Редакция таңдауы
Ғалам ғажаптары: Сахараны су басты
Сахараға кейінгі 50 жылда болмаған жаңбыр жауды. Толасыз жауынның соңы селге айналды.
12 Қазан, 2024
Қазақ киносы АҚШ ғалымының көзімен
Джордж Вашингтон университетінің профессоры Питер Роллбергтің «Советтік Қазақстанның кино өнері» атты монографиясы – Батыс әлеміндегі Орталық Азия елдерінің мәдениетіне қызығушыларға таптырмас оқулықтың бірі.
12 Қазан, 2024
Астанада жексенбі күні бірнеше көше жабылады
13 қазан күні елордада Astana City Marathon жарысы өтеді. Марафонның өтуіне байланысты елордадағы бірнеше көше ішінара жабылады, деп жазады Egemen.kz.
11 Қазан, 2024
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру жүйесіне өзгеріс енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгеріс енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
11 Қазан, 2024
Өңір диқандары 6 млн тоннадан аса астық жинады. Тәуелсіздік жылдары мұндай мол астық тек 2011 жылы ғана шыққан еді.
11 Қазан, 2024
Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңге
Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
11 Қазан, 2024
Қатармен байланыстың жаңа бағыттары
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда сенаторлар Қазақстан мен Қатар Үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады, депутаттық сауалдарын жолдады.
11 Қазан, 2024
Ертіс-Баян өңірінде құрамында жоғары көміртекті сульфидті алтын бар концентраттарды қайта өңдейтін комбинаттың құрылысы басталады. Жаңа өндіріс жылына 300 мың тонна шикізат өңдеп, одан шығарған доре қорытпасын (алтын және күміс қорытпасы) афинаж зауытына ұсынады. Доре қорытпасынан банктерге қажет алтын құймасы жасалатынын екінің бірі біле бермес.
11 Қазан, 2024
Елім деген ері барда, ерім деген елі де болары даусыз. Тұтас саналы ғұмырын ұлт жолына арнаған тұлғалар бар. Бар ғұмыры ел тағдырымен бір қолдың саласындай байланысқан ардақты ерлер жетерлік. Солардың бірі һәм бірегейі – Сәкен Сейфуллин.
11 Қазан, 2024
Қолдауға лайық жастар бастамалары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өткізген брифингінде: «Жастарды қолдаймын. Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Бұл – жай ұран емес, біздің басты саясатымыз», деді. Ендеше, елде жастар бастамаларын қолдау қалай жүргізіліп жатыр?
11 Қазан, 2024
Жұмыс табуға септесетін платформа
Елордалық жұмыссыз жандарды жарылқаған «Joltap» жобасы «Jumystap.kz» платформасын іске қосты. Жаңа қосымшаға екі ай ішінде 30 мың адам кіріп, оның 7 мыңы тіркелген. Ендеше, бұл бастаманың мақсат-міндеті қандай?
11 Қазан, 2024
Қазақ ән өнерінде дарынды дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың есімі ерек. «Тойың тойға ұлассын», «Досым» секілді ел жүрегіне қоныстанған таңдаулы әндері халық жадында мәңгі қалмақ. Тіпті шығармалары шетел асып, қазақ өнерін аспандатып келеді. Оған дәлел тұңғыш рет өткен «Елге арнау» халықаралық әнші-вокалистер мен жеке аспапта орындаушылар байқауы.
11 Қазан, 2024
Бас жүлде – «Болмаған балалық шақта»
Еліміздің маңдайалды театрлар ұжымы Өскеменде бас қосты. Балалар әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалі өтті.
11 Қазан, 2024
Дзюдодан әлем чемпионаты елімізде өтеді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мажарстанның астанасы – Будапештке сапары барысында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, 2027 жылғы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты елімізде өтетіні туралы ортақ мәмілеге келіп, келісімге қол қойды.
11 Қазан, 2024
Төлеу ақынға төреден өткен балдақ
Хакім Абайдың көзін көрген көрнекті халық ақындарының бірі – Төлеу Көбдікұлы. Оған қатысты әрбір дерек, алақанының табы қалған жәдігер де құнды әрі қастерлі. Сол арқылы ақын әр қырынан танылып, беймәлім сырлар көңілге қонақтайды. Баласы Мұрат Төлеуұлының шаңырағында ақынның қолжазбалары және көзі тірісінде жарық көрген жыр жинақтары, фотосуреттері мен жеке заттары – шапаны, домбырасы, шақшасы, балдағы, кісе белбеуі сынды дүниелері сақтаулы. Тұтынған заттарының арасында қолының табы қалған балдағының тарихы да терең.
11 Қазан, 2024
Екі ел Президенттері стратегиялық серіктестік туралы декларацияны қабылдады
Келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қазан, 2024
Елордадағы Мәңгілік ел даңғылында қозғалыс шектеледі
LRT құрылысы бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты Астанада автокөліктерге арналған қозғалыс екі жол учаскесінде жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов атом электр станциясының құрылысын қаржыландыруға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді
2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ШОК субъектілерінің залалды өтеу туралы өтінімдерін қабылдау және қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024