Редакция таңдауы
Дәрі-дәрмектің бағасын бақылау күшейтілді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құжат айналымындағы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бағасының алшақтау фактілерін автоматты түрде анықтау үшін өзінің ақпараттық жүйелерін оңтайландырды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Иммундық жүйені бақылаудың тың жолы
Отандық ғалымдар «Дені сау ұлт» ұлттық бағдарламасы аясында халық саулығын жақсартуға септесетін AI негізіндегі стартап әзірледі.
10 Қазан, 2024
IX Халықаралық «Шипажай-2024» ғылыми-практикалық форумында санаторийлік-курорттық саланың сарапшылары бас қосты. Форум медициналық оңалту, санаторийлік-курорттық емдеу күндері аясында ұйымдастырылды.
10 Қазан, 2024
Ақтау қаласының жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді
Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қазан, 2024
Діни диалог және жастар әлеуеті
Астанада «Ортақ болашақ жолында: жас көшбасшылардың дінаралық диалогті нығайтудағы рөлі» тақырыбына арналған алғашқы Жас діни лидерлер форумы өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында ұйымдастырылған іс-шараға әлемнің 30-дан аса елінен келген делегаттар қатысып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын талқылады. Отырыстың нәтижесінде жас дін лидерлерінің бірлескен үндеуі қабылданып, алдағы ортақ жұмыстың басым бағыттары белгіленді.
10 Қазан, 2024
Былтырдан бері елімізде қандастарды шоғырландырып, мемлекеттің экономикалық ахуалының нығаюына серпін беру бағытында «Ата жолы» картасы енгізілді. Ілкімді жоба аясында елуден астам қандасымыз атажұртқа табан тіреп, ел өміріне, қызу еңбекке белсене араласып кетті. Ресей, Қытай секілді көршілес елдерден ғана емес, АҚШ, Еуропа елдеріндегі қандастарымыз да карта алуға ықылас танытып отыр.
10 Қазан, 2024
Стрестік активтер электронды алаңда сатылады
Елімізде стрестік активтерді сатуға арналған алғашқы цифрлық платформа – DMAS іске қосылды. Бұл туралы Алматыда өткен Central Asia FinTech Summit 2024 форумында хабарланды. Бастама Мемлекет басшысының стрестік активтерді экономикалық айналымға нарықтық негізде қайтару жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты.
10 Қазан, 2024
Мүгедектігі бар адамдардың құқы қаралды
Астанада мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын іске асыру аясында халықаралық семинар басталды. Оған халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
10 Қазан, 2024
Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі
Елдегі электр генерациясының негізгі үлесін көмір электр стансалары қамтамасыз етеді. Бұл әдіс салыстырмалы түрде арзан болғанымен, экологияға үлкен зиян келтіреді. Сарапшылардың айтуынша, парниктік газдар, күкірт пен азот оксидтері, бөлшек шығарындылары ауаның ластануына, климаттың өзгеруіне, халықтың денсаулығына едәуір қауіп төндіреді. Атом стансалары болса, жұмыс кезінде көмірқышқыл газы мен басқа да парниктік газдарды шығармайды. Жаһандық жылыну мәселелеріне қарсы күресте ядролық энергияны маңызды құралға айналдырған да – осы қасиеті. Әсіресе көмір мен мұнайды кеңінен пайдаланатын елдерге экологиялық жүктемені азайтуға әжептәуір септігін тигізген.
10 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Марстан қуат алатын батарея
Қытай ғалымдары Марс атмосферасынан қуат алатын батарея жасап шығарды.
10 Қазан, 2024
Қаржы министрлігінің қызметкерлері пара алып жатқан жерінен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы, Астана қалаларында кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алмақ болған Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлерін ұстады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қазан, 2024
АЭС салуға іргелі өзгеріс қажет
Адам іс-әрекеті нәтижесінде парниктік газдың шығарылуы климатты нашарлатып, ауаны ластайды. Сондықтан әр ел электр энергиясын өндіру мәселесін қоршаған ортаға зиянсыз технологияға көшіруге тырысады.
09 Қазан, 2024
Ең алдымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгені үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, осы саладағы өзге де жауапты тұлғаларға алғысымды жеткізгім келеді. Бұл – бүкіл әлемге ізгі ниетін арнайтын әрі жалынды сәлемін жолдайтын берекелі басқосу.
09 Қазан, 2024
Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қазан, 2024
Ақкөл ауданындағы Новорыбинка селолық округіндегі «Агрофирма халық жері» серіктестігі бизон әкеліп бағып жатыр деген хабарды естігенде таң қалғанымыз рас. Сөйтсек, бизон бағумен бірге бірқыдыру игілікті іс қолға алыныпты.
09 Қазан, 2024
Тұрғындар сапалы медициналық көмекке зәру
Ақтөбе өңірінде денсаулық сақтау саласында қалыптасқан ахуал, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты алаңдатарлық жағдай көп. Тек осы жылдың тоғыз айы ішінде ана мен сәби өлімі көбейіп, қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны өскен.
09 Қазан, 2024
Қожа әзербайжан тілінде сөйледі
Тұтас буынға шапағын шашқан көрнекті жазушының құнды мұралары бүгіннен ертеңге бет алған алып кеме іспетті.
09 Қазан, 2024
Биыл қазақ халқының дарынды тумасы, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, фольклортанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда мына бір ұлылар үндестігі хақында айтпай кетуге болмас. Өйткені, бұл оқиға болашаққа үлгі һәм қазіргі біздің айтып жүрген ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі іспетті.
09 Қазан, 2024
6 қазан күні Қарағанды облысының аумағында басталған өрт Баянауыл ауданының бір ауылдық аумағына өтіп кетті. Тілсіз жау Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағына кірген. 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
09 Қазан, 2024
Мейірім алтын белбеуге таласады
Кәсіпқой бокстан WBC нұсқасында орта салмақтың чемпионы Карлос Адамес келесі кездесуін әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы өткізеді. Бұл ақпаратты BatmanBoxing твиттер-аккаунты таратты.
09 Қазан, 2024