Редакция таңдауы
Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды
Албания астанасы Тиранада еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
28 Қазан, 2024
Қараша айында ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» қараша айында қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2024
Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының «алтыны» үшін күреседі
Албанияда күрес түрлерінен U23 санатында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2024
Қазақстанда мопедті қалай тіркеу керек? ІІМ құжаттар тізімін жариялады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеуге қажетті құжаттар тізімін жариялады. Тиісті түзетулер жобасы 4 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталына талқылауға жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
27 Қазан, 2024
Қостанайда интернат тәрбиеленушісі әкімдікті сотқа берді
Қостанайда интернат тәрбиеленушісі әкімдікті сотқа беріп, кезекке қою мерзімін түзетуді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2024
Қазақстан - менің екінші отаным – Жоел Адамсон
1990 жылдың 25 қазанында азаттықтың алғышарты «Егемендік декларациясы» қабылданды. Қазақстан қазығын жеке-дара қаққан бұл күні елімізде Республика күні тойланады. Ұлық мерекені тойлау 2009 жылдан 2022 жыл аралығында үзіліп қалды. Рух мейрамын қайта мерекелеу бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың маусым айында Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда қайта көтеріп, Қазақстанның бас мерекесі ретінде атап өтуді ұсынды. Сол жылдың қыркүйегінде Республика күні заңды түрде қайта оралып, мөрлі жарлық басылды. Президентіміз ұлық мереке Тәуелсіздік тұғырын шегелеуді, оның қадір-қасиетін насихаттауды мұрат ететінін әрдайым еске салып келеді. Бұл күн - тарихи тағдырлы шешімдерге бойлап, болашақты ойлайтын айрықша дата.
25 Қазан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
25 Қазан, 2024
Биыл ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, ғұлама-ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толып отыр. Бұл тұлғаның ұлт руханиятына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Тарихи тұлғаның артында қалған естеліктері мен замандастары жазып алған ой-толғамдарын шолып отырып, ғалымның өмірлік мұңы барын аңғардық.
25 Қазан, 2024
Ғасырлар бойы аңсап келген азаттық бәрімізге қымбат. Сол баға жетпес байлығымыздың айғағындай Республика күні – сан ғасырдан бері бабаларымыздың үміті, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген мереке. Халқымыздың кеудесін қуанышқа толтырып, думандатып тойлайтын айтулы күн.
25 Қазан, 2024
Ұлттың ұлы мерекесі Республика күнін қарсы алған сайын толқитыным рас. Өйткені бұл – мен үшін ерекше күн!
25 Қазан, 2024
АҚШ-та көк байрағымыз көкке көтерілді
Республика күніне орай Нью-Йоркте Қазақстанның Мемлекеттік туы көкте желбіреді. Салтанатты іс-шара Нью-Йорктің танымал Уолл-Стрит көшесінде өткен.
25 Қазан, 2024
Басқа басылымдардан: Тәуелсіздік қадамдарына әлемдік көзқарас
Кеңес өкіметі тарап, құрамындағы бірқатар мемлекет егемендік ала бастағаны – шетел баспасөзінің басты тақырыбына айналды. Әсіресе мұны мұхиттың арғы жағындағы алпауыт АҚШ-тың белді басылымдары жарыса жазған. Мәселен, 1991 жылдың 26 желтоқсанында «New York Times» газеті «End of the soviet union; The Soviet State, Born of a Dream, Dies» атты көлемді мақала жариялады. Бұл сараптамада кеңес одағының ыдырауы, елдердің ендігі ахуалы, әр елдің әлеуеті секілді мәселелер көтерілген. Басты мысалы – Қазақстан. Сол жылдары шетелдік басылымдарда жарық көрген мақалаларда Қазақстанның кеңес одағынан мұраға қалған ядролық қаруы, одан бас тартудағы қадамдар, нарықтық экономикаға көшуі, энергетикалық қорлары, мемлекет құруға кіріскен кездегі оқиғалар қамтылған.
25 Қазан, 2024
Алматының орталығында орналасқан мына бір ғимараттың ел тарихында алар орны бөлек. Азаттықтың алтын бесігіне баланатын ару шаһардағы дәл осы нысанда 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Жоғарғы кеңестің кеңсесі болған ғимарат – талай тарихи оқиғалардың шежіресі қатталған мекен. 1991 жылы «Тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң да осы жерде бекітілді. Астананы елордаға ауыстыру туралы шешім де осында қабылданды.
25 Қазан, 2024
Экология саласындағы ынтымақтастық артады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, онда Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы заң қаралды.
25 Қазан, 2024
Қаржы сегменті: Алдымызда алтыншы кезең тұр
Қаржы нарығы бүгінде бұрын-соңды болмаған мүмкіндік пен инновациялық серпіліс кезеңін бастан өткеріп жатыр. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, жасыл экономикаға бағытталған инвестиция мен нарықтың жаһандық интеграциясы – осының бәрі қаржы әлемінде болашаққа жол ашады. Өзгерістер толқынында икемділік танытып, жаңашыл шешімдер қабылдаған мемлекеттердің үлкен табысқа қол жеткізу мүмкіндігі де зор.
25 Қазан, 2024
Сенімді нығайтқан саяси реформа
Кейінгі бес жылда елдің саяси өмірінде сең қозғалды. Мемлекеттің басқару жүйесіндегі жаңа реформа халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуына, қоғамға әлеуметтік оптимизм мен ынтымақтастықты қайтаруға тың серпін берді. Ең маңыздысы, реформалардың жүйелі әрі дәйекті жүргізілуі жұрттың айтарына құлақ түретін Үкіметтің өз бетінше шешім қабылдап, заң шығарушы палатаның да ықпалын арттыра түсті.
25 Қазан, 2024
Еліміздің үздік педагогтарына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді
Республика күні қарсаңында елордада «Үздік педагог - 2024» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы жылы аталған байқауға мектептер мен колледждерден барлығы 1750 мұғалім қатысып, оның ішінде 64 педагог өз ісінің үздігі болып танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қазан, 2024
Президент «БРИКС плюс» саммитіне қатысушылармен әңгімелесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Президент: Қазақстан Қытайдың бастамасын қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің көпжақты күш-жігері БҰҰ қызметін үйлесімді түрде толықтыратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
24 Қазан, 2024
Ел азаматтарына eGov жүйесінде тұрғын үй сертификаттары беріле бастады
eGov.kz сайтында жаңа қызмет пайда болды. Енді ел азаматтары ипотекалық несие бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын электронды үкімет порталы арқылы ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қазан, 2024