Редакция таңдауы
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ел балуаны Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Тимур Мұратұлы Мұратов Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Қазан, 2024
Су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
Жаңа жылда ел азаматтары неше күн демалады
Биыл күнтізбе ауысатын Жаңа жыл мерекесі сейсенбі күніне түсіп тұр. Жаңа жыл жұмыс күніне тұспа-тұс келгендіктен мерекелік демалыс күндері ауыстырыла ма? Бұл сұраққа Egemen.kz жауап іздеп көрді.
31 Қазан, 2024
Сусынға салынатын салықтың салмағы
Дүниежүзілік банк (ДБ) бағалауынша, елімізде құрамында қанты бар тәтті сусындарды тұтыну көрсеткіші 50%-ға артқан. Салдарынан балалар семіздік пен артық салмақ ауруына көбірек душар бола бастады. Таяуда Денсаулық сақтау министрлігі қант тұтынуды төмендету, денсаулықты жақсарту, мемлекеттік кірісті ұлғайтуды мақсат тұтқан қант қосылған сусындарға салық салуды ұсынды. Болжам бойынша, салық қантты сусындар сатылымын 16%-ға қысқартып, бөтелкедегі су сатылымын 41%-ға көбейтеді. Түсетін салық ішкі жалпы өнімнің 0,25%-ына дейін артады. Мұндай түсім денсаулыққа да, қаржылық орнықтылыққа да оң әсер етеді.
31 Қазан, 2024
Ғылыми дәрежені қорғауда беделді журналдарға мақала жариялау маңызды саналады. Бұл тұрғыда «Scopus» дереқоры халықаралық деңгейде мойындалған әрі ғалымдардың зерттеуін ұсынатын алаң ретінде танылған. Алайда кейінгі жылдары «Scopus»-қа делдалдардың көмегімен мақала шығару үрдісі белең алып барады.
31 Қазан, 2024
Есірткі қылмысы елді алаңдатып тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында есірткі қылмысы тақырыбына тағы да тоқталып, нашақорлыққа қарсы күрестің маңызды міндет екенін айтты. Оның айтуынша, бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі. «Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады», деді ол.
31 Қазан, 2024
Саланы дамытудағы ілкімді бастама
Әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден аса адам ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылымды басқару жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Өңірлердегі жүргізілген зерттеулер хакатондар арқылы жүзеге асады. Осы және өзге де ғылым мәселелері туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
31 Қазан, 2024
Такси қызметін біріктіру кімге тиімді?
Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында көлікпен жолаушылар тасымалдау саласына, әсіресе такси қызметін реттеуге қатысты заң жобасы қаралған еді. Осы өзекті мәселенің жай-жапсарын жіпке тізіп, депутаттар алдында Көлік министрі Марат Қарабаев заң жобасын баяндады. Бірінші оқылымда-ақ депутаттардың сынына ұшыраған бұл заң жобасының қорытындысын әзірлеу екінші оқылымға қалдырылған.
31 Қазан, 2024
Талантты тұлғалар елдің ақыл-ойына өз өрнегін салып, халық рухына жаңа екпін берері сөзсіз. Ұлт руханиятына үлес қосуға талпынған сондай саңлақтардың бірі – Қанат Жүнісов шығармашылығының онкүндігі Астана төрінде Мәдениет және ақпарат министрлігі және қала әкімдігінің қолдауымен өтті.
31 Қазан, 2024
Теріскейдің иен байлығы: Ертіс орманындағы шығынның орны тола ма?
Еліміздің теріскейіндегі табиғи мол байлық – «Ертіс орманы» резерватындағы жалқарағай ормандарын көзіміздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру бүгінде аса өзекті. Кейінгі 21 жылда резерваттағы орманшылардың еңбегінің нәтижесінде жанып кеткен ағаштардың 45 мың гектардан астамы қайта қалпына келтірілді.
31 Қазан, 2024
Бұл күндері еліміздің конькишілері алдағы маусымға қызу даярланып жатыр. Алда әлем кубогінің кезеңдік сайыстары, басқа да аса ірі халықаралық додалар бар. Ал басты жарыс – келесі жылдың ақпан айының алғашқы жартысында Қытайдың Харбин қаласында алауы тұтанатын ІХ Қысқы Азия ойындары.
31 Қазан, 2024
Тарихи видеолар – үлкен экранда
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архивінде сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар негізінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.
31 Қазан, 2024
Қазақтың көрнекті жазушысы Ақселеу Сейдімбектің «Түлкі түгінен жазған» әңгімесін мектепте оқыдық әрі сол тіршілік иесінің еңбекқорлығы мен төліне деген ерекше жанашырлығына таңданумен келеміз. Бұрындары қазақ баласының қай-қайсы да түлкі аңы туралы естісе елең ете қалушы еді. Себебі ит айтақтап, кезекпен мал бағып жүріп, қыр-жоталарда үйме топырақ маңайындағы інге үңіліп, ішінде түлкі бар ма екен деп қызық қуу әрбір ауыл баласының ермегі еді деуге болады.
31 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Ақылды көзілдірік
Гарвард студенттері кез келген адам туралы бірнеше минут ішінде мәлімет жинай алатын ақылды көзілдірік жасап шығарды.
31 Қазан, 2024
Тарихтағы Сақ патшасы Томиристі қазақ Тұмарқыз деп те, Темір қыз деп те атайды. Ол – сақтарға соғыс ашқан парсының Кир патшасын жеңіп, елін қорғап қалған батырлығымен әйгілі билеуші қыз.
31 Қазан, 2024
Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті
Бүгін Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарды қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
30 Қазан, 2024
Елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы қанша
Мәжіліс алаңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі дәрігерлердің орташа жалақы мөлшерін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қазан, 2024
Жанкүйерлер Ризабек Айтмұқанды қошеметпен қарсы алды
23-29 қазан күндері Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде 97 келіде Ризабек Айтмұқан алтын медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.
30 Қазан, 2024
Шағын ауылдардың шырайы қалай кірмек?
Ауыл тұрғындары күрт азайып, қартайып бара жатыр. Кейінгі бес жылдың ішінде өңірде 13 ауыл жабылған. Зеренді ауданына қарасты Қарлыкөл ауылындағы қос қабатты, еңселі мектеп сатылғалы жатыр деген суыт хабар жеткеннен кейін ізін суытпай іле бардық. Сатылымға шығарылғаны рас екен. Жаңа оқу жылында 19 оқушы қалғаннан кейін білім ошағы жабылған. Бұған дейін ауылдың ортасындағы клуб, балабақша сатылып кеткен. Ендігісі жүзге жуық отбасы тұратын, етек-жеңі кең пішілген ауылдағы көзге түсетін жалғыз ғимарат – осы мектеп.
30 Қазан, 2024