Редакция таңдауы
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке сайланды
Президенттің кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесіне мүше болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
24 Шілде, 2024
Ұлыбританиялық ғалым 98 жасында докторлық дәрежесін алды
Осыдан 75 жыл бұрын докторлық диссертациясын тастап, отбасын құрған 98 жастағы ғалым Розмари Фаулер Бристоль университетінің құрметті докторы атағын алды, деп жазады Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.
24 Шілде, 2024
Қай маркетплейс қазынаға көп салық төледі
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 2023 жылдың қорытындысында бөлшек электронды коммерция нарығының көлемі 2,4 трлн теңге болды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,3 пайызға жоғары көрсеткіш. Жалпы бөлшек саудадағы электронды коммерция үлесі рекордты 12,7 пайызға жеткен. Айта кету керек, бүкіл электронды коммерция айналымының 72,4 пайызы – маркетплейстерге тиесілі. Тек 27,6 пайызы ғана кәсіпорындардың жекелеген интернет-ресурсы арқылы іске асырылады екен. Демек маркетплейстер электронды сауда-саттық нарығын қалыптастырып отыр деп байлам жасай аламыз.
24 Шілде, 2024
АЭС жобасы: тиімділігі мен түйткілі
Кейінгі кезде халық арасында жиі талқыланатын мәселенің бірі – АЭС құрылысы. Мемлекет басшысы АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін айтқан еді. Осыған орай Атырауда атом электр стансасын салу жобасы талқыланды. Жария талқылауға атқарушы орган, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партия өкілдері, энергетика саласының мамандары, экологтер, жергілікті тұрғындар қатысты.
24 Шілде, 2024
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деп қазақ қалай тауып айтқан. Америкадағы сайлауалды үгіт-насихаттың дәл қазіргі дүбірі осы мақалға келіп-ақ тұр. Күтпеген жерден президент Джо Байден саяси бәйгеден бас тартып, қарашаның қара күзінде болатын президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді. Ал оның басты оппоненті Дональд Трамптың осы жарыста оза шабу мүмкіндігі одан әрі арта түсті. АҚШ-тағы президенттік сайлауалды науқан басталғалы Байден мен Трамптың текетіресін ақпараттық азық қылып келген басылымдар, саяси сарапшылар біраз күннен бері Ақ үй жаққа назарын барынша бұра бастады.
24 Шілде, 2024
Чехов – ой алыбы, ізгілік шырақшысы. Жазушының өмір жолы адамгершілікке, жақсылық нұрына толы. Әр шығармасынан адамға деген махаббат, жанашырлық есіп тұратын қаламгердің ағасына жазған хаты бір төбе.
24 Шілде, 2024
Ортақ мүдде аясындағы ынтымақтастық
Елімізді өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялау міндеті «КazAID» агенттігіне жүктелген. Құрылғанына үш жылға жуықтаған ұйым қазіргі таңда өзге мемлекеттермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық байланыс орнатуға ықпал етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда агенттікке әлемдік аренада төл брендті, тарихты және мәдениетті насихаттауды тапсырды. Осы орайда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Аркен АРЫСТАНОВТАН атқарылған жұмыстар барысын сұрап білдік.
24 Шілде, 2024
«Түркі дүниесінің рухани мекенінде» туған тұғырлы туынды
Башқұрт тілінде «төрк» деген қастерлі сөз бар. Қазақшасы – түрік. Орысша сөз қолданыста «турок», «тюрк» болып кете береді. Түрік тілдерінде 160 миллионнан астам адам сөйлейтінін еске алсаң, көңіліңді қуаныш кернейді. Қазіргі заманда ғалымдар түріктердің бүкіл адамзаттық өркениеттің басы болғанын айтып жүр. Өкініші – Түріктердің бүгінгі ұрпағы тамырдан алыстап кетті. Көбісі түрік сөзінің ішкі мағынасын түсіне бермейді. Алыс-жақын түрік халқына өздерінің бағзы бір түріктің ұрпағы екенін ұғындырсам, Түркістан түбірге сайсаң Түрікстан екенін жетесіне жеткізсем деп жүрген бір азамат – біздің қазақ досымыз Құлбек Ергөбек.
