Редакция таңдауы
Алматы 10 қазаннан бастап жылынады
Алматыға 10 қазаннан бастап жылу беріледі. Бұл туралы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы баспасөз жиынында айтты.
28 Қыркүйек, 2019
Қостанайда айтыста Айбек Қалиев темір тұлпар мінді
Қостанайда Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толлуына арналған «Бейімбет биігі» деп аталатын респуликалық айтыс мәресіне жетті.
27 Қыркүйек, 2019
Алматыда Әуезов есімі әспеттелді
Бүгін Мұхтар Әуезовтің туған күні. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ өркениетінің барлық табыстары оның есімімен тікелей байланысты. Қазақ әдебиетінің тұңғыш эпопеясын жазып, қазақ драмматургиясының алғашқы қарлығашын қанаттандырып, Еуропалық дәрежедегі қазақ прозасының негізін салған заңғар тұлғаның есімі уақыт өткен сайын ұрпақ санасында биіктей бермек. Алматыда жазушының туған күніне орай өткен дәстүрлі «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдардың XYI ғылыми-тәжірибелік конференциясына жиналған зиялы қауым өкілдері осылай деді.
27 Қыркүйек, 2019
Анкарада «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабы таныстырылды
2019 жылғы 26 қыркүйек күні Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен тарихи Нахчыван келісімінің 10 жылдығына арналған басқосу өтті. Алқалы жиын аясында Түркі академиясы шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабының тұсаукесері өтті.
27 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады
Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекетін қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
27 Қыркүйек, 2019
Ақтауда Ә.Кекілбайұлы атындағы орталық құрылысы аяқталуға жақын
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Елдар Машырықов мәлімдеді. Қазан айында Ақтауда ауданы 8742 шаршы метрді құрайтын Әбіш Кекілбаевтың мұражайы ашылады.
27 Қыркүйек, 2019
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл 31 523 отбасыға несие берген
2019 жылдың алғашқы 8 айы ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 31 523 қазақстандық отбасыға қолжетімді шарттармен несие берді. Бүгінде олар көптен күткен баспаналарына қол жеткізіп, жаңа қоныс иелері атанды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Қыркүйек, 2019
Сәулеті талапқа сай болуы керек
Шымкент қаласының сәулеттік келбетін дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы салынып жатқан үйлердің сыртқы қасбетін заман талабына сай ету керек. Осылай деп мәлімдеген қала әкімі Ерлан Айтаханов шаһарда тұрғызылып жатқан бірқатар тұрғын үй кешендерінің жұмыс барысымен танысты.
27 Қыркүйек, 2019
Қауіпсіздікке қатаң қадағалау қажет
Жазы жайлы делінетін Жамбыл өңірінде биыл өрт оқиғасы өршіп тұр деуге болады. Күннің қатты ысуы салдарынан немесе басқа да төтенше жағдайларға байланысты мұнда тілсіз жаудың қарқыны күшейді. Аптап ыстық әсіресе аудан, ауыл тұрғындарын әбігерге салды. Бұл ретте қауіпсіздікке қатаң қадағалаудың қажет екені айтпаса да түсінікті еді.
27 Қыркүйек, 2019
Соңғы кезде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көзқарастары қабыспайтын тараптардың пайда болғанын байқап отырмыз. Халықтың әлеуметтік масылдығы туралы да, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы да екіұдай ой, түрлі пайым бар.
27 Қыркүйек, 2019
«Батыр бабалар» тарихтан сыр шертеді
Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Батыр бабалар» мемориалды кешені осыдан екі жыл бұрын ғана ашылған еді. Қазір бұл кешен өңірдегі танымал тарихи орынға айналды.
27 Қыркүйек, 2019
Тірінің қадірін біл, өлінің қабірін біл!
Адамшылық өлшемі осындай, өйткені «бәріміз де адамнан жаралғанбыз, ал адам топырақтан жаралған». Мұны дін де, дәстүр де айтады. Әр пендеге топырақ бұйырып жатса, ол – жаратылыс заңы. Адамның бүкіл ғұмырын екі ауыз сөзбен – «таңертең шықтым базарға, бір кебін алып қайттым мазарға» деп дәл суреттеген аталарымыз дүниеден озғандарға қатысты да жөн-жосықты дәстүр деңгейіне жеткізіп кеткені ақиқат.
27 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту – өзекті мәселе.
27 Қыркүйек, 2019
Ел бесікті тоздырмайтын іс басталды
«Ауыл – ел бесігі». Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан тапсырмасы бойынша бастау алған мемлекеттік бағдарламаның аты ғана емес, халқымыздың санасында қалыптасып, жүрегіндегі қашаннан бергі түсінік. Қазақтың данасы да, дарасы да ауылда туды, қозы бағып, тай мініп, асауды бас білдіріп, желмен жарысып өсті.
27 Қыркүйек, 2019
Азаматтар мүддесін қорғау – басты бағыт
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауы арқылы елімізді дамытуды көздейтін жаңа бағыт, жаңа леп, жаңаша көзқарастар, жаңаша ұсыныстар мен міндеттер айқындалды.
27 Қыркүйек, 2019
Әлемдік интеграция мәселелері талқыланды
Елордада «Әлемдік интеграциялық процестер тенденциясы: сын-тегеуріндер және мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
27 Қыркүйек, 2019
Анар Жайылғанова: Негізгі міндет – мемлекеттік сапалы қызмет
Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттердің бірі – кәсіби мемлекеттік аппарат пен қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Осы Ұлт жоспарындағы міндеттердің өзектілігіне назар аударған Президент Қ.Тоқаев тиісті орындарға мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру бойынша тапсырмалар берді. Осы орайда жұртшылықты еліміздің дамуына жол ашып қана қоймай, көптеген түйткілді мәселелердің шешілуіне мүмкіндік беретін, халықтың мүддесі барынша ескеріле отырып аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен хабардар етуді жөн көріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғановамен әңгімелескен едік.
27 Қыркүйек, 2019
Таңдаулы туындылар тұсаукесері
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» мен «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» ағылшын тілінде жарық көрді. Қос антологияның тұсаукесері 25 қыркүйекте Британия кітапханасында өтті.
27 Қыркүйек, 2019
Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтады
Нұр-Сұлтанда XII Kazenergy Еуразиялық форумы өтіп жатыр. Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстанның дәстүрлі қуат көздерінің тиімділігі мен өнімділігін арттыратын және жаңартылатын энергия көздері саласындағы аймақтық көшбасшы ретінде өзінің позициясын жоспарлы түрде нығайтатынын атап өтті.
27 Қыркүйек, 2019
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының төрағасы Талат Джаферимен кездесті. Дариға Назарбаева өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Солтүстік Македонияны маңызды саяси әріптес ретінде қарастыратынын және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бергі алғашқы ресми парламенттік делегация сапарының мәні зор екенін атап өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
27 Қыркүйек, 2019