ANTIKOR • 09 Қазан, 2024

Қаржы министрлігінің қызметкерлері пара алып жатқан жерінен ұсталды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы, Астана қалаларында кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алмақ болған Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлерін ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы министрлігінің қызметкерлері пара алып жатқан жерінен ұсталды

Фото: Антикор

Алматы, Астана қалаларында қылмысы әшкереленген Қаржы министрлігінің басқарма басшылары кәсіпкерлерден заңсыз ақша алмақ болған. 

Антикор ақпаратынша, күдіктілер компанияға 570 миллион теңге салықтың негізсіз қосымша есептелуі, толық сомасына азайтылуы шартымен делдал арқылы осы компанияның өкілімен байланысқа шыққан. Олар алдағы уақытта осы мәселені шешу сылтауымен 68 млн теңге сомасында ақша алып жатқан кезде ұсталған.

Соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, «үй қамағына» алынған.

Сондай-ақ ведомствоның басқа лауазымды тұлғаларының бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше