Редакция таңдауы
Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету қажет
Түркістанда Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы өтті. Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз етуді мақсат еткен отырысқа облыстың, Шымкент қаласының, сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда облыстарының заң және құқық қорғау саласы қызметкерлері қатысты.
11 Желтоқсан, 2019
Жас мұнайшыларға жақсы мүмкіндік
Виртуалды жаттығу бөлмесі демесеңіз, кәдімгі кен орнында жүргендей әсерде қаласыз. Әсіресе су астында дәнекерлеу тәсілін көзбен көріп қана қоймай, қолмен істеп көру студенттерге қызық. Қашаған жобасында қолданылатын бұл әдісті бұған дейін шетелдік мамандар ғана жасайтын. Енді Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде білім алатын жастар заманауи игіліктерді қалай қолдану керектігін алысқа бармай-ақ үйрене алады. Бұл мүмкіндікті университет жанынан ашылған Нұрлан Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығы беріп отыр. Жоғары оқу орнына жаңа нысанды мемлекет қайраткерінің отбасы сыйлады.
11 Желтоқсан, 2019
Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап және ғылыми кітапханада көпжылдан бері жарасымды дәстүрлер қалыптасқан. Оқырмандардың құнды және көне кітаптарды тапсыруы дәстүрге айналып қана қоймай, кітапхана сөресін байыта түсетін. Бірақ бұл жолы білім отауының есігін ашқан Гүләмір Сәнтемірованың жасаған қадамы тым ерекше әрі таңғаларлық еді.
11 Желтоқсан, 2019
Түркістан адалдық мекеніне айналады
Түркістанның рухани негіздерін ескере отырып, қоғам арасында адалдық және парасаттылық құндылықтарының негіздерін насихаттау мақсатында бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен бірқатар тың идеялар қолға алынды. Соның бірі ретінде «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай Түркістанда алғаш рет халықаралық деңгейде өткен форумды атар едік.
11 Желтоқсан, 2019
Сармат көсемі Санкт-Петербургке «сапарлады»
Атыраудағы Аралтөбе қорғанынан Алтын адам табылғанына биыл – 20 жыл. Сармат көсемі – екінші Алтын адам Ә.Марғұлан атындағы археология институтының жетекшісі Зейнолла Самашев бастаған экспедицияның қазба жұмыстары кезінде топырақ астынан аршылып алынған еді.
11 Желтоқсан, 2019
Биыл Алаштың ардақтысы, көрнекті қайраткер Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл. Қараорман қазаққа ортақ тұлғаның Әулиеата өңірінде де ізінің қалғаны тарихтан белгілі.
11 Желтоқсан, 2019
Зорлық-зомбылыққа қатысты заңдар күшейеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» деген болатын.
11 Желтоқсан, 2019
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
10 Желтоқсан, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.
10 Желтоқсан, 2019
Ұлттық спорт үздіктері анықталды
Ел кіндігі елордада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен биылғы атқарылған жұмыстар нәтижесі қорытындыланып, келер жылдың жоспарын нақтылауға арналған алқа мәжілісі өтті. Жиынға Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, облыстардағы ұлттық спорт мектептері мен клуб басшылары, федерация төрағалары һәм жаттықтырушы-төрешілер қатысты.
10 Желтоқсан, 2019
Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?
Мемлекеттік жастар саясатының мақсатты негізде жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жастар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетті қалпын айғақтайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студенттердің тұрмыстық ахуалын жақсартуды меже тұтқаны және соған орай іске асырылып жатқан тындырымды шаралар осы тұжырымның жарқын мысалы.
10 Желтоқсан, 2019
Армениямен ынтымақтастық дамиды
Парламент Сенатында депутаттар Әлімжан Құртаев, Михаил Бортник, Ерік Сұлтанов және Арменияның Қазақстандағы елшісі Гагик Галачянның кездесуі болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
10 Желтоқсан, 2019
Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс
Елордада «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
10 Желтоқсан, 2019
Балама энергетикаға басымдық беріледі
Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция 15 пайызға артты. Жыл қорытындысына сәйкес, өндіріс көлемі 450 млрд теңгеден асады деп күтілуде. Экономиканың өсуі 105,7 пайызды құрады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Асқар Мырзахметов айтып берді.
10 Желтоқсан, 2019
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, Жастар жылында жастардың әлеуетін көтеріп, белсенділігін арттыруды көздеген біршама ізашар іргелі жоба қолға алынды. Ынталы жастарды іскерлікке баулитын ілкімді істердің біразы республикалық «Жас кәсіпкер» жобасының аясында жүзеге асып жатыр.
10 Желтоқсан, 2019
Жазушылар одағының мерейлі белесі
Биыл Алаштың арыстары іргетасын қалап, бүгінде бүтін қазақ әдебиетінің қарашаңырағына айналған қазақ қаламгерлерінің киелі ордасы – Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына және «Қазақ әдебиеті» газетінің жарық көргеніне 85 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы төрінде ұлт әдебиетінің кәусар бұлағына баланған іргелі ұйымның өткені мен бүгіні сараланған мерейтойлық пленум өтті.
10 Желтоқсан, 2019
Темір жолды жағалап топ бала жүр
Арал ауданындағы Сексеуіл кенті – темір жол бойындағы ірі тораптық стансаның бірі. Станса арқылы өтетін «Бейнеу – Жезқазған» темір жолы пайдалануға берілгелі бері мұндағы халық саны да өсті. Кенттегілердің көпшілігі темір жол саласында еңбек етеді.
10 Желтоқсан, 2019
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
«Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен елордада жыршы-термешілердің «Жыр-аманат» концерт-спектаклі өтті. Жыршылық дәстүрді кеңінен насихаттап, ата-бабадан жеткен асыл мұраны жұртшылыққа боямасыз жеткізуді мақсат еткен бұл кеште еліміздің әр аймағындағы жыршылық дәстүрдің өкілдері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Жетісу», «Маңғыстау», «Қаратау», «Арқа», «Атырау-Жайық», «Сыр елі», «Ақтөбе» жыршылық дәстүрлерінің өнерпаздары ұлттық өнерімізге шөліркеген қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
09 Желтоқсан, 2019