Редакция таңдауы
Жақында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының кіреберісіне арнайы стелла тұрғызылды. Айшықты белгінің ашылуына қатысып, Қорғалжын қызықтарын көріп қайтқандардың ішінде біз де болған едік.
14 Тамыз, 2019
Зорлықшыларға қатаң жаза қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекке жоспарланған халыққа Жолдауында педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктелетінін жариялады. Міне, осы Жолдаудан кейін зорлықшыларды атқа теріс мінгізу басталатыны анық.
14 Тамыз, 2019
Бүгінде Тамыз кеңесі білім саласы қызметкерлерінің жаңа оқу жылына жаңа леп сыйлауына нақты бағыт беріп, бір-бірімен тәжірибе алмасатын дәстүрлі алаңға айналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтар бас қосатын конференцияның форматы соңғы жылдары заман талабына сай түрленіп келеді. Мәселен, кейінгі жылдары ұйымдастырылған шарада үздік педагогтардың ted-x форматында өз білгенімен бөлісіп, жұмыс барысында қолданған әдіс-тәсілдері төңірегіндегі тың ойларын ортаға салғанына куә болып жүрміз. Сонымен қатар Тамыз кеңесінде педагог қауымның еңбегі еленіп, жемісті жұмысы үшін жұрт алдында марапатталуы да мұғалім мәртебесін биіктете түседі.
14 Тамыз, 2019
Екі секундқа сыйған көріністер
«Қарағанды өмірінің бір күні» атты фотокөрмеге келген қала тұрғындары мен қонақтары кеншілер астанасының келбетін әр қырынан танып, бұрын өздері байқай қоймаған немесе мән бермеген тосын да тамаша көріністерге толы суреттерге дән риза болысты.
13 Тамыз, 2019
Сегіз құдықтың сыры немесе жер қапқан жоба
Ағын суы жоқ Маңғыстауда жерасты су көздерін тиімді пайдалану мыңғырған мал мен тұрғын халықты сумен қамтып, тұрмыстық өзге де қажеттілікті молынан өтеп келді. Бұл бұрынғы кезеңге қатысты әңгіме, ал қазіргі технологияның дамып, теңіздің ащы суын тұщыту немесе өзге де су көздерін табуға қатысты мүмкіндіктер пайда болған кезде ауыз су мәселесін тек мемлекет шешетін маңызды мәселе етіп қордаландыра берудің, қолда бар мүмкіндікті ысырып тастап, жылдан-жылға соза берудің астарында не жатыр – жалқаулық, жаныашымастық, әлде қаржылай алыс-беріс...
13 Тамыз, 2019
Ішкі және сыртқы нарықтағы іркіліс неден туды?
Жыл өткен сайын өңірдің алыс-жақын шетелдермен экономикалық, сауда-саттық әріптестік байланысы нығайып, сатылатын өнімдердің санымен қоса сапасы да едәуір артып келе жатқаны байқалады. Десек те, алыс-беріс саласында елеулі табыстармен қатар, шешімін табуға тиіс түйткілдердің бар екені жасырын емес.
13 Тамыз, 2019
Жол азабынан жаны қиналған жолаушының есіне бұрынғыдан қалған, астарына атан түйеге жүк болар сыр жасырған «бір жол бар, жақын да болса алыс» дейтін сөзі түсер еді. Ақмола облысының Сандықтау ауданы аумағындағы жергілікті маңыздағы жолмен жүріп өткен жолаушы енді қайтып бұл өңірге ат ізін салмастай болары анық.
13 Тамыз, 2019
Балиғатқа жетпей әкесіз қалған перзент жетімдіктің тауқыметін тартпай қоймайды. Сондықтан болар, жетімнің жары Құдай деп, ел арасында оны «сағыр» деп те атайды. Латым – анасы өлген бота. Сонымен бірге өгей шешеден шапалақ жеген баланы да солай атайды. Құранда жетімдер туралы тікелей он жеті жерінде айтылған болса, ал ишаратпен айтылған аяттар одан да көп. Жетім жылағанда, аспан әлемі тітірейді. Жетімдер үйі мен мешіт екеуі бірдей қасиетті ұя саналмақ.
13 Тамыз, 2019
Қазақтың қарымы мен дарынының ерекше болғанына арғы-бергі тарихқа көз жүгіртіп, ой тоқтатсаң көзің айқын жетеді. Бүгінге жеткен ежелгі дәуір сөздері, халық ауыз әдебиеті, одан кейінгі ұлт данышпандарының дара байламы ұлт рухының қайнары болғаны айдай ақиқат. Оқымаса да тоқығаны ұшан-теңіз, ақыл дәриясын ағытқан жыраулардың жырындағы бір шумақта шым кестедей тұнып тұруымен қатар, ұлттық философияның да бастауы саналатыны рас.
13 Тамыз, 2019
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын аталған дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан бұл инфекциялық ауру туберкулезден кейінгі екінші орында тұр. Ал гепатит жұқтырғандар саны АИВ санынан 9 есеге көп.
13 Тамыз, 2019
Ауыл шаруашылығы – бизнестің бір көзі – дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
Ақтөбе бұған дейінгі жылдары еліміздегі аграрлық өңірлердің қатарынан саналатын. Дегенмен, тәуелсіздік жылдарында өңір экономикасында өндіріс пен өнеркәсіптің үлес салмағы әжептәуір алға шығып, ауыл шаруашылығы солардың шаңын қауып қалғандай ахуал орнықты. Мұның басты дәлелі ретінде бүгінде аталған саланың өңір экономикасындағы үлесі небәрі 5 пайыздың төңірегінде екенін айтсақ та жеткілікті.
13 Тамыз, 2019
Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды
Мұрат Рахметұлы Мұқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігі және Орал қаласы мәслихатының келісімімен ротация бойынша Орал қаласының әкімі болып Шыныбеков Абат Абайұлы тағайындалды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Тамыз, 2019
Маусымдық аллергияны жеңілдетудің қандай жолдары бар
Жыл сайын жаз айларында дәрігерлерге маусымдық аллергияға шағымданған адамдардың саны күрт көбейеді. Әсіресе өсімдіктер гүлдейтін шілде мен қазан айларының аралығында аллергия симптомдары өрши түседі. Көп жағдайда көзі, мұрны мен тамағы бітеліп, өзін әлсіз сезінген шағымданушылар тұмау кезіндегі симптомдарды сезінуі мүмкін. Маусымдық аллергиямен қалай күресуге болады? Дәрігерлер не дейді?
12 Тамыз, 2019
Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып қайта тағайындалды
Президенттің Жарлығымен Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
12 Тамыз, 2019
Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
12 Тамыз, 2019
Төрт мың шақырымды еңсерген еуропалықтар
Еуропа елдеріндегі Қазақстанның достары атанған саяхатшы топ мүшелері «Ұлы Дала елінде» атты экспедиция құрамында болып, еліміздің киелі жерлерін аралап шықты. Жиһангездер төрт мың шақырым жолды басып өтіп, он төрт күнде бес облыс аумағына сапар шеккен.
12 Тамыз, 2019
Биыл жаз қара қарғаның миы қайнайтын ересен ыстық болды. Негізінде далалық алаңқай жерлердің шөбі әлден қурап, өліқауға айналған. Шырпы түссе, тамыздықтай жанбақ.
12 Тамыз, 2019
Алматылық құрылысшыларды құттықтады
Тамыз айының екінші жексенбісі елімізде құрылысшылардың кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Мерейлі күн қарсаңында Алматыға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин қала құрылысына қомақты үлес қосқан еңбеккерлерді құттықтау салтанатына қатысты.
12 Тамыз, 2019