Редакция таңдауы
Қазақстан спортшысы Олимпиада рекордын орнатты
Бүгін Парижде спорттық құзға өрмелеуден отандасымыз Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
06 Тамыз, 2024
Демеу Жадыраев қырғыздың беделді балуанын жарыс жолынан шығарды
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.
06 Тамыз, 2024
2025 жылы ҰБТ сұрақтары өзгереді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ жүйесіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2024
Жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі
1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы тағы 50 пайызға артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
06 Тамыз, 2024
1 қыркүйекке дейін 20 жайлы мектеп ашылады
Бүгінгі Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
06 Тамыз, 2024
Назым Қызайбайдың жекпе-жегін қайдан көруге болады
Бүгін, тамыздың 6-нан 7-не қараған түні Парижде өтіп жатқан Олимпиадада 50 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығатын қазақ боксшысы Назым Қызайбайдың жартылай финалдық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2024
Жуықта британдық беделді ғылыми-публицистикалық журнал «Nature» мен ағылшын тілінде ақпарат тарататын «Mail online» атты медиақауымдастық Индонезия елінің Сулавеси аралында орналасқан Леанг Карампунг үңгірінен 51 200 жыл бұрын салынған жартас суреті (петроглиф) табылғаны хақында тың жаңалық жариялады.
06 Тамыз, 2024
Ендігі үміт – Нұрбек пен Назымда
Қазақстаннның 10 боксшысы Сена өзенінің жағалауына жұлқынып келген еді. Өкінішке қарай, олардың сегізі сәтсіз өнер көрсетті. Атап айтсақ, Аслан Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг), Айбек Оралбай (80 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (75 кг) сынды әлемдік деңгейдегі додаларда олжа салып жүрген сақа спортшылар алғашқы айналымнан аса алмады.
06 Тамыз, 2024
Назарбаев университетінде Германиядағы Дрезден технологиялық университеті мен Ганновердегі ғылыми-техникалық гидрология институты ғалымдарының қатысуымен өткен семинарда олар елорданың су ресурсын тұрақты басқару үшін іске асырған «TERESA» жобасының нәтижелерін таныстырды. Семинарға Дрезден технологиялық университеті «INOWAS» зерттеу тобының жетекшісі Стефан Каталин, Ғылыми-техникалық гидрология институтының бас директоры Лотар Фукс, осы институттың инженері Катарина Фукс, Дрезден технологиялық университетінің PhD Нұрлан Оңдас қатысты.
06 Тамыз, 2024
Жылыжай нарығы: Мүмкіндікті неге пайдаланбай отырмыз?
Кейінгі кездері жиі қозғала бастаған азық-түлік тапшылығы мен қауіпсіздігі жылыжай нарығы төңірегінде мәселе көтеруге жетелейді. Әсілі, елімізде жылыжай жүйесін дамытуға мүмкіндік көп. Бірақ шешімін таппай тұрған түйткіл қаншама. «Қазақстанның фермерлік жылыжайлар қауымдастығы» дара кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы Данияр Қалтаевтың айтуынша, жылыжай өнімдерімен елімізді қамтамасыз етіп, оның сыртында экспортқа шығаруға да диқандардың қауқары жетеді.
06 Тамыз, 2024
Параны берген де, алған да – қылмыскер. Осы қарапайым қағиданы түсінгісі келмейтіндер қатары арамызда әлі де көп. Бұған еліміздің әр аймағында пара алу-беру кезінде құрықталып жатқан замандастарымыз жақсы дәлел.
06 Тамыз, 2024
«Көгілдір отын» – көптің арманы
Газдандыру мәселесіне келгенде алдымызда біршама міндет тұрғанын бұған дейін Мемлекет басшысы екшей түсіндірген еді. Олар – тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту, жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету, қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану, Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты мұнай-газ алпауыттарын газды қолжетімді бағамен ұсынуға икемдеу. Сонымен қатар жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту ісі де кезек күттірмеуге тиіс. Аталған мәселе биыл Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда қозғалып, Президент Үкіметке газ тартылған елді мекен санын барынша арттыру және 1 700 шақырым газ желісін жаңғырту туралы тапсырма берді.
06 Тамыз, 2024
Қара жолдың бойында жатқан Қаратұрық ауылдық округіндегі 6 елді мекенде 13 мыңнан аса адам тіршілік етеді. Негізгі кәсіптері – мал шаруашылығы. Десе де кейінгі жылдары жеке кәсіптің кілтін тауып, несібесін молайтып отырғандар қатары еселеп артқан. Соның нәтижесінде биылға арналған салық жоспары 59 млн 447 мың теңге болса, бүгінде округ бюджетіне 57 млн 910 мың теңге түсіп, жылдық болжамның 97 пайызы орындалған.
06 Тамыз, 2024
Сенбінің кешінде Париж Олимпиадасын тамашалаған сан миллион жанкүйерді Нариман Құрбанов қуантты. Спорттық гимнастиканың ат жаттығуы бойынша сынға түскен саңлақ күміс медальды олжалады. Бұл – спорттың осы түрі бойынша отандастарымыздың тәуелсіздік алған кезеңнен бергі Олимпия ойындарының алғашқы жүлдесі.
06 Тамыз, 2024
«Димаш төбеде» мұражай ашылады
Индер ауданының орталығы Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым қашықтықта «Димаш төбе» деген дөңес бар.
06 Тамыз, 2024
Биыл Атырауда өткен ІІІ Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітапқұмарлық — ең асыл қасиет» деп, елімізде кітап оқу мәдениетін орнықтыру жайында келелі бастама көтерді. Кітап — қай заманда да мәдениеттің бастауы болғандықтан, оны жан серігіңе айналдыру арқылы рухани кемелденудің даңғыл жолына түсе аласың. Төрткүл дүние дәуірлеген технологияға, тасқындаған ақпарат ағынына сүйенген бүгінгідей жаһандану тұсында да кітап оқудың бәсі төмен түскен емес. Себебі білімнің азығы, өмірдің мәні осы тасқа басылған парақтардың бетімен ғана тарихтан-тарихқа жалғасып, сақталады.
06 Тамыз, 2024
«Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлді
«Қазақстан халқына» ҚҚ 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Тамыз, 2024
Париж-2024: Бүгін өтетін грек-рим күресін қайдан көруге болады
Бүгін Париж Олимпиадасы аясында грек-рим күресінің белдесулері басталады, деп жазады Egemen.kz.
05 Тамыз, 2024
«Ұлттық қор – балаларға»: Келесі қаражат қашан түсетіні белгілі болды
Биыл елімізде «Ұлттық қор – балаларға» жобасы есебінен 6,9 млн баланың шотына қаражат түсті. Үкімет ендігі қаржы қашан аударылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
05 Тамыз, 2024
Биыл 32 су нысаны мемлекетке қайтарылды
Елімізде 2024 жылдың басынан 32 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Тамыз, 2024