Экология • 27 Қараша, 2024

Экологиялық білімнің берері мол

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Орталық коммуникациялар қыз­меті алаңында «Экологиялық білім» атты жаңа бағытты таныстырды. Құжатта халықтың бар­лық жас санаттары арасында экологиялық дүниетаным мен мәдениетті қалыптастыруға қатысты іс-шаралар өткізу көзделген.

Экологиялық білімнің берері мол

Сурет: ru.freepik.com

Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, эко­ло­гиялық қауіпсіздікке бағдарланған, балаларға арнал­ған ғы­лыми, тәжірибелік білім жүйесі әзірленбек. 2029 жылға дейін «Жасыл балабақша» бағытына сәйкес 622 мектепке де­йінгі ұйым құру, оқушылар арасында сынып сағаттарын, эко­логиялық жобалар байқауларын өткізу жоспарланып отыр.

«Қазіргі жетістіктерді ескере отырып, оқыту­шылар­дың біліктілігі арттырылады, білім бағдар­ламалары жа­ңартылады, экологиялық қауіпсіздікке жауапты бас­шы­лар­ды, мамандарды кәсіби қайта даярлау курстары ұйым­дастырылады. Экология саласындағы білім бағдар­ламалары кәсіби стандарттарға сәйкес жаңартылады, бұл экологиялық міндеттерді тиімді шешуге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді», деді министрлік өкілі.

Спикердің айтуынша, университеттер аумағында көкөніс, жеміс-жидек өсіретін «Community Gardens» қо­ғамдық бақтары ашылады. Бақ студенттерге экология, органикалық егіншілік, ауыл шаруашылығы негіздерін тәжірибелік оқыту алаңына айналады, сондай-ақ олардың ұжымдық еңбек, қоршаған ортаға деген жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жоғары оқу орындарында қоғамдық көлікті, вело­сипедтерді пайдалануды, жаяу серуендеуді ынталандыру мақсатында «Green Transportation Initiatives» бастамасын енгізу жоспарланған. Осы бастамалар аясында жол жүру құнына жеңілдіктер беріледі, экологиялық таза көліктерге арналып, велосипед жолдары, автотұрақтар салынады. Бұл іс-шаралар университет студенттері мен қызметкерлерінің көміртегі ізін азайтуға, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз қозғалыс тәсілдерін насихаттауға қатысты жұмыстарды жүйелі жүргізуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілердің де экология сала­сындағы білімін тереңдетуге, құзыреттерін дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру курстарын енгізу көзделген. Бір сөзбен, бастама экологиялық білім беру мәселелерін жан-жақты қарастыруға, халықтың түрлі санаттары арасында экологиялық ақпарат алу мен жауапкершілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ заман талабына сай экологиялық сын-қатерлерге төтеп беруге қабілетті мамандарды даярлауға жол ашады. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15