Редакция таңдауы
Көкөніс сатып, көңіл күй сыйлайды
Саудада салтанат бар. Тұтынушының тілін таба білсеңіз, шаруа шешімін тапты дей беріңіз. Мұны жас саудагер Әли Мұхаммедке қарата айтсақ әбден болғандай. Әлеуметтік желі жұлдызына айналған кәсіпкер жеміс-жидек пен көкөністің бәрін өлеңдетіп таныстырады.
08 Тамыз, 2024
Нұрбек Оралбай - Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
08 Тамыз, 2024
Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Қазақстан балуаны жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Тамыз, 2024
Өзбекстан Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Тамыз, 2024
«Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумы өтті
Бүгін Астанада «Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумы өтті. Форумда екі ел өзара сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізуді көздейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
07 Тамыз, 2024
Олимпиаданың күміс және қола жүлдегерлерін ел құрметпен қарсы алды
Қазақстан қоржынына тарихи жүлделер салған Нариман Құрбанов пен Александра Ле, Ислам Сатпаев елге оралды. Оларды Алматы әуежайынан туыстары, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.
07 Тамыз, 2024
Париж - 2024: Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жүлдеге таласады
7 тамыз күні Париж Олимпиадасында әзірге белгілісі екі спортшымыз финалдық бәсекеде алтын үшін жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
07 Тамыз, 2024
Осыдан бес жыл бұрын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойында Жаңаарқа топырағында бір мезетте мың күбі пісіліп, 10 мың литр қымыздың исі даланы алып кеткені ұмытыла қойған жоқ шығар. Аталған ауданның тоқсанжылдық тойы үстінде ел ардақтысы Ақселеу Сейдімбек жатқан Қарауылтөбенің бауырында гүрп-гүрп пісілген мың күбінің қызығын Гиннес рекордтары ұйымынан Юделькис Диас Кубадан келіп тіркегені есімізде.
07 Тамыз, 2024
Еліміз сыйақы беруден де тоғызыншы орында
Парижде алауы тұтанған Олимпия ойындарында орасан зор табысқа қол жеткізген спортшыға ең көп сыйақы тағайындаған мемлекеттерді білесіз бе? Бұл көшті Гонконг бастап тұр. Олар алтын тұғырға көтерілген саңлаққа – 768 500, күміспен күптелгендерге – 384 000, қолаға қол созғандарға 192 000 доллар табыс етеді. Екінші орында – Сингапур. Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан ел Үкіметінің белгіленген тарифі мынадай: алтын – 737 000, күміс – 369 000, қола – 184 000 доллар. Үздік үштікті Тайпей түйіндеп тұр. Аралдақтардың төлейтіні: алтын – 720 000, күміс – 251 000, қола – 178 000 доллар.
07 Тамыз, 2024
«Balkhash Tour Fest-2024» еліміздің ең жарқын жазғы фестиваліне айналды. Бұл жолғы Балқаш көлінің жағасындағы екі күндік мереке Астана-2024 V дүниежүзілік көшпелілер ойындарына арналды. Фестивальда өлкедегі туризмді түлетуге арналған жоспарлы жұмыстар талқыланды. Жұма күні таңнан басталған думан түн ортасына дейін жалғасты. Мәдени, спорттық және ойын-сауық кештер келушілерге ерекше көңіл күй сыйлады. Фестивальдың бірінші күні психологиялық тренинг, аңыз ертегілер, бард әндерін орындаумен, «Астана» тобының шоу бағдарламасымен қорытындыланды.
07 Тамыз, 2024
Қарағанды – Балқаш күре жолы күрсіндіріп тұр. Биыл бұл бағыттағы жол апатының көрсеткішінен жанымыз түршігеді. Жолдың ел аузындағы екінші атауы «Ажал тасжолы». Айдың-күннің аманында қаншама адам апаттан ажал құшып жатыр? Өте өкінішті…
07 Тамыз, 2024
Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті қазақ елімен тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Мәселен, күні кеше ғана ел астанасында Өзбекстанның бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі ашылды.
07 Тамыз, 2024
Бүгінде туризмнің әлемдік жалпы өнімдегі үлесі 9 пайыздан асып, коронавирус пандемиясына дейінгі деңгейге жақындап қалды. Ал біздің елде осы саланы дамытуға мол мүмкіндік барына қарамастан, оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кейінгі төрт жылда 3,7 пайыздан 3,2 пайызға дейін азайып кеткен. Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауына қарағанда, Қазақстан туризм саласындағы іскерлік ортаны дамыту бойынша 119 елдің ішінде 70-орында тұр. Бұл елімізде туризм бизнесімен айналысуға қолайлы жағдай жасалмағанын көрсетеді.
07 Тамыз, 2024
Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысы экономиканы өркендету үшін терең өңдеуге көшу, өнімнің ішкі құнын арттыру мәселесіне көңіл аударып отыр. Мұндай қадам экспорттың шикізаттық бағытынан бас тартып, отандық экономиканы әртараптандыруға жол ашады. Осы орайда өңірге сапармен келген Премьер-министр индустриалды жобаларды іске асырып жатқан компаниялар жұмысына, мұнай-газ химиясы секторының дамуына назар аударды.
07 Тамыз, 2024
Алатаудың етегіндегі халық тығыз қоныстанған Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында осы күні үш ауысымды 39 мектеп бар, яғни 26 мыңнан аса оқушыға орын жетіспейді. Осыған орай, облыста үш ауысымды мектептер мен оқушы орны тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 53 мектеп салыну жоспарланған. Биыл 26 жайлы мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделген.
07 Тамыз, 2024
XXI ғасырда әлемде климаттың жылынуы, ауаның ластануы, қоршаған ортаны қорғау сынды өзекті экологиялық мәселелер орын алып, «жасыл» экономикаға көшу адамзат баласының алдында тұрған негізгі мақсаттардың біріне айналды. «Жасыл» экономика – табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген.
07 Тамыз, 2024
Бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» 7 томдық іргелі ғылыми еңбек әзірленіп жатыр. Бұл еңбек үш тілде жарыққа шығып, барлық әлем университеті мен академиялық ортаның Қазақстан тарихы туралы ауқымды мәліметтер алуына, қолдануына мүмкіндік береді.
07 Тамыз, 2024
Бүгінде қалам ұстағандардың дені «Жасанды интеллект өнерді де басып алды» деген пікір айтады. Иә, бұл сөздің жаны бар. Тіпті Жапонияның белгілі әдеби сыйлығын алған Риэ Кудан өзіне «ChatGPT» көмектескенін айтқан еді. Ол «Акутагаваның» 17-лауреаты да атанған. Бұл үрдіс бізге де келді десем, артық айтпаған боламын. Себебі енді кез келген отандасымыз кітап кейіпкеріне айнала алады. Бір қызығы, ол кітапты жасанды интеллект жазады.
07 Тамыз, 2024
Көптен көз көрген екі айырмашылық туралы ойлайтынмын. Бірақ жазам деп жүргенімде редакция тапсырмасына күмп етіп түстім де, кейінірек босаған соң ескі елесті еске алдық.
06 Тамыз, 2024
Демеу Жадыраев финалға жолдама алды
77 келі салмақта сынға түскен Демеу Жадыраев әзербайжандық Санан Сулеймановтан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2024