Редакция таңдауы
Келісімдер екі ел экономикасының дамуына серпін береді - Мемлекет басшысы
Президент Қазақстан мен Ресей агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге әлеуетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Елімізде жалпы қуаты 370 МВт болатын жобалар пайдалануға берілді - Президент
Мемлекет басшысы бір жыл бұрын Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын еске салды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Қазақстан мен Ресей Президенттері ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2024
Мәжіліс жаңа Су кодексінің жобасын мақұлдады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттар және сарапшылармен бірлесіп әзірленген Су кодексінің жаңартылған жобасын таныстырды. Құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Мәжіліс Азия Даму Банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Құжат 2024 жылы 23 тамызда Астана қаласында жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Маңғыстау облысында бу-газ қондырғысы салынады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания электр және жылу энергиясын өндіруге және жеткізуге маманданған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2024
12,8 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
2024 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша 12 835 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 13 673 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Сақтандыру: сенім мен жауапкершілік
Қазір елімізде 25 сақтандыру ұйымы бар. Оның 15-і жалпы сақтандырумен айналысады. Ал 10-ы өмірді сақтандыру саласында жұмыс істейді. Жалпы, кейінгі бес жылда сақтандыру саласы айтарлықтай өскен. Компаниялардың активтері 56%-ға ұлғайып, 1,4 трлн теңгені құрады, ал сақтандыру төлемдерінің көлемі 70%-ға артты. Соның ішінде міндетті автосақтандыру, мүлікті ерікті сақтандыру, ауырған жағдайда ерікті сақтандыру жетекші бағыт болып тұр.
27 Қараша, 2024
Жауапкершілік пен кәсібилік салаға серпін береді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрландыру саласын дамыту, сонымен қатар теміржол мен транзиттік әлеуетті арттыру мәселесі талқыланды.
27 Қараша, 2024
Сабақ уақытын қысқарту керек пе?
Қыс мезгілінде күн ерте батады. Уақыт белдеуі өзгергендіктен, қазір тіпті сағат төрттің шамасында қас қараятын болған. Бұл, әсіресе мектеп оқушыларына қиындық тудырып отыр. «Баламыз тас қараңғыда үйге аман-есен жете ме» деп алаңдайтын ата-ана көп.
27 Қараша, 2024
Судьялар тәуелсіздігін нығайту маңызды
Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, оларды сапалы түрде іріктеуге бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бүгінде Жоғары сот кеңесі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуде, сапалық құрамды қалыптастыруда бірқатар шара қабылдады.
27 Қараша, 2024
Тұрғын үй нарығында түйткіл көп
Тірнектеп тапқан қаржысын құйып, баспанаға қол жеткізбек түгілі басы дауға қалып табалдырық тоздырғандар аз емес. Жылжымайтын мүлік сатып аларда асығыстық танытпай, нысан құжаттарының заңдылығына толық көз жеткізіп алған абзал. Көздеген үйіңіздің құжаттарын қала құрылысын бақылау басқармасы арқылы тексеріп алуға болады.
27 Қараша, 2024
Экологиялық білімнің берері мол
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Экологиялық білім» атты жаңа бағытты таныстырды. Құжатта халықтың барлық жас санаттары арасында экологиялық дүниетаным мен мәдениетті қалыптастыруға қатысты іс-шаралар өткізу көзделген.
27 Қараша, 2024
Шырайлы өлке апат аймағына айнала ма?
Қызылорда облысындағы ең шұрайлы да, шырайлы өлке Шиелі ауданы. Батысында – Сырдария өзені, шығысында – қарт Қаратау, темір жол мен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автобаны қапталында жосылып жатыр. Осындай қолайлы географиялық жағдайымен қатар мал-жанға жайлы табиғаты мұнда халықтың жиі шоғырлануына тіптен тиімді.
27 Қараша, 2024
Біздің елдерді әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара біріктіріп тұр – Қасым-Жомарт Тоқаев
Ресейде шығатын «Известия» газетіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Ресей Президентімен бірге сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылым және техника салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты ауқымды мәселелер талқыланатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Екіжақты тауар айналымы рекордты көрсеткішке жетті – Ресей Президенті
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин республикалық «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, екі ел арасындағы тауар айналымының көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығы шын мәнінде одақтастық сипатта – В.Путин
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапары аясында еліміздің беделді басылымдарының бірі - «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2024
Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды
Бұндай бірқатар ауыс-түйістер туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2024
Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Қазақстанда биыл екі миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2024
Бетбұрыс баянды болсын десек...
Президент былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін атап айтып, Үкіметтің алдына агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау міндетін қойғаны мәлім. Осыған орай ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған дәрежеде қуатты қолдау көрсету және салада іске асырылып жатқан реформа оң нәтижесін бере бастады.
26 Қараша, 2024