Редакция таңдауы
Әйгілі Кабирханның иесі көшпелілер ойындарының жеңімпазы атанды
Астанада өтіп жатқан көшпелілер ойындары аясында бәйге сайыстары басталды. Бүгін ұшқыр бәйгеден 1600 метр қашықтықты еңсерген жеңімпаздар анықталды, деп жазады Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Тіл – халықтың ең маңызды қазыналарының бірі. Жұртты жақындастыратын байланыс құралы, достық дәнекері. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырза-Әлі айтқандай, қанша тіл білсең де артық етпейді. Ең бастысы, мемлекеттік тіліңді меңгеру – құрметтің биігі.
13 Қыркүйек, 2024
Көшеден тамақтануға көңіліңіз ауа ма?
Үйдегі үйреншікті дастарқаннан бас тартып, көшеден тамақтануға көңіл ауып тұратындар бар. Бір сәт бала-шағасын ертіп, мейрамханалатып қайтуды кім қолай көрмесін. Десе де әркім өз қалта-қарымына қарай көсіледі. Жұрттың бәрі бірдей қымбат мейрамханаға бармаса да, түрлі қоғамдық тамақтану орнына жиі бас сұғу мегаполис тұрғындары үшін қалыпты үрдіске айналғанын байқаймыз.
13 Қыркүйек, 2024
Мұнай бағасының түсуі тығырыққа тірей ме?
«Brent» маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет барреліне 69 долларға құлдырады. Ал «WTI» маркалы мұнайдың бағасы 3,1 пайызға төмендеп, 66 долларға түсті. Сарапшылар бұл құбылысқа әртүрлі баға беріп отыр. Несібесін мұнайдан табатын мемлекеттерді бұл үрдістің үркітетіні рас. Таяқтың бір ұшы бізге де тиетіндей.
13 Қыркүйек, 2024
Полиэтилен өндірісінің өрісі кеңейеді
Отандық өндірістің әлеуетін арттырып, шығарылған өнімге қатысты экспорттық бағдарлауды күшейту – жергілікті өнеркәсіптің алдындағы маңызды міндет болып тұр. Әсіресе мұнай-газ саласында игерілмей жатқан мүмкіндіктер қаншама. Соның бірі де бірегейі біраздан бері айтылып жүрген полиэтилен өндірісі болатын. Биыл 11 қыркүйекте Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жылына 1,25 млн тонна қуаттылыққа ие полиэтилен өндіретін зауыттың бастапқы құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның инвестициялық құны – 7,4 млрд доллар.
13 Қыркүйек, 2024
Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2024
Қыранын қияға салған құсбегілер
Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бесінші жарыс күнінде құсбегілер шеберліктерін сынады. Ел сенімін арқалаған саңлақтардың барлығы да бүркіт, қаршыға, ителгі салудан финалдық кезеңге өтті. Этноауыл маңындағы алаңда томағасын сыпырып қыранын қалықтатқан құсбегілер бекзада өнердің ұлылығын паш етті.
13 Қыркүйек, 2024
Қылмыстық кодекстегі қисынсыз бап немесе киік мүйізінің әуресі
Мәжілістің осы аптадағы жалпы отырысында төменгі палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Абзал Құспан еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, онда киіктің мүйізіне бола әділетсіз сотталып кетіп жатқан отандастарымыздың жанайқайын жеткізді. Сондай-ақ депутат еліміздің батыс өңіріндегі киікке қатысты, сол киіктің шамадан тыс көбеюі салдарынан туындаған жергілікті шаруалар мәселесін былтырдан бері тұрақты түрде көтеріп келе жатқанын, алайда Үкімет бұл мәселелерді шешуде қауқарсыздық танытып отырғанын айтты.
