Редакция таңдауы
Аһ, Пушкин! – Александр Сергейұлы. Дүниеге бір келе қалған ерек те бөлек жан – Құдайдың сүйген құлысың ғой! Кержақтар қызғаныштың қызыл отынан, құқайлар қара бастарының қамынан – сені көре алмады. Ақыры... өлтіріп тынды. Бірақ, рухың өлмейді. Жұлдызды жолың өшпейді.
27 Мамыр, 2019
2019 жылдың көктемінде интернеттің пайда болғанына 30 жыл толды. Қазіргі уақытта интернетке қолжетімділіктің кеңеюі – заманауи үрдістердің бірі. Бүгін біз ғаламдық желіні тек өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік дамудың қажетті шарты деп қабылдаймыз. Интернеттің таралу қарқыны таңғалдырады: 50 миллиондық аудиторияны қамту үшін радиоға 30 жыл, теледидарға 13 жыл қажет болса, ал интернетке тек 4 жыл жеткілікті болды.
27 Мамыр, 2019
Жеке кәсіпкерлік – экономика өзегі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Алқалы жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.
27 Мамыр, 2019
Ялчын Топчу: Н. Назарбаев Түркі әлемі тарапынан берілген әрбір атақ пен дәрежеге толығымен лайық
Түркі әлемінің Ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы әрі Түркия – Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың нығайа отырып дамуын, әрі Түркі кеңесінің құрылып осы күнге жетуін қамтамасыз етті.
25 Мамыр, 2019
Сенат Төрағасы: Балалар тағамдарының өндірісін ұлғайту қажет
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Алматыдағы жұмыс сапары аясында Қазақ тамақтану академиясы мен «Амиран» балалар сүт тағамдары зауытында болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
25 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
25 Мамыр, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев елордада ауызашар берді
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында хабарлады.
25 Мамыр, 2019
Асқар Мамин: Көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы аяқтау - маңызды мәселе
Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу барысы туралы жұмыс кеңесін өткізді. Оған мемлекеттік органдар басшылары, облыс әкімдері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен одақтар өкілдері қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
25 Мамыр, 2019
Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқас алдында салмақ өлшеді
Ертең таңғы мезгілде америкалық Оксон Хилл қаласындағы (Мэрилэнд штаты) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде бокс шоуы болады. Оған жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) қатысады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
25 Мамыр, 2019
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
25 Мамыр, 2019
Түркістан: ауыл кәсіпкерлеріне төмен пайызбен 6,8 млрд теңге беріледі
Түркістан облысында ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен қаржыландыру жұмысы нәтижелі жүргізіліп келеді. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан филиалы тарапынан 6,8 млрд теңге заем беру жоспарланған. Оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында – 3,3 млрд теңге қарастырылған. Нәтижелі жұмыспен қамту қаражатын қайта инвестициялау арқылы 725,3 млн теңге, қордың жеке қаражатынан – 2,7 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.
25 Мамыр, 2019
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы рухани жаңғырту (Орал өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы. ХХ-ХХІ ғасырдың басы)» атты монография мен хрестоматияның тұсаукесері өтті.
25 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
24 Мамыр, 2019
Президенттікке кандидаттар арасында пікірсайыс өтеді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында еліміздің саяси партиялары мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдері қатысқан отырыс өтті. Онда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталас пен пікірсайысты өткізу және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу жайы қаралатындығын айтты.
24 Мамыр, 2019
«Highvill» компаниясы Шымкентте тұрғын үй кешенін салады
Биыл күзде әлемдік құрылыс саласындағы жетекші компания – «Highvill» «Shymkent City» қалашығында тұрғын үй кешенінің іргетасын қалайды.
24 Мамыр, 2019
Тереза Мэй отставкаға кететінін мәлімдеді
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 7 маусымда отставкаға кететіні туралы мәлімдеді.
24 Мамыр, 2019
Panasonic Huawei компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатады
Жапондық Panasonic компаниясы Қытай телекоммуникациялық конгломератына қатысты АҚШ енгізген шектеу шараларын сақтау мақсатында Huawei-мен ынтымақтастықты тоқтата тұру туралы мәлімдеді.
24 Мамыр, 2019
Қазақстанның барлық аймағында онкологтар мең, қалдарды тегін тексереді
25 мамыр күні Қазақстанның барлық аймақтық онкологиялық мекемелерінде Ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні онколог-мамандар меланомаға және тері обырына тегін тексерістер өткізеді және тегін кеңес береді.
24 Мамыр, 2019
Қарағанды облысының әкімі халықаралық байқаушылармен кездесті
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының байқаушылары Мартин Россман және Камиль Форимен кездесті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
24 Мамыр, 2019