Редакция таңдауы
Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық ынтымақтастыққа бейімділігін растайды
Британдық тараптың бастамасымен Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Кристофер Пинчердің телефондық сұхбаты орын алды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
09 Тамыз, 2019
Сағыныш сазы немесе ұстаз туралы сөз
Қара сөздің хас шебері, сөз зергері, академик Зейнолла Қабдолов айтпақшы: «Мен бұл тақырыпқа кітап жазбақ болып толғанғалы қашан!» Жарықтық, Зекең ұлы Мұхтар Әуезов туралы өзінің роман-эссесін осындай жүрекжарды сөзбен бастап еді-ау...
09 Тамыз, 2019
Армия ойындары айбынымызды асырады
Қазақстанның «Отар» 40-ыншы базасында Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен халықаралық Армия ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Биыл әлем елдерінің әскерлері арасындағы бәсеке 10 елдің 21 полигонында, сондай-ақ Каспий, Балтық теңіздері мен Парсы шығанағында өтуде.
09 Тамыз, 2019
Әкімді сайлау – толғағы жеткен мәселе
«Азаматтық қоғам» деген сөз бізде көп айтылады, бірақ соның ерекшеліктерін толық ұғына алмай келеміз. Оның ең үлкен мақсаты – мемлекет пен оның азаматтары арасындағы жоғары дәрежелі тең құқылық қатынастарға қол жеткізу. Бұл – құқықтық мемлекет деген тәртіпті орнатудың алғышарты. Өкінішке қарай, бұған біз ғана емес, әлемнің көптеген елдері қол жеткізе алмай келеді.
09 Тамыз, 2019
Медиация – азаматтық қоғамның жаңа сатысы
Медиация дауды шешудің заманауи тәсілі ретінде оң нәтижесін көрсетіп келеді. Алайда, халықтың еліміздегі медиаторлар туралы хабары аз. Жанжалды шешудің балама тәсіліне еңбек, отбасы, адам құқықтарының сақталмауы сияқты мәселелерде жүгіне алатынын бірі білсе, бірі білмес. Медиаторлар кімдер, олардың қоғамға пайдасы қандай?
09 Тамыз, 2019
Мәслихаттар өз міндетін атқарып отыр ма?
Азаматтық қоғамды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын маңызды орган – сайланбалы жергілікті өзін өзі басқару мекемелері. Яғни, біздіңше мәслихаттар. Соңғы әкімшілік реформалар жергілікті билікке елеулі өкілеттіктер берді. Дегенмен мәслихат депуттары өз құзыретін толық пайдаланбай, тағайындалатын әкімдерге тәуелді деген сын аз емес. Оның себебі неде?
09 Тамыз, 2019
Таңбалытас тағдыры толғандырады
Маң дала маңғаз қалпынан жаңылмай көсіліп жатып алды. Ұшы-қиыры жоқ ұлан далада біз бабалар ізін іздеп келе жатыр едік. Баялышты, қара жусанды, қызыл изенді, жуалы жазықтың жұпар иісі бас айналдырады. Алдымыздан оқта-текте орғытып ор қоян өтеді. Қарсақ жолымызды кес-кестейді. Кешегі қойдай өріп жүрген киіктерді, ақбөкенді бүгін емге таппайсыз.
09 Тамыз, 2019
Табиғи сүт өнімдерін өндірудің тауқыметі
Көкшетаудың сауда сөрелерінде көршілес облыстардың, іргедегі Ресейдің сүт өнімдері сыңсып тұр. Басым бөлігі құрғақ сүттен жасалған. Облыстағы малсақ қауымның бағымындағы 420 мың бас қара малдың 16 пайызға жуығы ғана асыл тұқымды.
09 Тамыз, 2019
Қайғыға ұшыратқан қару саудасы
АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында мылтықты адамның бей-берекет оқ атқанынан өткен жексенбіде 9 адам қаза болып, ондаған адам жараланған.
09 Тамыз, 2019
Нұрлан Санжар: Әдебиет – терең әрі мағыналы әлем
– Нұрлан Санжарұлы, жақында жарыққа шыққан «Жошы – күтпеген қонақ» тарихи романыңыздың сюжеті киноға сұранып тұрғанына мазмұнының оқылымды, тартымдылығына қарап аңғардық. «Тарихи роман тақырыбын таңдау ойы қайдан туындады?» деген сұрақтың жауабын өзіңізден естісек деген едік...
09 Тамыз, 2019
Отырар қайта ойрандала бастады ма?
Дүниежүзіне даңқы кеткен көне шаһарымыздың бірі – Отырар. Ескіше айтсақ, Түркістанда, жаңаша бағамдасақ, Орталық Азияның орта ғасырлық тарихында аса маңызды рөл атқарған қаланың дәл өзі осы «соры қайнаған» Отырар. (Неге соры қайнаған? Оған дабыл мақаланы оқу барысында көз жеткізесіз.) Басқасын былай қойғанда, Отырар ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің Отаны райында да дүние-ғаламға кең танымал. Көне деректер қаланың тарихтың бір кезеңдерінде күллі түріктің, Түркістан атты тарихи аймақтың астанасы болғанын айғақтайды.
09 Тамыз, 2019
Ақсаусақ ұрпақ немесе келінімнен «келинкам» жақсы
Тіршілік толқынында бір-бірімен ұштаса қарбасқан қаншама мәселенің тасасында қалған тағы бір жай бар. Бұл жас ұрпақты адал еңбекке баулу, сол еңбектің дәмін татыру, қадірі мен қасиетін ұғындыру.
09 Тамыз, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
08 Тамыз, 2019
Hyundai күн панельдері орнатылған алғашқы автомобилді нарыққа шығарды
Корей автоөндірушісі күн панельдері бар бірінші автомобиль моделін ресми түрде ұсынды.
08 Тамыз, 2019
Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады
2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
08 Тамыз, 2019
«Ұшқын» газеті: Әйелдер еркі дегенді абайлап, алды-артына қарап түсіндіру керек
«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа айдардың кезекті материалын назарларыңызға ұсынамыз. «Әйелдерге ерік» мақаласы 1920 жылы «Ұшқын» газетінің №21 санына шыққан.
08 Тамыз, 2019
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру бюджет кірістерін 20%-ға жуық ұлғайтады — Б. Шолпанқұлов
Салықтық әкімшілендіру аясындағы цифрландыру салықтық тексерулерді 9%-ға қысқартып, Қазақстан бюджетінің кірістер бөлігіндегі түсімдерді 20%-ға арттыруға жол ашты. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
08 Тамыз, 2019
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылданады
10 тамызға дейін жыл сайынғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылданады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Тамыз, 2019
Израильдің озық технологиялары қазақстандық бизнес үшін маңызды – СІМ
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Лиат Вексельманды қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Тамыз, 2019
Қазақстан Елшісі Вьетнам Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Президент сарайында Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшісі Ерлан Байжанов Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті, Коммунистік партия Орталық Комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгқа сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Тамыз, 2019