Редакция таңдауы
Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады
2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін қызмет түрлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2024
«Жайлы мектеп»: Жыл соңына дейін 112 мектеп ашылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Шілде, 2024
Париж-2024: Оралбай, Базарбайұлы, Қызайбайдың кезекті қарсыластары анықталды
Париж Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғап жатқан үш боксшымыз екінші кездесуін кімге қарсы, қашан өткізетіні белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
29 Шілде, 2024
«Желеу іздеген дұрыс емес». Бас бапкер Шымбергенов не үшін жеңілгенін айтты
28 шілде күні бокстан ерлер құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) алғашқы айналымда иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
29 Шілде, 2024
Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады
29 шілде Париж Олимпиадасында жарыс жолына шығатын спортшылардың жарыс кестесі шықты, деп жазады Egemen.kz.
29 Шілде, 2024
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2024
Президент Қаржаубай Сартқожаұлының жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Шілде, 2024
Айбек Оралбай Олимпиадада қарсыласын нокдаунға түсірді
Боксшы Айбек Оралбай Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
28 Шілде, 2024
Париж-2024: Ғұсман Қырғызбаев жүлдеге жақындап келеді
Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2024
Еліміздің гимнастшылары Париж Олимпиадасының финалына өтті
Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2024
Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Шілде, 2024
Шымкенттегі индустриялық аймақта өрт шықты
Бүгін Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт басталды. Өрт «KMG Supple Company» ЖШС-нің ашық алаңында сақталып тұрған күкірт қаптарын шарпыған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2024
Дзюдо: Абиба ойынын сәтті бастады, Елдос үшінші айналымға шықты
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
27 Шілде, 2024
Париж-2024: Елдос Сметов алғашқы қарсыласын қапы қалдырды
Дзюдодан Париж Олимпиадасында 60 келідегі тәжірибелі Елдос Сметов алғашқы айналымда Нидерланд спортшысы Торнике Чкадуамен кездесіп, қарсыласы ережені бұзғаны үшін, келесі айналымға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
27 Шілде, 2024
Фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмек бағасын төмендетуі мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазақстандық фармацевтикалық компанияларды әлеуметтік жауапкершілікке және дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
27 Шілде, 2024
Париж Олимпиадасы: Бүгінгі жарыс кестесі жарияланды
27 шілде - Париж Олимпиадасының алғашқы ресми жарыс күнінде 14 жүлде сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2024
Әнуардың кәсіпкер болуына тікелей әсер еткен әкесі – Мұрат Ұзақбайұлы. Ол 80-жылдардың орта тұсынан заманның желі басқаша соға бастағанын жақсы түсінді. Келіншегі Гүлсім екеуі Жезқазғанда алғашқылардың бірі болып кәсіпкерлікке бет бұрды. Ескі мен жаңаның тайталасып тұрған шағы емес пе, көпшілік «кәсіпкерлік» дегенді мүлдем түсінбейтін. Бірі көзіне айтып, енді біреулері сыртынан «Бұлар капиталист болғалы жүргендер» деп мысқылдап жататын.
27 Шілде, 2024
Қазір қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе – ұрпақ яки бала тәрбиесі. Бұған ел ертеңін ойлаған әрбір азамат бейжай қарамайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым ұрпақ тәрбиесіне жауапты болуды жүйелі ескертіп-ақ жүр. Мұны Ұлттық құрылтай мінберінен де айтты. Бір сөзінде: «Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс», деген-ді. Осы жағынан келгенде, бар салмақ ата-анаға түседі. Өйткені бала тәрбиені алдымен отбасында алады. Отбасында не көрді, не түйді – соны бойына сіңіреді. Бұл ретте сан ғасыр жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиеміздің рөлі зор. Елдік тәрбиенің қайнарына қанып өскен өреннің танымы да терең. Әсіресе қазақ отбасында ата-әже, әке-шеше, бауыр деген ұғымдардың орны бөлек. Қоғам, уақыт өзгерді дегенімен, ұлттық тәрбиеден ажырамаған жөн. Бұған өз ұлтының дәстүрі мен болмысын сақтаған әлем елдерінен көп мысал келтіре аламыз. Сонымен қатар Президенттің «Адал адам» тұжырымдамасы да хакім Абайдың «Толық адам» ілімімен үндеседі. Осы ретте біз бүгін қазіргі жас ұрпақты адалдыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке қалай тәрбиелейміз, сондай-ақ қоғамдағы ысырапшылдық секілді келеңсіз көріністерді қалай тоқтатамыз деген мақсатпен дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырып, оған елімізге танымал тұлғалар – тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай, белгілі дипломат, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, ардагер-журналист Сайраш Әбішқызы, мемлекет және қоғам қайраткері Жәнібек Кәрібжанов, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов секілді азаматтарды шақырдық.
27 Шілде, 2024
«Comic Con Astana»: Креативті ойлар керуені
Күні кеше ғана ел астанасында халықаралық «Comic Con Astana» фестивалі басталды. Комикстер, кинематография, видео ойындар, аниме және гик-мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған дода биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан Орталық Азиядағы ең ірі әрі танымал, ерекше форматтағы фестивальға халықаралық студиялар, продюсерлер, танымал блогерлер мен кәсіби косплей суретшілері, сондай-ақ Голливуд жұлдыздары да арнайы ат басын бұрған.
27 Шілде, 2024
Егер қажет деп тапсаңыз, уақытты «тоқтатып қоятын» бір жер бар. Қазір уақыт қарбалас болса да, өзіңмен-өзің қалып, ішіңе үңілетін орын қалса, ол кітапхана шығар. Бізде ғана емес, әлемдік ахуал солай. Ал кітапханаға кірсең, кеңістік басқа. Байыздап, өзімен-өзі кітап оқып отырған оқырмандарға қарап сүйсінесіз.
27 Шілде, 2024