Редакция таңдауы
Археология мұражайы - сирек кездесетін артефакттар жинақталған бірден-бір мұражай
Археология мұражайы республиканың археологиялық материалдарын сақтап, тұрақты түрде ғылыми зерттеу мақсатында 1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының археология институтының жанынан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың бастамасымен ашылған.
08 Желтоқсан, 2019
Демаркациялық комиссия мүшелері кездесті
3-7 желтоқсан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті бас қосуы өтті.
08 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы Орталық музейде «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме өтеді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік Орталық музейінің Қазақстан тарихын зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен брифинг болып өтті.
07 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімде аты аңызға айналған «Қара майор», полковник Борис Керімбаевқа арналған ескерткіш тақтасының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Желтоқсан, 2019
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Алматы хайуанаттар бағы жан-жануарлар мекені ғана емес, балаларға табиғатты аялауға, жануарлар әлемін тануға мүмкіндік беретін танымдық орталық деуге негіз бар.
07 Желтоқсан, 2019
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
«Асық ату» ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз.
07 Желтоқсан, 2019
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Мемлекет басшысы Фраунхофер институтының сыртқы байланыстар бөлімінің директоры Йенс Нойгебауэрмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
07 Желтоқсан, 2019
Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: мүмкіндіктер қандай?
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деп Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар ол осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керектігін айтқан еді. Осы ретте, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының 55-тармағын іске асыру мақсатында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді. Көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балалар қалай іріктеледі, оларға қандай қолдау шаралары көрсетіледі? Ауылдық жерлердегі талантты оқушылар назардан тыс қалмауы үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда қандай санаттағы балаларға жеңілдіктер қарастырылған? Бұл туралы Рrimeminister.kz шолу материалында жазды.
07 Желтоқсан, 2019
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Нұр-Сұлтанда киокушинкай каратеден ерлер мен әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша Әлем Чемпионаты басталады. Шараға орай Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас хатшысы Аманқұлов Фархат, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы бас директоры Абат Имамбаев, KWU бас хатшысы Александр Пичкунов, IV-ші Әлем Чемпионатының бас директоры Сергей Суворов, KWU бас продюсері Игорь Петрухиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Желтоқсан, 2019
Сирек кітаптар музейінде латын графикасындағы баспа ескерткіштері сақталған
«Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында экспозицияға қоғамдық-тарихи маңызы зор XX ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы латын графикасында жарық көрген баспа мұралары сақталған.
06 Желтоқсан, 2019
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Қазақтың музыка аспаптары ұрпақтан-ұрпаққа бойы мирас болып жеткен, көнеден келе жатқан мәдени мұрасы. Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған көне музыкалық аспаптар: жиналу және зерттелу мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ұлттың музыка мұрасының бүгіні мен келешегі талқыланды.
06 Желтоқсан, 2019
Алматыда өткен Имамдардың аймақтық форумына рухани құндылықтар тақырыбы арқау болды
Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты имамдардың аймақтық форумы өтті. Форумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
06 Желтоқсан, 2019
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінің біріне Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді.
06 Желтоқсан, 2019
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Бүгінгі таңда экспортқа шығып отырған отандық көшбасшы компанияларымыз өнімдерінің сапасына ғана емес, құнарлылығын сақтауға, барынша табиғи ингредиенттер мен инновациялық тенологияларды пайдалануға көп мән беріп отырғаны белгілі. Ал бәсекелі нарықта отандық өнімдерге қайталанбас қазақы бояу, ұлттық нақыш беру де аз рөл атқармайды.
06 Желтоқсан, 2019
Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті
Әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық премиясында «Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыкадағы жыл әншісі» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
06 Желтоқсан, 2019
Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
06 Желтоқсан, 2019
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Шымкент қаласында жұмысы тоқтап тұрған жіп иіру фабрикасы қайта іске қосылды. Бұл жұмыстар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жүзеге асты. Ал өзбекстандық инвесторлар фабрикаға бірқатар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, оның қайта іске қосылуын қамтамасыз етті.
06 Желтоқсан, 2019
Бизнесті жандандыратын бастамалар
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында негізінен оңалту және банкроттық рәсімдерді жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.
06 Желтоқсан, 2019
Алматыда VIІI Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі өтуде. Жыл сайын өтетін бұл іс-шара халықаралық әрі кәсіби байланыстарды нығайту мен кеңейтуге, кино саласындағы өнерлі, талантты жастар мен майталман шеберлер арасында пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналып отыр.
06 Желтоқсан, 2019