Редакция таңдауы
Еліміздің Анадолы жұртымен ынтымақтастық қарым-қатынасы нығайып келеді. Таяуда ғана Түркияның Конья қаласында Исмил қазақтарының мәдени-іскерлік орталығы мен Абай үйі ашылды. Жаңа ғимарат Алаш жұртының тілі мен дінін, мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптейді.
16 Шілде, 2024
Кітап сөреден – театр сахнасына
Серік Асылбекұлының прозасын оқып болып, көзіңді жұмсаң, ондағы әрекет-көріністер алдыңа бейне болып келеді. Өзі де сергек жазушы Жүсіпбек (Қорғасбек) осы ерекшелікті жіті байқап, «Қоңыртаудың басында бір түп жусан» әңгімесіндегі «зіңкиген бөлме тікұшақ ұшқандай гуілдеп ала жөнелді» деген теңеудің тосындығына қайран қалыпты. Кейінірек шыққан «тікұшақты» мәтінге құлағынан сүйреп кіргізген автоцензура ма, әлде беріде қолы тиген редактор ма, ол жағы беймәлім, бізге белгілісі – әлгі сөйлем Хемингуэйдің көл бетінен дүрк етіп көтерілген үйректерді суреттеуіндегі «…свист быстро машущих крыльев, словно звук разрываемого шелка» («жібек матаның дар-дар айырылғандағы дыбысындай лап-лап қағылған қанаттардың ыс-ыс кеткені») деген сөйлемге ұқсас («дыбысжазу – звукозапись» дейміз).
16 Шілде, 2024
Ту ұстаудың жауапкершілігі жоғары
Париж жазғы Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің делегациясын бастап, ту ұстап шығу құрметі боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға жүктелді.
16 Шілде, 2024
Қайсар жандардың қас қағым сәті
Париж жазғы Олимпиадасының басталуына санаулы күндер қалды. 26 шілдеде ашылу салтанаты өтетін айтулы дода қарсаңында Астана қаласында көрме ұйымдастырылды. Қайсар жандардың дода үстіндегі қас қағым сәтін қалт жібермеген фотографтардың еңбегін жұртшылық жоғары бағалады.
16 Шілде, 2024
Испания – төрт дүркін Еуропа чемпионы
Дүниені бір ай бойы дүбірімен тербеген футболдан Еуропа чемпионаты да мәресіне жетті. Испания құрамасы құрлық аламанының ат басындай кубогін қанжығасына бөктерді.
16 Шілде, 2024
Облыс орталығындағы кәріз желісінің 73 пайызы тозған. Жарты ғасыр бұрын орнатылған кәріз құбырлары жүйесі жаңғыртуды қажет етеді.
16 Шілде, 2024
Бибісара Асаубаева – 17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған шахматшы.
16 Шілде, 2024
Садақтың екі ұшындағы адырнаның ауыздығы кигізілетін тұстан бастап тобыршықтың құйысқанына дейін қатты мүйіз, ағаш, сүйек жасалып, сұғындыра қондырылған бөлікті «сұғын» дейді.
16 Шілде, 2024
Биыл 12 мыңнан астам азамат жүргізуші куәлігінен айырылды
15 шілдеде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 2024 жылдың алты айындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу статистикасын жариялады. Оның айтуынша, көлікті масаң күйде жүргізу салдарынан 178 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2024
«СК-Фармация» дәрі-дәрмекті 365% жоғары бағамен сатып алып отырған
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы бойынша отырыс өткізді, деп жазады Egemen.kz.
15 Шілде, 2024
Қазақстанда жаңа университет ашылады
Елімізде су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
15 Шілде, 2024
eGov: Заңды тұлғаға цифрлық сенімхат беру қызметі пайда болды
Жаңа қызмет бұрын тек қана қағаз түрінде рәсімделіп келген құжатты электронды аналогына ауыстыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2024
Алматыда дәстүрді дәріптеген көрме ашылды
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр-халық рухы. Дала қазынасы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Шілде, 2024
Жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырып алды
Алматы облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшерлері Қарасай ауданының Іргелі ауылының тұрғынын үйінде босандырып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2024
Қазақстанда жаңа комитет құрылды
Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды, деп жазады Egemen.kz.
15 Шілде, 2024
Экологтар Атыраудағы жағымсыз иістің себебін анықтады
Атырау облысындағы жағымсыз иістің тарауына байланысты облыстық экология департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz azh.kz сайтына сілтеме жасап.
12 Шілде, 2024
«Әлем жылдың үздік нокаутын көреді». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
14 шілде күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы рингке шығады, деп жазады Egemen.kz.
12 Шілде, 2024
Биыл Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарын қуаңшылық қинап тұр. Оның үстіне, саны 3 миллионға жуықтаған ақбөкеннің нобайы да осы өңірде. Мал бағып, кәсіп қылған жергілікті шаруаның мұң-мұқтажы шашетектен.
12 Шілде, 2024
Бала кезінен жанарының кемістігі бар еді, мектеп бітіретін жылы қатарластарымен шекісіп қалғанда, басынан ауыр соққы тиіп, жарық дүниенің жылт еткен жарығына мүлдем зәру болып қалды. Биыл оның темір торға қамалғанына алтыншы жылға аяқ басып барады. Жанарының семіп қалғаны емес, көңіл көзіндегі кіреукенің кесірінен ол осындай жағдайға тап болды.
12 Шілде, 2024
Жақында белгілі жазушы Марат Мәжитовтің «Бір шөкім бұлт» атты жыр жинағы жарық көрді. Бұған дейін бірнеше прозалық кітап жазған қарымды қаламгердің өлеңдер жинағы алғаш рет шығып отыр.
12 Шілде, 2024