Редакция таңдауы
Павлодар облысында көріктендіру жұмысына бөлінген қаржы көлемі әртүрлі болып шыққан
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ауылдық аумақтардың тазалығын тексерген арнайы мониторинг өткізілген.
13 Сәуір, 2019
Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа райы құбылады
13 сәуір күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады деп хабарлайды «Қазгидромет».
13 Сәуір, 2019
Велоспорт: «Астана» Түркияға аттанады
Таяу күндері велоспорттан Түркияда өтетін дәстүрлі «Президент туры» көпкүндігіне Қазақстанның «Астана» клубының қандай құрамда қатысатыны белгілі болды.
13 Сәуір, 2019
Теннис: Попко жартылай финалға шықты
АҚШ-тың Санрайз қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жартылай финалда күш сынасу құрметіне ие болды.
13 Сәуір, 2019
Шайбалы хоккей: Қазақстан Қытайды ұтты
Бейжіңде шайбалы хоккейден бірінші дивизиондағы «В» тобындағы командалар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы кездесуінде Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытаймен күш сынасты.
12 Сәуір, 2019
Өскеменде Қаныш Сәтпаевтың құрметіне аудитория ашылды
Бүгін Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күні және әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығына орай оқу орнында геолог атындағы атаулы аудитория ашылып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
12 Сәуір, 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияға Марат Тәжин жетекшілік етеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңартылған Ұлттық комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин жетекшілік етеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
12 Сәуір, 2019
Қара құрдым шекарасының суреті түсірілді
Сәуір айының 10-ы күні әлем ғалымдары тарихта тұңғыш рет ғарыш кеңістігіндегі Қара құрдымдардың бірінің фотосын таныстырды. Дәлірек айтқанда, Қара құрдымның өзі емес, оның жиегінің фотосы. Өйткені Қара құрдымның өзін фотоға түсіру мүмкін емес.
12 Сәуір, 2019
Жамбыл өңірінде ақпан айының соңын ала жердің тоңы жібіп, қардың көбесі сөгілді. Наурыз айы келе салысымен-ақ көктемнің самал желі есіп, өңір табиғаты өзгеше күйге енді. Мезгілдің бұл мінезін көпшілік жақсылыққа жорып, биыл егіннің бітік шығатынын, жердің ылғалы мол болатынын айтып жатты. Ал халқымыз «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп бағасын арттырған сәуір айының алғашқы күндерінен бастап-ақ өңірде көктемгі егіс жұмыстары қыза түсті.
12 Сәуір, 2019
Ақжайық өңірінің диқандары көктемгі егіске дайындалып жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өңірдегі егін шаруашылығымен айналысатын ұйымдармен арада жасалған меморандумға сүйеніп, биыл егіс алқабы 542,3 мың гектар болатынын хабарлады.
12 Сәуір, 2019
2019 жылдың бірінші тоқсанында «ҚТЖ» желісі бойынша транзиттік контейнерлік тасымал 54% артты
2019 жылдың бірінші тоқсанында транзиттік қатынаста контейнерлік тасымал 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% өсті және 139,1 ЖФБ құрады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
12 Сәуір, 2019
Жұрт тілегімен үндескен шешімнің нәтижесі оң болады
«Кезектен тыс президенттік сайлау – тұрақтылық пен татулық кепілі» дейді Маңғыстау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ел Президентін халық сайлауы тиіс» тақырыбымен өткен брифингте облыстағы бірқатар ҮЕҰ жетекшілері. Олар брифингте кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты пікірлерімен бөлісті.
12 Сәуір, 2019
Халықты шоғырландыру процесіне серпін береді
Бәрімізге белгілі, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялағаннан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиға біздің қоғамда үлкен серпіліс тудырды.
12 Сәуір, 2019
Елбасы бастамалары жалғасын табуы керек
«Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 9 маусымында болады деп жарияланған кезектен тыс президент сайлауына толықтай қолдау білдіреді.
12 Сәуір, 2019
Атырау және Қызылорда облыстарына жаңа прокурорлар тағайындалды
Прокуратура органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды.
12 Сәуір, 2019
iKomek үш айда 500 мыңнан астам өтініш қабылдады
Қаңтар-наурызда бірыңғай байланыс орталығы жарты миллионнан астам өтініш қабылдады, оның 6 400-і жұмыс процесінде деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
12 Сәуір, 2019
Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды
Талдықорған қаласының әкімі ауысты. Енді бұл қызметті Ғалымжан Әбдірайымов атқарады.
12 Сәуір, 2019
Мұрат Жұрынов: Әділетсіздіктің үлкені – әрбір маманға өзіне лайық қызметін бермеу
Кезінде КСРО Ғылым академиясының президенті, академик А.П.Александров: «Қазақстан ғылымы Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр» деп үлкен баға бергенін көпке дейін малданып келдік. Одан бері дүние түбегейлі өзгерді. Тәуелсіздіктің елең-алаңында ғылымды тоқыратпауға талпындық. Осы жылдар бедерінде де оны дамытуға аз қаражат салынған жоқ. Ғылымды экономикамен, өндіріспен ұштастыруға ұмтылып бақтық. Ғылым күні қарсаңында Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат ЖҰРЫНОВПЕН әңгімелескен едік. Әлбетте, ғалымдардың тыныс-тіршілігі, кеше ғана ҰҒА құзырында болған 45 ғылыми-зерттеу институтының бүгінгі ахуалы, мемлекеттің мүддесіне қызмет ететін ғылымның дипломатиялық рөлі сынды сауалдарды соңғы уақытта елімізде болып жатқан үлкен өзгерістер кейінгі сұхбатқа ысырды. Сондықтан да әңгіме ел шежіресінде орын алып жатқан тарихи оқиғалардан бастау алды.
12 Сәуір, 2019
Келес ауданына 5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған
Түркістан облысы Келес ауданында өндірілген жалпы өнім көлемі 2018 жылы 46,9 млрд. теңгені құраған. 2019 жылы оның көлемін 62,3 млрд. теңгеге жеткізіп, көрсеткішті 32,8 пайызға арттыру арттыру межеленуде. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.
12 Сәуір, 2019
Байқоңыр мәселелері талқыланды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен кеше палатаның кезекті отырысы өтіп, онда күн тәртібіне сәйкес бес мәселе қаралды.
12 Сәуір, 2019