол кезде жасы 70-ке таянып қалған ағамен жиі кездесіп қалатын едік. Ағаның оң қолының үш саусағы жоқ болатын.
07 Ақпан, 2020
Берік Жүсіпов: Мен табиғатымды өзгертуге құштар жан емеспін
– Осыдан отыз жылдай уақыт бұрын «Жас алаш» газеті консерваторияның бір студентінің алғашқы кітабы шыққаны жөнінде жазды. Оңы мен солын айыра қоймаған студент түгілі кәнігі қаламгердің жинағы әзер жарық көретін заманда бұл үлкен жаңалық болған еді. Сол бала қазір жігіт ағасына айналып, міне, менің алдымда отыр. Бүгінгі көзбен қарағанда «Мырзастағы жыр мектебі» деп аталатын сол тырнақалды туындыңызға қандай баға берер едіңіз?
07 Ақпан, 2020
Алматыда Абай ескерткіші орнатылды
Қаланың айшықты жерінен орын алған хакімнің тағы да бір мүсіні Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды.
06 Ақпан, 2020
Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 3 адам қаза болып, 179 адам жараланды
Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Ыстанбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде қаза тапқандар саны үш адамға жетіп, 170-тен астам жолаушы зардап шекті.
06 Ақпан, 2020
Карантин біткенше кездесуге болмайды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясының жағдайы туралы ресми мәлімдеме жасады.
06 Ақпан, 2020
Сахна қараңғылығын төбеден себезгілей құйылған жарық сейілтті. Ақын өлеңдерін кезектесе оқып ортаға шыққан актерлер көрерменін ә дегеннен өзіне елітіп ала жөнелді. Себебі залдағы әр адамға бұл шумақтар әрі аса таныс, әрі сондай жақын еді...
06 Ақпан, 2020
«Мен қазақпын» деп өткен Жұбан ақын
Биыл қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл. Осы атаулы датаға орай ақынның туған жері – Батыс Қазақстан облысында кешенді шаралар басталып та кетті.
06 Ақпан, 2020
Іскерлік байланысты арттыруға септеседі
Павлодар өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің мәліметінше, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалар экономиканың маңызды салаларында қызмет ететін кәсіпкерлерді оқытып, білімі мен біліктілігін арттыруға бағытталған.
06 Ақпан, 2020
Алда тұрған және атқарылған жұмыстар сараланды
Еліміздің Жоғарғы соты 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша республика соттарымен кеңейтілген кеңес өткізді. Онда атқарылған жұмыс, жүзеге асырылған бастамалар, келелі өзгерістерге негізделген іс-шаралар туралы айтылды.
06 Ақпан, 2020
Аудан тұрғындарына тегін құқықтық кеңес көрсетіледі
Өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға тегін құқықтық кеңес беруге бағытталған «Qorgau» акциясы биыл да жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде болған брифингте жоба жетекшісі, «Eurasian Expert Council» қорының президенті Шыңғыс Лепсібаев мәлімдеді.
06 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жол ережесін көзге ілмейтін «жүгермек» жүргізушілердің рейтингін жариялады. Мәлім болғандай, жол ережесін ең көп бұзғандардың көшін шетелдік есепте тұрған көлік құралдарының иелері бастап тұр.
06 Ақпан, 2020
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаңа сапалы кезеңге шықты
Ақордада Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, атқарылған жұмыстың есебі тыңдалды.
06 Ақпан, 2020
2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы шет елдердегі қандас бауырларымызды мың-мыңдап елге көшіріп әкелуге мүмкіндік беретін, сол арқылы қазіргі ел көшіп, қаңырап қалған ауылдарды жанға, қыстаулар мен жайлауды малға, мектептерді балаға толтырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік беретін оңтайлы мемлекеттік шара болатын. Алайда жергілікті билік көштің басын ауылға бұрудың орнына, қандастарымызды онсыз да халқы көп, жұмыссыздары да жетерлік қалалар мен облыс орталықтарының жанына орналастыра бастады.
06 Ақпан, 2020
Бүгінде қоғамға табысты идеяларды қалыптастыра алатын, креативті ойлайтын жастар керек. Бұл орайда Тараз қаласында тұратын талантты жас ғалым Исаак Мустопуло өзінің қарым-қабілетімен ерекше дараланып көрінеді.
06 Ақпан, 2020
Рахман Иеміздің өмірімізге нәсіп еткен барша нығметтерін бағалап, оны сақтап, қызғыштай қору әр мұсылман баласының ұлы міндеті. Оның жекеге немесе қоғамға тиесілі болса да, құндылығы бірдей.
06 Ақпан, 2020