Редакция таңдауы
Қаржы институттарының рөлін күшейту керек
Мемлекет басшысы экономикалық белсенділікті қолдаудың маңызын дұрыс атап өтті. Бұл мәселені шешудің тиімді құралдарының бірі – қаржы институттарының рөлін күшейту. Қаржы институттары әртүрлі аймақтағы экономикалық басым секторларды қолдауда белсенді позицияны ұстануға тиіс.
12 Қыркүйек, 2024
Дауыс беру учаскесінің дайындығы пысықталды
Алдағы республикалық референдумға дайындық барысын бақылау мақсатында Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров екі күндік сапармен Атырау облысына барды. Облыстағы ахуалмен танысуға өңірдің көктемгі су тасқынынан қатты зардап шеккені түрткі болды. Өйткені көптеген инфрақұрылым нысаны, соның ішінде дауыс беру учаскелері зақымдалған еді.
12 Қыркүйек, 2024
Әлем халқы көз тіккен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының үшінші күнінде тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату мен алыптар сайысында топқа түскен оғландар алтыннан алқа тағып, ел абыройын үстем етті. Қоржында – 27 алтын, 14 күміс, 18 қола медаль. Осылайша, ел спортшылары көшпелілер ойындарының көшін бастаса, кейінгі сатыда 7 алтын алған Қырғызстан, Өзбекстан құрамалары үзеңгілес келеді.
12 Қыркүйек, 2024
Былтыр көктемде елордада судың қысымы төмендеді. Қалаға тиісті суды тәулік бойы тасымалдауға сорғы-сүзгі стансалардың әлеуеті жетпеді. Жағдайды мезгілінен бұрын ескермеген жергілікті әкімдік келеңсіздікті урбанизациямен, тұрғын үйлердің көбейгенімен байланыстырды. Күзде қысым реттелгенімен, суды бірнеше ай белгілі уақытпен алып үйреніп қалған жұрттың күмәні біразға дейін сейілмеді. Абырой болғанда биыл қалада жоспардағы тағы бір сорғы-сүзгі станса іске қосылған соң, былтырғы тосын жағдай қайталанбады. Біз судың қысымы келер жылы, арғы жылы қалай болар екен деген сауалмен «Астана су арнасының» жаңадан салынған №3сорғы-сүзгі стансасынан хабар алған едік.
12 Қыркүйек, 2024
Колледждер жанынан кәсіпорын құрылады
Елімізде колледждер базасында шағын кәсіпорындар құрылып жатыр. Аталған кәсіпорындар студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында ашылмақ.
12 Қыркүйек, 2024
Жуықта ғана Әбіш Кекілбайұлының немересі Абыл жазушы мұрағатынан бір бейнежазба жіберіпті. Сары далада жаяу жүрген бір топ зиялы. Ортада – маңдайы жарқырап, қолын сермеген сайын әр тастың тарихын жатқа соғып тұрған абыз Әбіш. Табанының астындағы төбенің киесін сезініп, ата-бабаның рухы қонғандай толғатады келіп. Сонау қатпар-қатпар дүниенің дүбірінде қалған ғасырлардан тебірене сыр шертеді. Не деген толассыз білім десеңізші. Дәл бір қазған сайын бұрқ-сарқ етіп бұлқына атқылайтын бұлақ сынды. Қарымды қаламгер, көрнекті тұлғаның қандай бейнесі болса да оқырманға ыстық емес пе? Сонау ескі жылдардың елесінде түсірілген бейнежазбаны тарихтың моншақ-көзіндей, кешегі күннен қалған бір белгідей қабылдап, өткен уақытқа сапар шектік.
12 Қыркүйек, 2024
Отбасы – елдік дәстүрдің асыл арқауы. Отбасы институтындағы өзгерістердің негізінде мәдениетіміз бен экономикамыздағы құбылыстарды аңғаруға болады. Оның құрылымы, түрі ішкі әрі сыртқы факторларға байланысты. Уақыт өте келе өзгеріске ұшырайтыны да заңдылық.
12 Қыркүйек, 2024
Ғалымдар көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін талқылады
Алматыда «Жол құрылысы: ғылым және бизнес» атты республикалық форум өтіп, оған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары қатысып, отандық көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға байланысты өз идеяларын ұсынды.
12 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындарының жабылу салтанаты қайда өтеді
Астана төрінде өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 13 қыркүйек күні мәресіне жетеді, деп жазады Egemen.kz.
11 Қыркүйек, 2024
Көпті таңдандырған көшпелілер әлемі
Астанада өтіп жатқан аламан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында қалада ашылған этноауылдар келушілерге есігін айқара ашқан. Қазақ мәдениетінің бай мұрасы бір арнаға тоғысқан орында халық қарасы қалың. Өңірлерден бас қалаға арнайы жеткен таланттар ақшаңқаң киіз үйлер атырабын ән-күйге бөлеп, өнерін ортаға салып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
11 Қыркүйек, 2024
Қатар үкіметі Қазақстанда су электр станциясын салуға ниетті
Мәжіліс 2024 жылғы 20 наурызда Дохада аяқталған Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының тізіміндегі маңызды сайыс түрі – көкпар. Аталған ойынның шығу төркіні туралы зерттеуші Ә.Қалиұлы: «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған аса құнды сайыс түрі» дейді.
11 Қыркүйек, 2024
Дәстүрлі садақ ату спорт түрі бойынша әлемнің 33 елінен келген 183 спортшы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сайысты бастады. Бұл жарыста отандық 10 мерген ел намысын қорғайды.
11 Қыркүйек, 2024
Елордамызда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының екінші күні жарыс жолына шыққан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары ел қоржынына бес алтын, бір күміс медаль салды.
11 Қыркүйек, 2024
Экономика қайткенде көтеріледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономика сегментінде тағдырлас жобаларды жүзеге асыруымыз керектігін жиі айтады. Солардың ішінде металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды қайта өңдеу мен байыту, автомобиль бөлшектері, тыңайтқыштар өндірісі секілді салаларға баса назар аудару қажет.
11 Қыркүйек, 2024
Салық кодексі жобасынан сабақ алдық па?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаңа Салық кодексін қабылдауды келесі жылға қалдыруды ұсынды. Президенттің айтуынша, жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай саралау қажеттігі туындап отыр, яғни кім қанша көп табыс тапса, сонша салық төлеуі керек. Бұл тұрғыда Президент жаңа Салық кодексін қайта қарап, талқылау жүргізіп барып қабылдауды ұсынды.
11 Қыркүйек, 2024
Нарық өрлеуі үшін елдегі қаржы саласы қағажу көрмеу керек. Бұл – күрделі де көпөлшемді ұғым. Қай экономистен сұрасаңыз да, «қаржы дағдарысы аяқасты келмейді, алдын ала міндетті түрде сездіреді» дейді. Сол себепті табан асты түйткіл тумас үшін мамандар бұл мәселені үнемі назарда ұстап отырады. Мұның бір мысалы – жақында өткен «Astana Finance Days» конференциясы. Онда Еуразия өңіріндегі қаржы саласының қазіргі заманғы мәселелері, үрдістері мен мүмкіндіктері талқыға түсті.
11 Қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Ел қоржыны тағы бір «алтынмен» толықты
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында аударыспақтан 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел спортшысы Біржан Қосалиев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы IQostanay smart орталығын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы балаларға арналған IQostanay smart орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қыркүйек, 2024
«Заңсыз субұрқақ салып, миллиард теңге ұрлаған». Болат Мажағұловтың ұсталу себебі айтылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қыркүйек, 2024