Редакция таңдауы
Саяси консультациялар өзегі – серіктестік
Қазақстан мен Бельгия экономикалық дипломатияға баса назар аударып, саяси саладағы жан-жақты ынтымақтастықты және халықаралық платформалардағы өзара іс-әрекеттерді күшейтуге ниетін білдірді. Бұл кеше өткен Қазақстан-Бельгия саяси консультацияларының негізгі тақырыбы болды.
14 Қараша, 2019
Отандық журналистиканың өзекті мәселелері талқыланды
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «БАҚ және қоғамдық келісім» тақырыбында IV халықаралық форум өтті.
14 Қараша, 2019
Орталық Азия елдерінің гендерлік теңдігіне арналды
Алматыда Орталық Азия елдерінің өңірдегі гендерлік теңдіктің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуді ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары сарапшыларының өңірлік кеңесі өтіп жатыр.
14 Қараша, 2019
Ғарыш саласы жаңа деңгейге көтеріледі
Қазақстанның ғарыш саласының қазіргі жағдайы, даму мүмкіндіктері, жаңа аэроғарыштық технологияларды енгізу барысы, Байқоңырдағы тарихи өзгерістер «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарыш бесігі» атты халықаралық форумда кеңінен талқыланды.
14 Қараша, 2019
Күріш сұрыптары сұйылып барады
Ел ырысына айналған Сыр күріші – өңір бренді саналатын өнім. Әйгілі Ыбырай Жақаев баладай мәпелеген дақылдың даңқын қазіргі диқандар жалғастырып келеді. Бүгінде еліміз бойынша 100 мың гектарға жуық алқапқа күріш егілсе, соның 88 мың 700 гектары Қызылорда облысының аумағында. Ала жаздай атыз жағалайтын диқандарды мемлекет тарапынан қолдау да бар. Соның нәтижесінде қоңыр күзде қамба толып, жыл сайын өнім көлемі артып келеді. Бірақ аймақ брендінің болашағына қатысты бір мәселе бар. Бұл – диқан қамбасындағы дәннің, яғни тұқымның сапасы.
14 Қараша, 2019
Отандастарымыз озық ойларымен бөлісті
Жуырда Стокгольм қаласында Швеция, Дания, Норвегия, Финляндияда тұратын отандастарымыздың басын қосқан бизнес форум өтті. Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қоры ұйымдастырды.
14 Қараша, 2019
Қыз балаға қырын қарамайық! Елімізде 75 400 Ұлбосын, Ұлбала, Ұлдан, Ұлжан, Ұлжалғас, Ұлмекен... бар
Адам еңкейген шағында шарапатты ұлдан таба ма әлде, қыздан көре ме? Бәрі ниеттен десек те, кей жағдайда татулығы таусылған шаңырақтардың күйреуіне қыз таба беретін әйел «себепкер» болып жататынын бірінші рет қозғап отырғанымыз жоқ.
14 Қараша, 2019
Бірнеше күн бұрын «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов шетелдерде тұратын барша қазаққа арнайы куәлік берілетінін айтты. Әлгі куәлікті алған адам Қазақстанда еліміздің азаматтарымен тең құқыққа ие болатын көрінеді. Тек саяси құқық қана берілмейтін болса керек.
14 Қараша, 2019
Бейбіт өмір сүруге, қару-жарақ жарыстарын тоқтатуға белсенді талпынып жүрген Қазақстан әлемдегі қауіп-қатерлерді айналып өте алмайды. Сондықтан мемлекетіміздің ғылыми-зерттеу әлеуетін бағалауға, әскери және қос мақсаттағы өнім (ӘҚМӨ) саласындағы ғылыми-зерттеулер мен эксперименталдық әзірлемелерді талдап, жинақтауға, елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін (ҚӨК) жаңғыртуға, технологиялық және техникалық қайта жарақтандыруға күш-жігерді бағыттауға ұмтылысы қалыпты жағдай.
13 Қараша, 2019
Маскүнемдерді марапаттайтын медаль
Арада үш ғасыр өткеніне қарамастан, мән-маңызын жоя қоймаған бір ерекше жәдігер жайлы айтпақпыз.
13 Қараша, 2019
Қазақстандық БАҚ һәм дін тақырыбы
Елдегі қалыптасқан діни ахуалды реттеп отыруда, сол арқылы қоғамдық тыныштықты сақтауға үлес қосуда бұқаралық ақпарат құралдарына артылатын жауапкершілік жүгі ерекше салмақты. Таяуда елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің мұрындық болуымен «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған тренингі» атты астаналық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысқан арнайы семинар-дәріс өтті.
13 Қараша, 2019
Техникалық байқау талапқа сай ма?
Биыл жазда интернетте автокөліктер мен түрлі техникаларға жүргізілетін техникалық байқауды WhatsApp арқылы ресімдеуді ұсынған хабарландырулар тарап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елдегі аталған қызметтің заңға сәйкес өтетініне күмән келтірген болатын. Тіпті азаматтардың жеке көлігін техникалық байқаудан босату туралы да ұсыныстар айтылған екен.
13 Қараша, 2019
Сөзі де, ізі де қалған қаламгер
Байтұрсын Ілияс ғұмырының 33 жылын ғасыр бойы елдің «көзі, құлағы һәм тілі» болған «Егемен Қазақстан» басылымына арнады. Ал оның осы газетке шығып жататын, қай тақырыпқа жазса да мөлдіреген мақалаларын Тобыл-Торғай өңірінің төрт бұрышындағы оқырманы күтіп отыратын.
13 Қараша, 2019
Паралимпиадалық нысанды аралады
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов Ұлттық Паралимпиадалық оқу орталығына барды.
13 Қараша, 2019
Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
13 Қараша, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалу мәселелері қаралды. Биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы бірқатар министрлер баяндады. Облыс әкімдерінің есебі тыңдалды.
13 Қараша, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин Марк Хортон бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша миссиясының басшысы сарапшыларымен кездесу өткізді.
13 Қараша, 2019