Редакция таңдауы
Алдаркөсе Алманияға барғанда...
Берлинде ұлттық фольклордың танымал образдары жергілікті жұртқа көрсетілді. Мәдени іс-шараны Германия Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Түрікменстан, Түркия мен Өзбекстан елшіліктері ұйымдастырды. Жиында әр ұлт өз мәдениетіндегі ұқсас кейіпкерлерді түрлі қойылымдар мен көрмелер арқылы көрсетті.
08 Қараша, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға және тұлға тағылымы» атты мәдени шығармашылық кеш өтті. Оған кәсіби тарихшылар, музей мамандары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
08 Қараша, 2024
Ертең еліміздің он тоғыз аймағында ауа райы бұзылады
«Қазгидромет» синоптиктері ертең, 8 қарашада Қазақстанның 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады
Дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ, Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің төбе жабыны мен қасбетіне зақым келген, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіне тиянақты дайындалуды тапсырды
Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды. Жиынға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен жауапты ведомостволардың басшылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға жаңа атақ берілді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Сенатор Дархан Қыдырәлі футбол федерациясын тексеруді сұрады
Бүгін Сенаттың жалпы отырысы барысында депутат Дархан Қыдырәлі отандық футболдағы шешілуі тиіс өзекті мәселелерге назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді
Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшыларының 11-саммитінде ТМҰ жаңа туы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Президент дипломатиясы Францияның Әзербайжанға көзқарасын жақсартты - сарапшы
Франция Президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барғаны белгілі. Дипломатиялық кездесу аясында мемлекеттер басшылары 2008 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге сүйене отырып, екі ел арасындағы сенімді және тұрақты диалогты нығайтатын тетіктерді жан-жақты талқылаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Саңыраулар қоғамы қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қоры басшысының алаяқтық жасағанын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Қараша, 2024
«Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Қараша, 2024
Вольфрамды қайта өңдейтін алғашқы зауыт іске қосылды
Қарашаның басында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық округі аумағында вольфрамды қайта өңдейтін еліміздегі алғашқы зауыт іске қосылды. Зауыттың іске қосылуы – тау-кен өндірісінің дамуы жолындағы үлкен қадам әрі еліміздің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы айрықша бастама. Тарихи оқиға еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы орнын нығайтумен қатар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өңдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
07 Қараша, 2024
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Астана әкімдігі боранға байланысты мәлімдеме жасады
Елорда әкімдігі қолайсыз ауа райының басталуына байланысты қалада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Көктемгі су тасқынын қарсы алуға дайынбыз ба
Биыл көктемде Батыс Қазақстан облысына мол су келді. Біраз әбігерге салғанымен, тасқынға тосқын қойылды, тілсіз жаудан келген зардаптың орны толды. Ал өзі келген мол судың пайдасын көре алдық па? Мамандар не дейді?
07 Қараша, 2024
Мүмкіндігі шектеулі жанға – жайлы жағдай
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау шаралары қаралды. Сондай-ақ отырыста Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары мақұлданды.
07 Қараша, 2024
«Самұрық-Қазына» мен «Societe Generale» арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4-5 қарашада Францияға ресми сапары кезінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «Societe Generale» қаржы конгломераты арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы серіктестік келісімге компания басшылары қол қойды.
07 Қараша, 2024
Димаш Құдайберген Елесей сарайында ән шырқады
4-5 қараша күндері Эмманюэль Макронның шақыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға барған еді. Осы сапарда Франция президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген болатын, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2024
Рухани құлдыраудың ащы шындығы
Қазір әлемдегі аз халықтардың рухани құлдырауға ұшырауы хақында зерттеулер жүріп жатыр. Бұл – бүгінгі жаһандану дәуірінде көптеген халық үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Ат төбеліндей аз ұлыстар өздерінің бай мәдениетін, тілін, дінін және ұлттық болмысын жоғалту қаупімен бетпе-бет келді. Бағзы замандардан бері өмір сүріп келе жатқан үндіс пен мәдени ассимиляция барысын басынан өткізген Солтүстік Америкадағы көптеген осы тектес тайпалар тағдыры бәрімізге белгілі. Саны күн сайын азайған кейбір тайпаларда өз тілдерінде сөйлейтін адамдардың шоғыры да сиреп, ең соңында ұмыт болып қала берді.
07 Қараша, 2024
ТikTok контенті қатаң қадағалануы керек
Қытайдың «ByteDance» компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік желісі бүгінде әлемге кеңінен танымал болып, ай сайынғы аудиториясы 1 млрд адамнан асып жығылып отыр. Уикипедияның мәліметіне қарағанда, Қытай елінде аталған платформаны пайдаланушылардың 60 пайызы 25–44 жас аралағындағы адамдар болса, өзге мемлекеттерде оны көбінесе 24 жастан асқан азаматтар пайдаланады екен.
07 Қараша, 2024