Редакция таңдауы
Қызылорда: Біткен іс пен күткен іс
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһар тұрғындары алдында қорытынды есеп берді. А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен кездесуге облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты.
08 Ақпан, 2020
ҚМДБ: Тыныштық - аса маңызды құндылық
Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.
08 Ақпан, 2020
Алматы: Әуежай мен ауруханаларды коронавирусқа қарсы тексерді
Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді.
08 Ақпан, 2020
Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Премьер-Министр Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды.
08 Ақпан, 2020
Жалпыұлттық экспедиция «Тұңғыш Президент жолымен» жүріп өтеді
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Мерейтойлық шара аясында «Тұңғыш Президент жолымен» атты экспедиция бастау алды. Еліміздің өңірлерін қамтитын жалпыхалықтық акцияның тұсауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жерінде кесілді. Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде ұйымдастырылған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев пен Алматы облысының əкімі Амандық Баталов бастаған ел ағалары қатысты.
08 Ақпан, 2020
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 8-10 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК мамандары.
08 Ақпан, 2020
Болашақ тілшілер «Егеменнің» журналистерімен жүздесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің бір топ шәкірттері «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесіне барып, арнайы тағылымдамадан өтті. Бұл игі шара оқу ордасы мен бас басылым арасындағы меморандум аясында жүзеге асып отыр.
07 Ақпан, 2020
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау (ЖҰЖ) мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқылауына шығарылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамды даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды.
07 Ақпан, 2020
OneWeb спутниктері бар «Союз 2.1б» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 03:42-де Байқоңыр ғарыш айлағының «Союз» ЗТ старттық кешеніндегі 31-ші алаңнан OneWeb ғарыш аппараттары «Союз 2.1б» зымыран тасығышымен сәтті ұшырылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Асқар Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырма берді
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қызметтің басым бағыттарын іске асыру мәселелері жөнінде Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Абай ауданында бүркітшілер сайысы басталды
Бүгін Абай ауданы, Қарауыл ауылында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты республикалық бүркітшілер сайысы басталды.
07 Ақпан, 2020
Қазақтілді медиа үшін жарнама тарту мәселесі өзекті - АҚШ елшісі
Елордада жыл сайын өтетін Qazforum 2020 қазақ тілді онлайн контент жасаушылар форумы басталды. Медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлердің басын қосатын алаңда қазақ тілді контентті дамыту мәселелерімен қатар, медиа нарықтағы жаңа трендтер мен таяу келешекке жасалған болжамдар талқыға түседі.
07 Ақпан, 2020
6 ақпан күні Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған бес басылымның тұсаукесері өтті.
07 Ақпан, 2020
Жамбыл облысы өткен жылы өзінің 80 жылдық торқалы тойын атап өтті. Осы мерейтойға орайластырылып киелі Жамбыл жерінде бірқатар жаңа нысан бой көтерді. Солардың бірі әрі бірегейі «Шахристан» этно-кешені жуықта пайдалануға беріліп, мұндағы «Көркемдік бейнелеу өнері» галереясы, «Руханият» орталығы, облыстық өлкетану мұражайы, сағат стеллалары алыстан менмұндалап, көпшіліктің сүйікті мәдени демалыс орнына айналып отыр.
07 Ақпан, 2020
Өмірдің мәні – өткенді бағалауда
Тарихи оқиғаларды танып-білуде, болашақты айқындап, өткеніміздің шынайы болмысына баға беруде архив ісінің атқарар рөлі орасан зор. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жетi қыры» бағдарламалары аясында ел аймақтарынан архивтiк құжаттарды толықтыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар және саладағы басқа да өзекті мәселелер туралы Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің директоры Мейрам БЕКТЕМБАЕВ баяндайды.
07 Ақпан, 2020
Басты құндылықтар қамтылған бағдарлама
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының нәтижесіне арналды.
07 Ақпан, 2020
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко Еуропа кубогының жалпы есебінде көш бастап келеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
07 Ақпан, 2020
Ақ ешкі сүті ана сүтімен пара-пар
Түркістандағы Ә.Қарабаев көшесіндегі 63-үйде тұратын Омар Мұсабековтің тұрмысы төмен отбасына қала әкімдігі «Менің кәсібім» жобасы аясында Занин деп аталатын швейцариялық асыл тұқымды екі ешкі берді.
07 Ақпан, 2020