Редакция таңдауы
Биыл қазақ күресінен түйе балуандар арасында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі 13-рет ұйымдастырылды. Еліміздің әр аймағынан іріктелген атан жілік, апайтөс алыптар додасында топ жарған саңлақтарды салмақтағанда таразының зілмауыр басы Абай облысына ауып кетеді. Себебі 14 жылдың ішінде «Қазақстан барысы» атағын осы өңірдің оғландары бес мәрте олжалады. Одан бөлек, Семей топырағында туған сырттандар үнемі жүлделі орыннан да көрініп жүр.
13 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Антарктидаға ту қадаған
Өзбекстандық блогер әрі спорт жанкүйері Абдурахмон Фазилов Антарктидаға түркі мемлекеттерінің туын тікті.
13 Қараша, 2024
Еуразия аумағында ғұн дәуіріне тиесілі 14 кешен бар. Осылардың 10-ы Моңғолия жерінде. Атап айтар болсақ, «Ноин Ула», «Гол мод», «Гол мод – 2», «Дуурлиг нарс», «Бор бұлақ», «Бэлх сайы», «Тақылтты шұңқыры», «Оба қара», «Қиялғынты», «Ямаан уса» деп аталады.
13 Қараша, 2024
Еліміздің хор өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан КСРО Халық әртісі Анатолий Молодовтың 95 жылдығына орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында концерт-фестиваль өтті. Осы орайда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры Алматыда өз өнерін көрсетті.
13 Қараша, 2024
Президент «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамымен әңгімелесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебпен әңгімелесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қараша, 2024
Олжас Бектенов: Ауылды дамыту - Үкіметтің басым міндеттерінің бірі
Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсарту, АӨК дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ тұрғындарға сапалы білім беру қызметтерін ұсыну үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен кездесті
БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қараша, 2024
Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайында жаңа терминалдың ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қараша, 2024
Алматыда дәрі-дәрмек шығаратын зауыт салынады
Алматыда жоғары технологиялық дәрілік заттарды шығаратын жаңа зауыт салынады. Үкімет фармөндіріске қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қараша, 2024
Рекордтық мөлшерде бауырсақ пісірген қазақ ауылы Гиннеске енді
Бұл рекордты орнату үшін Қостанай облысы Қамысты ауылының тұрғындары «Бауырсақ-Фест» фестивалін ұйымдастырған. Оған 60 ұйым қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.
12 Қараша, 2024
ІЖӨ: іркіліс пен миллиардтық меже
Ел экономикасының алдында ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) екі еселеу – 220 млрд доллардан (2022 жылғы ІЖӨ) 450 млрд долларға дейін көбейту міндеті тұр. Макроэкономикалық заңдылықтардан ешқайда қашып құтыла алмаймыз, ендеше бірнеше қызықты есептеу жасап көруге болады. 2023 жылы теңге бағамы 456 болып тұрған кезде ІЖӨ 263 млрд доллар болды. 2029 жылдың соңына дейін 6 жыл бар және АҚШ-та инфляция орташа 2% болып тұрғанда ІЖӨ инфляция есебінен 12,6%-ға дейін немесе шамамен 33 млрд долларға дейін көбейеді (яғни 296 млрд долларға дейін). Әрі қарай нақты өсім ықпалы болуға тиіс.
12 Қараша, 2024
«Кең дала 2» бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Аграрлық несие корпорациясы» агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамытуға зор үлес қосып келеді. Атап айтқанда, көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терін жұмыстарын төмен пайызбен қаржыландырады. Одан бөлек, ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтитын «Агробизнес» бағдарламасын сәтті жүзеге асырып жатыр. Корпорация өңдеу өнеркәсібінің дамуына да қаржы бөледі. Осылайша, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп келеді.
12 Қараша, 2024
Балаларды қатерлі контенттен сақтайтын қосымшалар
Қазіргі интернет заманында ақпараттарды бақылау оңайға соқпай тұр. Ауқымы кеңейген сайын зиянды материалдардың саны көбейіп барады. Ал бізге балаларды желідегі қауіптен қорғау маңызды. Осыған орай, ата-аналар балаларының қауіпсіздігін интернетке шектеу қою арқылы сақтай алады.
12 Қараша, 2024
Табыс декларациясы жемқорлықты жүгендей ала ма?
Осы жылдың басынан бері жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Науқанның аясында заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары кіріс декларациясын тапсыруға міндеттелген. Ал келесі жылдан бастап кәмелет жасқа толған кез келген азамат тапқан табысы мен жұмсаған шығынын көрсетуге тиіс.
12 Қараша, 2024
Экспорт ұлғайып, өндіріс кеңейеді
Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып жатыр. Агроөнеркәсіп кешенін жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформаланып жатыр, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, еліміз бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылып жатыр деп хабарлайды Үкімет сайты.
12 Қараша, 2024
Жайлы мектептің құрылысы тоқтап тұр
«Жайлы мектептің» сапасы салынбай жатып сыр берді. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылында құрылысы жүріп жатқан 600 орындық білім ұясының қабырғасында жарықтар пайда болған. Бұл жағдайды жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап, шағымдарын жеткізген. Осыған қатысты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов болған істің мән-жайын баяндап, тиісті шаралардың қолға алынғанын мәлімдеді.
12 Қараша, 2024
Бейімбет Майлин шығармаларына Қостанай атырабы, арнасы толған Торғай, Тобылдың тасасы мен ағысы баяу Аят өзені жағалауына қонған жұрттың тіршілігі арқау болды. Осы бір үш өзеннің сағасына жиналған ауыл адамдарының аңғалдығы, сенгіштігі, күнәмшілдігі бүтін қоғамның бейнесі іспетті.
12 Қараша, 2024
Футболдан еліміздің чемпионаты мәресіне жетті. Алматылық «Қайрат» төрт дүркін ел чемпионы атанды.
12 Қараша, 2024