24 Шілде, 2024
Қазір әлемдегі халық саны 8 миллиардтан асты. Тез өсіп-өну азық-түлік пен әлеуметтік мәселелердің уақтылы әрі орнықты шешілуін қажет етеді. Осы мақсатта БҰҰ әлемдегі халық санының есебін тұрақты түрде жүргізіп келеді. Біз БҰҰ-ның Дүниежүзілік халық санының болашағы есебі туралы айтуды жөн көрдік. 28-басылым тарихи демографиялық үрдістерді сараптау негізінде 237 ел немесе аймақ бойынша 1950 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі халық санының бағалауын ұсынады. Сондай-ақ зерттеуде 2100 жылға арналған халық санының болжамы берілген.
24 Шілде, 2024
Газ бен ауызсуға зәру елді мекендер
Жетісуда шешімін күткен жұмыс әлі көп. Әр салада ілгерілеу бар, дегенмен кем-кетігі де жоқ емес. Мәселен, газдандыру тақырыбы әлі де тұрғындарды толғандырады. Одан бөлек, ауызсу және кәріз жүйелерін реттеу секілді жұмыстар да – жетісулықтардың жиі көтеретін мәселелерінің бірі. Бүгінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы аталған түйткілдердің алдын алу үшін ауыл-ауылды аралап жүр.
24 Шілде, 2024
Ауыл қартының институт бітіргені шамалы, бірақ кеудесі көмбе, айтары ғибрат пен «қарағым», «шырағым». Кейбір қала қартының профессорлық атағы бар, жақсы қызмет атқарған, екі тілге бірдей жорға, бірақ кісәпір, міншіл, кісіліктен, үлкендіктен алыс. Ауыл келінінің оқығаны аз, алайда қабағы жылы, жүрегі жұмсақ, қызметі әзір. Қала келінінің дипломы көп, бірақ түсі сынық, сөзі суық. Бұ л неткен парадокс? Сонда кім оқыған, кім оқымаған?
24 Шілде, 2024
Таяуда облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейіндегі жәдігерлерді тамашалап жүріп бұл күнде кездесе бермейтін «Зингер» тігін машинасына көзіміз түсті.
24 Шілде, 2024
Көбіміз Қазанға барғанбыз. Әсіресе жаңарған Татарстан кезеңінде. «Не есте қалды?» дейсіз ғой. Қазан Кремлі, Құл-Шәріп мешіті, Сүйімбике мұнарасы, Маржани мешіт-медресесі, Бұлғар қалашығы, т.б.
24 Шілде, 2024
Түлектер грант конкурсына жалған сертификаттар тапсырған
Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант конкурсына құжат қабылдау барысында жалған сертификат ұсынған 10 түлекті анықтады, деп жазады Egemen.kz.
23 Шілде, 2024
Өрісі кеңейген өндіріс ошағы: Рудный металлургтер күнін қалай атап өтті?
Биыл «ERG» компаниясы құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) қызметкерлері үшін қос мереке қатар келді – металлургтер күні және кәсіпорынның 70 жылдық мерейтойы. «ERG» атаулы мерекені өзіне қатысы бар кенді қалалардың барлығында жоғары дәрежеде атап өтті. Мейрам Ақтөбе, Ақсу, Павлодар және Рудныйда тойланды. Құрыш білекті мамандар еселі еңбегі үшін түрлі марапатқа ие болды. Саналы ғұмырын кәсіпорын игілігіне жұмсап келе жатқан еңбеккерлерге көлік пен пәтер де табыс етілді. Қастерлі мереке қарсаңында Рудный топырағына табанымыз тиіп, әдетте көп ісі көпшілікке беймағлұм кәсіп иелерінің жұмысымен тереңірек таныстық.
23 Шілде, 2024
Ферроқорытпа зауытындағы апат: Зардап шеккен бір қызметкер қайтыс болды
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы олардың бірі 22 шілдеде қайтыс болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Шілде, 2024
Үкімет басшысы алты әкімге ескерту жасады
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірнеше облыс әкіміне ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Шілде, 2024
Жаңа Үкіметтің толық құрамы бекітілген күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 тапсырма жүктеген еді. Президент жаңадан жасақталған Үкіметке әлеуметтік мәселелерге қатысты түйткілдерді реттеуді табыстағаны да белгілі. Мемлекет басшысының тапсырмасы өңірде қалай орындалып жатыр?
23 Шілде, 2024
Елімізде оқушылар мен педагогтерге бағдарламалау негіздері оқытылады. Осы үшін арнайы онлайн білім беру платформасының қанатқақты жобасы іске қосылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
23 Шілде, 2024
Абай облысының Көкпекті ауданында Доре қорытпасын өндіру кәсіпорнын іске қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының соңғы кезеңі басталды. «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Eastern Gold» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба өңірдің индустрияландыру картасына енгізілген.
23 Шілде, 2024