Редакция таңдауы
Үкімет комиссиясы Қордайдағы оқиға салдарынан қаза тапқан Д.Әбдірахымның отбасына барды
Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
10 Ақпан, 2020
Оскар 2020: Шет тілдегі фильм тұңғыш рет үздік атанды
Оскар кешінің ең басты жүлдесі «Үздік фильм» номинациясын тұңғыш рет шет тілдегі туынды жеңіп алды. Оңтүстік кореялық «Паразит» фильмінің шығармашылық тобы үшін бүгінгі кеш ерекше болғаны анық. Бұдан өзге фильм тағы 3 жүлдеге ие болды.
10 Ақпан, 2020
Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті
Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
10 Ақпан, 2020
Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту – ел игілігін еселеу
Ауыл – біз үшін алтын бесік! Қаншама жыл, қаншама ғасыр өтсе де, бұл қағида ешқашан өзгермейді. Халқымыз үшін ұлттық құндылықтардың алтын тамыры іспетті болған ауыл береке мен байлықтың, ырыстың да бастауы еді. Сондықтан ауылды көркейту, ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселесі сөз болғанда елең ете түспейтін адам жоқ. Өйткені әрқайсымыздың көңіл түкпірімізде бір кездері шаруашылығы қыз-қыз қайнаған ауылдың тірлігі қайта оралса деген арман жатқаны анық қой...
10 Ақпан, 2020
2020 жылдың 15 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның жекелеген аумақтарында тірек бекеттерін орналастыру туралы шешім қабылдады. Тірек бекеттеріне қарауылдық иттерді қолдану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңымен және мекемелік бұйрықтармен негізделген.
10 Ақпан, 2020
Қазақ тіліндегі медиа мәселесі талқыланды
Дәстүрлі қазақ тілінде онлайн контент жасаушылар форумы – медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен блогерлерді елордада бір алаңға жинады. Шара биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
10 Ақпан, 2020
Қазақ тілінде оқымаса, не үшін мектеп салдық?!
Былтыр аудан орталығы Тереңкөлде қазақ тілінде білім беретін мектеп бола тұра, қазақтың 52 баласы орыс мектебінің бірінші сыныбына барған. Облыс орталығының іргесіндегі Кенжекөл ауылында жарқыраған қазақ мектебі салынды. Бірақ ауыл балаларының тең жартысы орыс мектебінде білім алуда.
10 Ақпан, 2020
Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтық азаймай тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап бара жатқанын жеткізген еді. Әрі осы бір түйткілдің негізгі түйіні ретінде ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығын атап өткен-ді. Бірақ кедергі кадрда ғана ма? Мықты мамандардың кәсібилігі мен біліктілігі барлық бөгетті бұзып-жаруға жарай ма? Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы қалай, қайткенде жойылмақ?
10 Ақпан, 2020
Мен елімізде университет кампусын салған заманауи жоғары оқу орындарының іргетасын қалап, жоғары білім беру мен ғылымды ұйымдастырудың негізін салуда зор еңбек сіңірген, аты аңызға айналған екі ректорды білемін.
10 Ақпан, 2020
Кеншілер астанасындағы мектептердің бірінің қарапайым мұғалімі Дулат Ақылтаев ақылды машиналарға арналған «Қыз қуу» және «Теңге алу» ойындарын жасап шығарды.
10 Ақпан, 2020
Қоғам келбетін көрсеткен кейіпкерлер
Әбдіжәмил Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы өткен ғасыр басындағы қазақ даласындағы саяси жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді, адамдар арасындағы қарым-қатынасты үлкен толғаныспен кең ауқымда өрген ірі шығарма. Бұл шығармасы үшін жазушы Кеңестер одағының Мемлекеттік сыйлығын алды.
10 Ақпан, 2020
Індет басталмай жатып жаңа вирус қаупі барын хабарлаған қытайлық офтальмолог Ли Вэньлян коронавирустен қайтыс болды. Ухань дәрігерлері әріптестерінің өмірі үшін күрескенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Осымен 600-ден астам адамның өмірін қиған вирусқа ем әлі табылмай отыр.
10 Ақпан, 2020
Жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды
7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жағдайдан кейін ел арасында түрлі әңгімелер көбейіп, әлеуметтік желі, ұялы телефондар арқылы адам жүрегін шошытатын видеолар тарай бастағаны белгілі. Осыған байланысты сенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев жұртты сабырға шақырып, Қордай ауданындағы жағдай жайында нақты мәліметтер берді.
10 Ақпан, 2020
Әзербайжанда Парламент сайлауында дауыс беру аяқталды
Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де Әзербайжанда Парламент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09 Ақпан, 2020
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
Құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА өкілдері кірген Үкімет комиссиясының басшысы Сортөбе және Масанчи ауылдарында болды, қаза тапқандардың отбасыларына барып көңіл айтты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
09 Ақпан, 2020
Бұзылған барлық үй қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
Өткен түнде Жамбыл облысының Қордай ауданында құқықтық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тұрақталды, ауылдықтардың өмірі қалыпты арнасына түсуде. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
09 Ақпан, 2020
Ұлттық идеяның жүгін арқалайды
Барша адамзат баласының арғы-бергі тарихына үңілсек қазіргі кезде жеті миллиардтан едәуір мөлшерде асып бара жатқан әлем халықтарының арасынан тек 400-ге жуығы ғана данышпан атана алғаны жөніндегі деректерге тап боламыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайды да төрткүл дүниедегі азын-аулақ данышпандарының қатарына қоссақ, қателеспейтін шығармыз. Оның ұлылығы мен кеменгерлігінің басты белгісі – қай кезде де, қандай дәуірде де өлмейтін, өшпейтін және мәні мен маңызын жоғалтпайтын туындылар туғыза білгенінде.
09 Ақпан, 2020
Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қордай ауданының аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Ақпан, 2020
Қордай: Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында Қордайдағы қантөгіске кінәлілер жазаланатынын және зардап шеккендерге мемлекет қолдау көрсететінін мәлімдеді.
09 Ақпан, 2020
Ағылшын тілінде Жошы ұлысы туралы монография жарық көрді
Жошы Ұлысы мен мұрагерлері және сол кезеңдегі көршілес елдер тарихы туралы ағылшын тілінде алғашқы ғылыми монография жарық көрді.
08 Ақпан, 2020