Редакция таңдауы
Әлеуметтік мәселелерге назар аударылды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Түркістан облысында болды. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының орындалуын насихаттау мақсатында келген жұмыс тобы тарихи Отырар ауданын аралады.
28 Қазан, 2019
Президент Мәскеуде қаза тапқан бойжеткеннің анасымен сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде қаза болған қазақстандық студент бойжеткен Томирис Байсафаның анасымен сөйлесті. Бұл туралы қыздың анасы Жанна Ахметова Instagram-дағы парақшасында жазды
27 Қазан, 2019
Теннис: Кукушкин екінші кезеңде сүрінді
Австрияның астанасы – Венада өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин екінші айналымнан аса алмады.
27 Қазан, 2019
Дзюдо: Әбу-Дабиде жалғыз жүлде алдық
Біріккен Арабтар Әмірлігінің (БАӘ) астанасы – Әбу-Дабиде дзюдодан Гранд-Слэм жарысы аяқталды. Соңғы күні де Қазақстан құрамасына бірде-бір жүлде бұйырмады.
27 Қазан, 2019
Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысының ауыл тұрғындарымен кездесті
Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесіп, Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарын түсіндірді.
27 Қазан, 2019
Ең үздік «Бала дауысы» Түркістаннан табылды
26 қазанда Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасықорының қолдауымен «Жандану әлемі» қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі өткізген «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының IY маусымының қорытындысы жарияланды.
27 Қазан, 2019
Болат Бақауов өңір тұрғындарын қабылдады
Облыс әкімі «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
27 Қазан, 2019
Қарақияда халық саны өсіп келеді
Қарақия ауданы халқының саны 2019 жылғы 1-қыркүйектегі жағдай бойынша 38 мың, яғни 101,3 пайызды құрады.
27 Қазан, 2019
Б.Сапарбаев: Дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы орташа деңгейден жоғары болуы тиіс
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Премьер - Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.
26 Қазан, 2019
Оралда «Жыр-ғибрат» аймақтық фестивалі өтті
Орал қаласында жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры мен Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Жыр-ғибрат» атты батыс аймақтық жыршы-термешілер фестивалі өтті. Оған Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан жыршы-термешілер қатысты.
26 Қазан, 2019
Төрт күн ішінде жаяулар жол ережесін 267 рет бұзған
21 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полициясы төрт күн бойы жедел-профилактикалық іс-шаралар жасау мақсатымен «Қауіпсіз жол» акциясын жүргізіп, оған 300-ден астам полицей тартылды.
26 Қазан, 2019
Павлодар облысының аумағында пайдаланылмай жатқан 63 кен орны бар
Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірде жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар мемлекетке 52,5 млрд теңге салық төлеген.
26 Қазан, 2019
Қарақия ауданында мектептерге робототехника құралдары сатып алынды
Робототехника құралдарымен жабдықтау бағытында, биылғы оқу жылына «Теңізшевройл», «Ерсай» компанияларының демеушілігімен және бюджет қаржысы есебінен ауданның 7 мектебіне робототехника құралдары сатып алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Қ.Беков мәлімдеді.
26 Қазан, 2019
Ақтауда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде
Ақтауда жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» шарасы өтуде. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
26 Қазан, 2019
Шаңғы қайдан тебесіз, Мырзашоқының басында қар тұрмаса
Баянауылдағы тау-шаңғы кешені былтыр да қарсыз қалды. Биылғы ауа-райы қалай болар екен деген оймен облыс әкімі Болат Бақауов та кешенге барып қайтты.
26 Қазан, 2019
Кендірлі демалыс аймағынан су тұщыту зауыты салынады
Кендірлі демалыс аймағынан су тұщыту зауыты салынады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
26 Қазан, 2019
Ардагерлер Ақтауға мерейтойлық кездесуге жиылды
«Құтқарушылар күні» мерекесінде Маңғыстау өңірінде Төтенше жағдайлар саласында әр жылдары қызмет атқарған ардегерлер Алматы қаласынан, Орал, Ақтөбе қалаларынан және Дағыстаннан Ақтау қаласына жиылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.
26 Қазан, 2019
Түркістанда «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған медиафорум өтті
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Turkistan open media forum». Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты форум өтті.
25 Қазан, 2019
С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
25 Қазан, 2019
Қазақстан Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Сербия Сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Қазан, 2019