Редакция таңдауы
Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді
Бүгін Астананың орталық саябағында атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының өкілдері бейбіт атомның тиімділігін көрсетуге арналған шағын сәулеттік нысанды орнатты. Іс-шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2024
Елордада Astana Media Week-2024 апталығы басталды
Бүгін елордада Astana Media Week-2024 апталығы басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі іс-шара биыл да шымылдығын түрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2024
ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2024
Тапшылықты жоюдың бірегей тетігі
Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда оқып, білімімді жетілдіріп жүріп байқағаным – бізде техникалық кадр тапшылығы қатты байқалады. Бұл ойым қазір қоғамды толғандырып тұрған атом электр стансасы құрылысы тақырыбымен де сабақтасып жатыр. Олай дейтінім – елде атом энергетикасын қолдану ең бірінші кезекте білікті мамандардың көмегімен ғана жүзеге асырылады. Олардың басым бөлігі, әрине, өзіміздің мамандар болуы керек.
25 Қыркүйек, 2024
Әлем елдері атом энергетикасына бет бұрып жатыр. Көрші Өзбекстан да бір шешімге келіп, ресейлік технологиямен атом электр стансасын салатын болды. Себебі қажетті энергиясының 80 пайыздан астамын газдан өндіріп отырған көрші ел газ тапшылығына ұрынған соң, ең сенімді әрі қауіпсіз энергия көзі ретінде АЭС-ті таңдады.
25 Қыркүйек, 2024
Кейінгі бес жыл бедеріндегі технологиялық жетістіктер көп нәрсенің маңызын елеусіз етіп өте шықты. Әсіресе сауда үйлерінің кіре берісінде тұратын абажадай терминалдар күннен күнге «көзі тірі жәдігерге» айналып бара жатыр. Төлем терминалы деп аталатын бұл құрылғылармен қазір ешкім коммуналдық ақы төлемейді, ақша аудармайды, телефон шотын да толықтырмайды. Соңғы кезде қолдың басындай POS-терминалдар да «аға буынның» жолын құшқандай.
25 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, рухани-мәдени өркендеуін, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты қамтыған батыл бастамаларға толы болды.
25 Қыркүйек, 2024
Сутегі атом бомбасын ойлап табушылардың бірі Андрей Сахаров кейін өз ісіне өзі өкініп, диссиденттік қозғалыстың көсеміне айналды. Ол кезде атом бомбасын жасағандар ерекше мәртебеге ие болған. Көбінің аты-жөні мемлекеттік құпияға айналған. Тоталитарлық қоғамда физиктер мемлекеттің ерекше ілтипат-құрметіне бөленеді. Лириктер болса қуғында болды. Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенскийлердің антисоветтік өлеңдері саяси бюроның шамына тие бастаған. Баспасөзде бұл ақындардың аты-жөнін атауға ЦК-ның арнайы рұқсаты керек болған...
25 Қыркүйек, 2024
«The New York Times»: Әуезовке қазанама қалай берілді?
Сонымен, сіз Вашингтон қаласындағы үлкен кітапхананың бірі – Гельман кітапханасында отырсыз. Жай отырмай, АҚШ сынды алпауыт елдің газеті мен журналы қалай шығады екен, олар нені жазып, оқырманына қандай рухани азық береді екен деген сұрақтарға жауап іздейсіз. Әдеттегідей, алып Америкада маңызды да кең таралатын газеттің бірі – «The New York Times». Осы газеттің бұрынғы сандарын парақтап отырып, «ішінде Қазақ, Қазақстан туралы не бар екен?» деген ой да мазалағаны рас.
25 Қыркүйек, 2024
Еліміздің шығысындағы Зайсанға сонау 60-жылдары мемлекет басшысы Д.Қонаев сапармен келгенде тау етегіндегі жасыл желекті, көшедегі арықтарда сарқырап ағып жатқан суды, қалаға ерекше көрік беріп тұрған Сауыр, Сайқан тауларын көргенде сүйсініп, «қалаларыңыз Алматының макеті сияқты» деген екен. Ол ол ма, өңірде мұнай мен газ, басқа да табиғи байлықтар жатыр. Міне, он жылдан асты, аудан елді мекендеріне газ тартылған. Ауылдарға апаратын жолдарға асфальт төселген, автобустар қатынайды. Қысқасы, Зайсан көркейіп, жаңарып, жасарып келеді.
25 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Жасанды интеллект – жазушы
Бірнеше жыл бұрын жасанды интеллект технологиясы тек деректерді өңдеумен, есептеулермен ғана шектелетін. Алайда осы күні оның шығармашылық әлеуеті кеңейіп, түрлі жанрда әдеби шығармалар жаза алатын қабілетке ие болды.
25 Қыркүйек, 2024
Президент Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандарды жазалауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны бейнеленген видеомен танысып шықты. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі - Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы кәсіпкер Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2024
Энергетикалық тәуелсіздік – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі
Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысында мұнай-газ саласының қызметкерлерімен және мұнайшылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен азаматтық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан Халық штабы құрылды. Бүгінде әр өңірде Президент идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүргізіліп жатыр.
24 Қыркүйек, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге 2 576 үй салынды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен ел азаматтарына арналған 2 576 үйдің құрылысы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2024
Тұлға ретінде танылып, аты аңызға айналған асқақ бейнесі ғасырлар бойы ел жадында сақталып келе жатқан, елім, жерім деп еңіреген ерлердің бірегейі – Шоштан Шегедекұлы.
24 Қыркүйек, 2024
Жақсылардың ізіндей киелі шаңырақ
Құрылғанына 120 жыл толған Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі – еліміздегі педагог кадрларды даярлаған тұңғыш оқу орны. Ашылғаннан бастап, білім беру саласына сапалы маман даярлап келе жатқан іргелі оқу ордасы – көненің көзіндей шежірелі, жақсылардың ізіндей киелі шаңырақ.
24 Қыркүйек, 2024
Айналасын алабота басқан, азынаған желдің өтіндегі қалаға кезінде «Ақмола төңірегі қолайсыз, балшық пен батпаққа орман өспейді» деп сәуегейлік жасағандар қателескенін дәлелдеуге аса көп уақыт қажет болған жоқ. Бүгінде Астана айналасындағы жасыл белдеудің аумағы 100 мың гектарға жетті. «Орманы бардың қорғаны бар» дейді халқымыз. Шаһар ауасының тазалығын қамтып, ыстықта сая, суықта пана болып тұрған орман – бүгінде бас қаланың қорғаны. Енді тек қаланың сырты ғана емес, іші де жасыл желекке айналып келеді.
24 Қыркүйек, 2024
Жұртшылыққа таныстырылған ата тарих
Өткен апта соңында Астана төрінде Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Ұлттық архиві» мен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мекемелері бірлесіп, «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба аясында Ашық есік күнін өткізді.
24 Қыркүйек, 2024