Редакция таңдауы
Президент «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жұмыс сапарын минералды тыңайтқыш өндіретін зауытты аралаудан бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03 Маусым, 2019
Жүрегі музыка деп соққан жас өнерпаздар үшін жыл сайын асыға күтетін үлкен өнер оқиғасы бар. Ол – «Жас қанат»! Міне, осымен 28-ші мәрте шымылдық түріп, жиырма сегізінші жұлдызын анықтауға кіріскен байқау көзді ашып-жұмғанша мәресіне де жетіп үлгерді. Үш күн бойы жас таланттардың үміт толы жанары мен лүпіл қаққан жүрегінің дүрсіліне куә болған елордалық тыңдарман кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында «Жас қанат-2019» жас орындаушылардың XXVІІІ республикалық байқауының кезекті жеңімпазына қуана қошемет көрсетті.
03 Маусым, 2019
Ақтөбе облысында ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етілді
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Түйетөбе» ескерткіші жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты.
03 Маусым, 2019
Ән мен күйге бөленген Тобыл-Торғай
Торғай даласы мен Тобыл жағасы Ғафу ақын айтқан «тарихтың қойып кеткен арбасындай», халқымыз басынан кешкен талай тарихтың куәсі ғана емес, өнердің де ордасы болған жер. Торғай өңіріндегі әрі жырау, әрі күйші, әнші өнерпаздар Уақ Жұмабай, Қарпық Шолақұлы, одан бері Ахметбек Әбіқаев, Жүсіпбек Салықов, Қашқынбай Қазұлы, Нұрхан Ахметбеков, композиторлар Бақытжан Байқадамов, Болат Хамзин, қобызшы Қажыбек Әбенов, Абай Байтоғаев, олардың ізі композитор, әншілер Қалибек Дербісалдин, Бақытжан Сәуекенов, Гүлнар Үсенова, жырау Нағашыбай Алпысов, тағы басқалар болып кезең-кезеңімен жалғаса береді. Ал Тобыл өңірінде өткен Басықараның Қанапиясының өзі неге тұрады? Ақындығымен қатар бірнеше әні қалған Нұржан Наушабаевтың, ән атасы Әбілахат Еспаевтың, Ехсан Есетовтің, әншілер Мұхамеджан мен оның баласы Байғоныс Мұхамеджановтың қазақ ән өнеріне қосқан үлесі аз емес. Қазақ театр өнерінің пайғамбарлары туралы сөз бөлек.
03 Маусым, 2019
Ел арасында халық тұрмысындағы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы алты жыл бойы тұрақты өткізіліп келеді.
03 Маусым, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ел көлемінде биыл алтыншы рет өткен «Мерейлі отбасы» конкурсының Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарияланды. «Қазмедиа холл» киноконцерт залында салтанатты іс-шараға барлық қатысушылар жиналып, топтан озғандарға құрмет көрсетілді.
03 Маусым, 2019
Шетелде дауыс беру қалай өтеді?
Еліміздегі басты оқиға болатын 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына аз ғана уақыт қалды. Бұл күні әртүрлі себептермен елден сыртқары жүрген қазақстандықтар да осы негізгі саяси оқиғадан тыс қалмай өз конституциялық дауыс беру құқығын іске асыра алады.
03 Маусым, 2019
Сайлауға әзірлік барысы қорытындыланды
Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында төрт мәселе қаралды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев алғашқы тақырып – «2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу кезеңіндегі сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытудың қорытындылары» бойынша баяндама жасау үшін сөзді ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаға берді.
03 Маусым, 2019
Үгіт-насихат жұмыстарының үшінші аптасы аяқталды
Өткен апта бірқатар президенттікке кандидаттардың теледебатқа шығып, өз ұстанымдарына қатысты пікір таластырғанымен есте қалды. Сонымен қатар өңір-өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып, атаулы күндер қарсаңында іс-шаралар ұйымдастырылды.
03 Маусым, 2019
Өткен сенбі-жексенбі күндері Нұр-Сұлтан қаласында жылдағы дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қала жұртшылығына Түркістан облысының өнімдері ұсынылды.
03 Маусым, 2019
«Сарыарқа барысы» неге шалғайда өтті?
Таяуда Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында қазақ күресінен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу сыны – «Сарыарқа барысы» жарысы өтті.
03 Маусым, 2019
Жақында грек-рим күресінің шоқ жұлдыздары Алматыда бас қосып, 25 жыл бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Болат Тұрлыхановтың кубогы жолындағы жарыста күш сынасты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған сан мың көрермен Ресей, Грузия, Армения, Молдова, Беларусь, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбек-стан, Қырғызстан, Иран және Қазақстанның әр өңірінен келген даңқты балуандардың бәсекелерін тамсана тамашалады.
03 Маусым, 2019
Осы жылғы 27 ақпан күні таңғы сағат 6:10 шамасында Тараз қаласындағы Мыңбұлақ шағын ауданындағы №9 үйде газ жарылып, біраз адам зардап шеккен болатын. Тіпті оқыс оқиғаның салдарынан опат болғандар да бар. Аталған қайғылы оқиға, қаралы хабар Тараз жұртшылығының ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі тұрғындардың да еңсесін түсірген еді. Әрине, бүтін бір үйдің дүмпуінің қорқынышынан жергілікті халық көпке дейін арыла алмады.
03 Маусым, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталуына орай елорда төрінде айтулы шара ұйымдастырды.
03 Маусым, 2019
Ақтауда «Стартап – кәсіптің бастауы» көрмесі өтті
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен Достық үйінде «Стартап – кәсіптің бастауы» атты жастар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық көрме өтті. Бұл жайында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметі хабарлады.
02 Маусым, 2019
Павлодар облысында алма ағашы өсіріліп, «Сәбилер аллеясы» жасалмақ
Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асырғуа байланысты атқарылған шаралар барысына арналған облыстық сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
02 Маусым, 2019
Бердібек Сапарбаев Екібастұзға көшіп келген 19 отбасына пәтер кілттерін табыстады
Өңірлік Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл мамыр айының басында Екібастұз қаласына 32 отбасы қоныс аударған.
02 Маусым, 2019
Семейде Құрлық әскерлерінің дайындығы тексерілді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Марат Хұсайынов Семейге арнайы келіп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің жазғы оқу кезеңіне дайындығын тексерді. Генерал-майор гарнизондардағы әскери бөлімдерде ұзақ мерзімде сақтауда тұрған әскери маңызды техникалардың және қару-жарақтардың сақталу жағдайларын көрді. Олардың жазғы уақытта қолданылу ретін назарға алды.
02 Маусым, 2019
Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайы салынады
Кеншілер астанасында балалар мен жасөспірімдерге арналған ғимараттың құрылысы басталды. Осы оқиғаға орай, балалар мерекесі күні жаңа нысанның іргетасы жанына «Уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті. Ішінде бүгінгі жастардың келешек ұрпаққа арнаған жолдауы бар бұл темір құтының қақпағы тек 2050 жылы ғана ашылмақ.
02 Маусым, 2019
Маңғыстауда ралли-рейдтер бойынша әлем кубогы өз мәресіне жетті
Кеше Ақтау қаласында теңіз жағалауында FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңінің салтанатты мәресі өтті. Шиеленіске толы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша катарлық автошабандоз Нассер Әл-Аттия штурманы Матье Бомельмен бірге жеңіс тойын тойлады, екінші орынды ерлі-зайыпты Стефан мен Андреа Петерансельдердің экипажы иеленсе, үздік үштікті Якуб Пшигонски мен Тимо Готтшальк түйіндеді.
02 Маусым, 2019