Университет • 02 Қазан, 2024

Декандар көшбасшылық курсынан өтеді

136 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің мамандары әзірлеген «Академиялық көшбасшылық инс­титуты: декандар мектебі» бағдарламасы аясында 80 уни­верситет деканына арналған көшбасшылық курсы бас­талды. Бұл курс желтоқсан айына дейін созылады. Оған қатысушылармен ұлттық, халықаралық жоғары білім сарапшылары жұмыс істейді.

Декандар көшбасшылық курсынан өтеді

Көшбасшылық оқу кур­сының ашылу салтана­тында NU прези­денті, профес­сор Вакар Ахмад атал­ған университеттің елі­­міз­дегі жоғары білімді қол­­дау мен дамыту бойын­ша өз міндетін белсенді ат­­қа­­­рып отырғанын жет­кіз­ді.

«Жоғары білім беру мектебі (GSE) осы мін­дет­ті ойдағыдай орындап, 28 000-нан астам қа­тысушыға бірқатар тиім­­ді бағдарлама ұсы­на­ды. Со­ның ішінде көш­бас­­шы­лық пен кәсіби даму бағ­дар­ламасын ерекше айтуға болады. Бұл жаңа бастама жоғары оқу орындарын одан әрі дамытып, оған қажетті құралдар мен білім береді», деді ол.

Бір жағынан, «Декандар мек­тебі» бағдарламасына өңір­дегі жоғары оқу орындары қызығушылық танытқан. Айта­лық, оған қатысуға еліміздегі педа­гогикалық, техникалық, меди­­циналық және жекеменшік уни­­ве­р­­ситеттерімен бірге Қыр­ғыз­стан жоғары оқу орындарын қос­қанда 170-тен астам өтінім түс­кен. Бұл бағ­дарламаның ай­мақ­тық деңгей­дегі маңызын көр­се­теді.

«Бағдарлама жан-жақты қа­жет­­­тіліктерді талдау негізін­де әзірленді. Соның аясында отандық жоғары оқу орын­да­рындағы декандардың ла­уа­зым­дық сипаттамасы мұқият баға­лан­ды. Сондай-ақ «Kozybayev University», «Narxoz», «Kimep» және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ха­лық­аралық қазақ-түрік уни­вер­­ситеті секілді оқу орын­да­ры­ның академиялық көш­бас­шы­ларымен фокус-топтық тал­­­қылау жүргізілді. Бұл талдаулар бағдарламаны қазіргі декандардың алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге бағыттауға мүмкіндік берді», деді NU вице-провосты, Жоғары білім мектебінің деканы, PhD Аида Сағынтаева.

Айта кетейік, бағдарламаға ­қа­тысу тегін. Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім ко­митеті төрағасының орынба­сары Гүлжан Жарасованың ай­туын­­­ша, аталған курс жұмыс пен бас­­­­қару тәсілін қайта қарауға ­кө­мек­­тес­пек.

«Жоғары оқу орын­дарын­дағы декандар мен кафедра мең­геру­шілері студенттермен тығыз байланыста жұмыс істеп, олардың ғылы­ми дамуына жағдай жасай­ды. Сондықтан жоғары білім­нің сапасын арттыруға декан мен деканатқа баса назар ауда­ру керек деп есептейміз. Осын­дай өзгеріс­терді ұтымды ұйым­дас­ты­ра алсақ, жоғары білім сапа­сы­на әсер ете аламыз», дейді Г.Жара­сова.

Бағдарламадағы көшбас­шы­лық және менеджмент модулі ая­сында «Декан күні» семинары жос­парланған. Онда қатысушылар ака­демиялық деңгейіне байланысты топтарға бөлініп, NU фа­культетін, мектеп немесе кафед­ра басқарудың практикалық тә­жі­ри­бе­сін үйренеді.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина универ­си­те­тінің жалпы медицина факуль­те­ті­нің деканы Талғар Әбілов бағ­дар­ла­маға көңілі толатынын айтады.

Бір сөзбен айтқанда, «Декан­дар мектебі» бағдарламасы елі­міз­дегі жо­ғары білім беру саласына ай­тар­лықтай өзгеріс әкелмек.