Жылыой аудандық полиция бөлімінің дерегіне қарағанда, жоғалған жасөспірім 2010 туған. Ол Құлсары қаласындағы үйінен 24 қазанда кешкі сағат 17:00 шамасында шығып кеткен.
Жоғалған жасөспірім спорттық қара түсті костюм, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қолында қоңыр түсті сөмкесі мен iPhone 11 маркалы смартфоны болған.
Аудандық полиция бөлімі жоғалған жасөспірімнің Ақтөбе қаласынан табылғанын растады.
«Кеше жасөспірім Ақтөбе қаласынан табылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған дерекке қатысты тиісті тексеру амалы жүрігізіліп жатыр. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіі мен жүрген жерін қадағалауды ерекше аударуды ескертеміз», деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.