13 Қыркүйек, 2024
Біздің буын әдебиетке әйгілі Желтоқсан көтерілісінен кейін келді... Жалпы жұрттың ұйқы басқан санасында сілкініс туып, сол кездегі қолына қалам алған жас буынның ішкі қарсылығы мен уытты зығырданы зар-запыран болып ұйып тұрған алмағайып уақ-ты. Біздің арамызда қызыл қоғамның зардабы тимеген қыз-жігіт некен-саяқ. Жүрегіне жара қатып, санасына салмақ түскен. Булыққан буынның шығармашылығында ширыққан ой-сезіммен қоса цензура тыйым салған удай жайларды ашық жазу қалыпты үрдіске айналуы да содан болар... Батыл болды, батырып жазды. Соқтасы шыққан сол сұрапыл оқиғалар сілемі үміт күткен тәуелсіздікпен астасқанының куәгері болған, алас-күлеске толы өксікті күндерде опынған, бірақ қазақ руханиятына адалдық қалпынан айнымаған бұла буының өкілі – біздің Роза Мұқанова.
13 Қыркүйек, 2024
Қазан айында халқымыздың ардақты перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толады. Бұл орайда Түркістан өңірінде айтулы тұлғаның болмысын, атқарған ісі, тарихтағы орны, қайраткерлігі мен азаматтығын жан-жақты қамтып, кейінгі ұрпаққа таныта түсу мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Сондай-ақ осыдан 20 жыл бұрын, яғни 100 жылдығына орай ашылған нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен тұлғаны ұлықтау мақсатында айтылған, бірақ іске аспаған ұсыныстар да баршылық.
13 Қыркүйек, 2024
Кейінгі жылдары еліміздің кеден қызметінде цифрлы трансформациялау бағытында қанатқақты жобалар қолға алынып, бұл көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырып, жұмыс үдерісінің ашықтығына жол ашты.
13 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер кеңістігіндегі Поло
Кейбір шығыс ғұламалары өмірін үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші – оқу-тоқу, екінші – саяхатшылық, сапар шегу, үшінші – екі кезеңнен қорытқан дүниелерді қағазға түсіру. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген қазақ мақалы тегін айтылмаса керек.
13 Қыркүйек, 2024
XX ғасырдың 60-жылдарындағы қазақ зиялыларының бойында елім-жұртым жетілсе екен, білімге сенген заманда есеміз кетпесе екен, халқына жақын ұл өссе, қанатын жазып қыз өссе дейтін ұлы мақсат бар еді. Сондай ханнан да қадірлі, жаны да, ары да, қолы да таза, тура сөзді, отырған орны орман, жас жапырақтарға қорған Күләш апа Құнантаева еді.
13 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты қайда өтеді
5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні сағат 16:00-де Мәдениет және ақпарат минстрлігінің ұйымдастыруымен «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қыркүйек, 2024
Тарихи сәт: Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды
Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының финалында Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2024
Бүгін қазақ киносының күні тойланып жатыр
Бүгін, 12 қыркүйек - қазақ киносының күні. Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді, деп жазады Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2024
Ескі жүйелер тозып, ел тағдыры сынаққа түсіп, бұған дейін қалыптасқан құндылық пен әдет-ғұрып әлсіреп, жаңа жүйелер мен құндылықтарды қалыптастыру қажеттілігі туған кезде халық өз ортасынан сайланып шығар кісіні іздейді. Бодандық құрсауында жүріп өз тағдырына үңіле алмаған ұлт мәдени тірек қалыптастыру қажет болғанда әлгіндей талаптардың барлығына жауап бере алатын тұлғаларды шығарады. Осы тұрғыдан алғанда, Амангелді Әбдірахманұлы қазақ ұлтының қажетін өтеуге жаралған адам секілді еді.
12 Қыркүйек, 2024
Лебіздер легі: Болашағы зор ойын
Намбарын Энхбаяр, Моңғолия елінің үшінші президенті, делегация басшысы:
12 Қыркүйек, 2024
Қосымша білім грантына ие болған талапкерлердің тізімі жарияланды
«Қазақстан халқына» қоры жоғары оқу орындарына бөлген 792 грант иегерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2024