Редакция таңдауы
Нұр-Сұлтан: қай көшелер жарықсыз отыр?
Нұр-Сұлтан қаласы Есілдің сол жағалауында бірнеше көше тұрғындары жарықсыз отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
10 Қараша, 2019
Халықаралық Түркі академиясы ұжымы Ататүрікті еске алу шарасына қатысты
Бүгін Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі өмірден өткеніне 81 жыл толған Ататүрікті еске алды. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
10 Қараша, 2019
Солтүстік Қазақстанның домбырашылар ансамблі халықаралық байқауда Гран при жеңіп алды
Ширек ғасырдан бері өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан “Күдер” домбырашылар ансамблі талай рет республикалық, аймақтық жарыстарда топ жарып жүр.
10 Қараша, 2019
Елордада бірнеше түрік фильмі тегін көрсетіледі
Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі Кинематография басқармасының қолдауымен 18-25 қараша аралығында елордада түрік фильмдерінің апталығын өткізеді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
10 Қараша, 2019
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды Sports.kz.
10 Қараша, 2019
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Нигериядан шыққан канадалық Альберт Онолуносе WBC Continental Americas және WBO Global титулдары үшін жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
09 Қараша, 2019
Асқар Мамин Ыстанбұлда Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысады
Биыл 10-11 қарашада Премьер-Министр Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XI отырысына және Қазақстан-Түркия бизнес-форумына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
09 Қараша, 2019
Бейнеу ауданының халқы 70 мыңнан асты
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында болған брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.
09 Қараша, 2019
«Egemen Qazaqstan»-ның ғасырлық тойы Алматыда аталып өтті
Еліміздің 100 жылдық жылнамасы, бас басылым, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық мерейтойына арналған іс-шаралар топтамасы Ұлттық кітапханадағы ауқымды шарамен жалғасын тапты. Басылым мерейтойының Ұлттық кітапханада өткізілуінің өзіндік себебі бар.
08 Қараша, 2019
Батырдың баянды ғұмыры ұрпаққа үлгі
Таяуда елордадағы Ұлттық архивте Мәжіліс депутаты, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолына арналған «Батырдың баянды ғұмыры» атты дөңгелек үстел өтті.
08 Қараша, 2019
«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ». Бүгінде біз «толық отбасы» деп жүрген тіркесті қазақ осылай суреттеген. Десе де тағдырдың жазуымен жапанда жалғыз қалған құрақ қай заманда да кездеседі. Біздің ел ешқашан жетімін жылатпай, пана бола білген. Бүгінгі балалар үйі бар жұрттан мұндай қасиеттің кете бастағаны байқалатыны рас. Бірақ бізде мейірімге толы балалар ауылы бар екенін көзбен көрдік...
08 Қараша, 2019
Сарапшылық кеңестің отырысы өтті
Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» бойынша Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
08 Қараша, 2019
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – ел дамуының бір көрсеткіші
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, онда еліміз үшін маңызды бірқатар заң жобалары қабылданды.
08 Қараша, 2019
Бүгінгі таңда елімізде төрт әскери мектеп бар. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында балаларды әскерге машықтырып, жан-жақты білім береді.
08 Қараша, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 5 және 6 қарашада 2019-2020 жылдары халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Қизатовтың басшылығымен «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.
08 Қараша, 2019
Бітімгершілеріміздің бәсі биік
«Тамаша қызметіңіз үшін рахмет!». Осындай сөздермен БҰҰ-ның инспекциялық тобы қазақстандық жиынтық бітімгершілік ротасының базасын тексеруді аяқтады.
08 Қараша, 2019
Қазақстанның пайдасына шешілді
Жақында Халықаралық Төрелік трибунал «World Wide Minerals Inc.» канадалық компаниясы және Пол Кэролл бастама жасаған төрелік қарау бойынша шешім шығарды.
08 Қараша, 2019
Ажалға «асыққандар» азаймай тұр
Қанша жерден көңілсіз дерек болса да, одан айналып өте алмаймыз. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен білгеніміздей, былтыр елімізде 3542 (!) адам суицидпен өз өмірімен қош айтысқан екен. Соның ішінде ақтөбеліктер де аз емес... Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бұл жағынан алдыңғы орындарды бермей тұр. Бұған қатысты құқық қорғау органдары мен әлеуметтанушы, психолог мамандардың да өз айтары бар.
08 Қараша, 2019
Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету қажет
Елордада Қазақстанның Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оны шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды.
08 Қараша, 2019
Мәмс – маңызды реформа, дұрыс бағыт
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында арнайы тоқталған болатын. Медициналық сақтандыру қоры – тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы. Қор халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді Үкімет бекіткен тәртіп бойынша сатып алады. Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен келісімшартқа отырған медициналық қызмет ұсынушылардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы». Біз осы емхананың емдеу-профилактикалық қызметінің басшысы Есжан ҚАЛИЕВКЕ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тұрғындарды мазалап жүрген мәселелерді сауал ретінде қойған едік.
08 Қараша, 2019