Редакция таңдауы
АҚШ-та көк байрағымыз көкке көтерілді
Республика күніне орай Нью-Йоркте Қазақстанның Мемлекеттік туы көкте желбіреді. Салтанатты іс-шара Нью-Йорктің танымал Уолл-Стрит көшесінде өткен.
25 Қазан, 2024
Басқа басылымдардан: Тәуелсіздік қадамдарына әлемдік көзқарас
Кеңес өкіметі тарап, құрамындағы бірқатар мемлекет егемендік ала бастағаны – шетел баспасөзінің басты тақырыбына айналды. Әсіресе мұны мұхиттың арғы жағындағы алпауыт АҚШ-тың белді басылымдары жарыса жазған. Мәселен, 1991 жылдың 26 желтоқсанында «New York Times» газеті «End of the soviet union; The Soviet State, Born of a Dream, Dies» атты көлемді мақала жариялады. Бұл сараптамада кеңес одағының ыдырауы, елдердің ендігі ахуалы, әр елдің әлеуеті секілді мәселелер көтерілген. Басты мысалы – Қазақстан. Сол жылдары шетелдік басылымдарда жарық көрген мақалаларда Қазақстанның кеңес одағынан мұраға қалған ядролық қаруы, одан бас тартудағы қадамдар, нарықтық экономикаға көшуі, энергетикалық қорлары, мемлекет құруға кіріскен кездегі оқиғалар қамтылған.
25 Қазан, 2024
Алматының орталығында орналасқан мына бір ғимараттың ел тарихында алар орны бөлек. Азаттықтың алтын бесігіне баланатын ару шаһардағы дәл осы нысанда 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Жоғарғы кеңестің кеңсесі болған ғимарат – талай тарихи оқиғалардың шежіресі қатталған мекен. 1991 жылы «Тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң да осы жерде бекітілді. Астананы елордаға ауыстыру туралы шешім де осында қабылданды.
25 Қазан, 2024
Экология саласындағы ынтымақтастық артады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, онда Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы заң қаралды.
25 Қазан, 2024
Қаржы сегменті: Алдымызда алтыншы кезең тұр
Қаржы нарығы бүгінде бұрын-соңды болмаған мүмкіндік пен инновациялық серпіліс кезеңін бастан өткеріп жатыр. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, жасыл экономикаға бағытталған инвестиция мен нарықтың жаһандық интеграциясы – осының бәрі қаржы әлемінде болашаққа жол ашады. Өзгерістер толқынында икемділік танытып, жаңашыл шешімдер қабылдаған мемлекеттердің үлкен табысқа қол жеткізу мүмкіндігі де зор.
25 Қазан, 2024
Сенімді нығайтқан саяси реформа
Кейінгі бес жылда елдің саяси өмірінде сең қозғалды. Мемлекеттің басқару жүйесіндегі жаңа реформа халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуына, қоғамға әлеуметтік оптимизм мен ынтымақтастықты қайтаруға тың серпін берді. Ең маңыздысы, реформалардың жүйелі әрі дәйекті жүргізілуі жұрттың айтарына құлақ түретін Үкіметтің өз бетінше шешім қабылдап, заң шығарушы палатаның да ықпалын арттыра түсті.
25 Қазан, 2024
Еліміздің үздік педагогтарына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді
Республика күні қарсаңында елордада «Үздік педагог - 2024» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы жылы аталған байқауға мектептер мен колледждерден барлығы 1750 мұғалім қатысып, оның ішінде 64 педагог өз ісінің үздігі болып танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қазан, 2024
Президент «БРИКС плюс» саммитіне қатысушылармен әңгімелесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Президент: Қазақстан Қытайдың бастамасын қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің көпжақты күш-жігері БҰҰ қызметін үйлесімді түрде толықтыратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Ел азаматтарына eGov жүйесінде тұрғын үй сертификаттары беріле бастады
eGov.kz сайтында жаңа қызмет пайда болды. Енді ел азаматтары ипотекалық несие бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын электронды үкімет порталы арқылы ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Астанада LRT қашан іске қосылатыны айтылды
Премьер-министр Олжас Бектенов елордада жеңіл рельсті көлік LRT желісін салу жөніндегі жобаның барысын тексерді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Олжас Бектенов Су кеңесінің отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен су үнемдеу, су қоймалары, тарифтер және кадрлар даярлау мәселесі бойынша Су кеңесінің отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің 7 ақпанда өткен су қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін шешу үшін су ресурстарын басқару жүйесін трансформациялау жөніндегі кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қазан, 2024
26,5 млн тонна астық бастырылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін орағының қорытындысы қаралды. Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция, Көлік министрі, бірқатар облыс әкімдері диқандарды сапалы тұқым, минералды тыңайтқышпен қамтамасыз ету, өнімді өткізу, экспорттық нарықты кеңейту туралы баяндады.
24 Қазан, 2024
Қандасқа қамқорлық – қоғам парызы
Ел егемендігінің жарқын бір жетістігі – кезінде түрлі себеппен туған жерінен үдере көшіп, әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қандастарымыздың көк байрағы желбіреп, тәуелсіздігін тұғырына қондырған атамекеніне оралуына мүмкіндік туғызғаны.
24 Қазан, 2024
Шетел оқытушыларының дәрісін тыңдады
Қазір елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары көптеп ашылып жатыр. Мұндай үрдіс ізденушілерге өз Отанынан алысқа ұзамай-ақ халықаралық деңгейдегі мамандардан сабақ алуға жағдай жасады.
24 Қазан, 2024
Өзбекстандағы Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық және қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі ашылды.
24 Қазан, 2024
Бабалар тарихының алтын парағы
Осы уақытқа дейін Жошы хан туралы әртүрлі дүниелерді оқып келдік. «Ақсақ құлан – Жошы хан» туралы аңыз бен күй құлағымызға бала күнімізден сіңді. Тіпті мультфильмнен көріп өстік. Ол кезде бір түсті қара сұр экран болса да ұлттық құндылықтар молырақ сияқты еді. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан – Жошы хан» секілді мультфильмдер тамашалайтынбыз. Қазір бұлардың исі де жоқ. Мүмкін дәл сол уақытта телміретін басқа дүние болмады. Айтпағымыз ол да емес, Жошы хан еді ғой.
24 Қазан, 2024
Жигули Дайрабаев: Әрбір адам отаншыл болуға тиіс
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдайтын кезде қиян-кескі талас-тартыс пен пікірталас жүрді. Сол оқиғалардың бел ортасында тарихи сәттің куәгері болғандардың бірі – белгілі қоғам қайраткері Жигули Дайрабаев. Мереке қарсаңында Мәжіліс депутатымен арнайы жолығып, декларацияның қалай қабылданғанын, Республика күніне қатысты ойын білдік.
24 Қазан, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында көрме ашылды.
24 Қазан, 2024
«Тау ұлымын, тау – менің дәу бесігім» деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, тау – қазақтың тағзым етіп, еңсе түзер биігі. Әкені асқар тауға балап, «таудай бол!» деп бата беретін елміз. Бүгінде сол тау сакралды ұғым ғана емес, таудай табыс көзіне айналып отыр.
24 Қазан, 2024