Редакция таңдауы
Әлем тәжірибесінде журналистердің қызметіне мамандық емес, миссия ретінде қарайтын қағида қалыптасқалы қашан. Өйткені халық пен биліктің арасындағы алтын көпірдің міндетін атқарып, жұрттың жайын қаламына арқау ететін, елдіктің жайын қозғайтын мамандардың маңыздылығы да осында. Кейінгі жылдары журналистика саласына келушілердің қатары көбейгені қуантады. Алайда саны артқанымен, айтылар сын мен тағылар мін де көбейді. Ақпарат құралдарының беделіне қатысты пікір де сан алуан.
28 Маусым, 2024
Болашақ геологтер – зерттеу алаңында
Геолог мамандардың жаңа буынын даярлау мақсатында Геология комитетінің бастамасымен Қ.Сәтбаев атындағы университеттің Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты геологиялық универсиада ұйымдастырды. Республикадағы 10-ға жуық жоғары оқу орындары, колледж студенттері қатысқан универсиада Жамбыл облысы Майлы Қаратау жотасы маңында орналасқан полигонда өтті.
28 Маусым, 2024
Әлемнің беделді басылымдары: Дәстүр жалғасады
Интернет желісі дамығалы әлемде классикалық медиа кенжелеп қалды ма? Телевизия көрерменін, радио тыңдарманын, баспасөз оқырманын азайтып алды ма? Бұл – цифрлық медиажүйе дамығалы жиі қойылатын сұрақтар. Бір нәрсе анық. Әлемдегі классикалық журналистика жұмысын тоқтатқан жоқ. Есесіне жаңа технологияның мүмкіндігімен қайтадан жаңғырып, бәсекеге түсіп, «классикалық» деген ұғымға сай қызмет атқарып келеді. Болашақта да атқара бермек. Өйткені классика – мәңгілік, қазіргі сөзбен айтсақ ешқашан «трендтен» түспейді.
28 Маусым, 2024
Криминалист – қылмыстық құрамы бар оқиға орынына басқадан бұрын жететін зерттеуші. Осы мамандардың кәсіби әрекеті, қырағылығы – күрмеулі қылмыстың түйінін тарқатудың алғышарты. Криминалистиканың қыр-сырын білмекке құмартушылар көп. 2008 жылдан бері құқық қорғау қызметінде, 2013 жылдан криминалистикада еңбек етіп жүрген Астана қаласы Есіл аудандық полиция бөлімнің майоры Ринат Мұқышев саланың сан қырын саралады.
28 Маусым, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінің уақыты жақындаған сайын оның дүбірі де жиілей бастады. Дайындық барысын пысықтауға бағытталған отырыс, жиындар бүгінде дамыл тауып жатқан жоқ. Елордада көшелерді ретке келтіріп, саммит өтетін нысандардағы жөндеу жұмыстары да жандана түсті. Ал Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан жыл ішінде нендей шаруаны қолға алып, қаншалықты белсенділік таныта алды?
28 Маусым, 2024
Елдік мүдде және баспасөз беделі
Ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Айқап» журналының редакторы Мұхаметжан Сералин басылымның алғашқы санында: «Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі халық арасында таралған газет, журнал һәм кітаптарынан білінеді» деп жазса, «Қазақ» газетінің ұлтты ағарту мен ұйыстыру бағытындағы тарихи міндетін Ахмет Байтұрсынұлы: «Әуелі, газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек!» деп айқындап берді.
28 Маусым, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі «Құрмет» орденімен марапатталды
«Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі Айгүл Аханбайқызы «Құрмет» орденінің иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Маусым, 2024
Алматыдағы автобус апаты: Жүргізуші ұсталды
Кеше Алматыда жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырағанын хабарлаған едік. Жол-көлік оқиғасына себепкер болған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полициясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
27 Маусым, 2024
Сәби Байбосынов: Қашанда салмақты ақпарат маңызды
Күні бүгінге дейін «Болашақ» бағдарламасымен бас-аяғы 253 журналист шетелде оқыған. Оның ішінде докторантурада – 2, магистратурада – 196, бакалавриатта 23 стипендиат білім алған. Ал 32 маман білігін шыңдап, тағылымдамадан өткен. Мүмкіндікті қалт жібермей шекара асқандардың бірі – Сәби БАЙБОСЫНОВ. Мереке қарсаңында «Болашақ» түлегімен аз-кем әңгімелесіп, Америка Құрама Штаттарындағы, қазіргі ақпараттық кеңістіктегі үрдістерді сөз еттік.
27 Маусым, 2024
Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы бүгінде қоршаған ортаға, тағамның құндылығына әсер ететін зерттеулердің түр-түрін жүргізеді. Табыстан бөлек, тұтынушы мүддесін биік қойған кәсіпкерлерге де көмек көрсететін орталықтың зертханасын біз де аралап, мамандардың жұмысын бір сәт бақылаған едік.
27 Маусым, 2024
Тұтынушылар құқы қалай қорғалады?
Сауда орындары тарапынан келеңсіз жайттарға кезігіп, жарамсыз тауарды қайта өткізе алмай, тиісті органдарға жүгініп жататын тұтынушы көп. Сарапшылар болса, қолданыстағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңда олқылықтар бар екенін, оған өзгерістер енгізу қажеттігін ескертеді.
27 Маусым, 2024
Нұрболат Айдапкелов: Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау – маңызды міндет
Егіс науқаны кезінде шаруаларға көмек қолын созудың маңызы зор. Экономиканы алға сүйреуші әлеуетке ие ауыл шаруашылығы саласы жыл санап тәуір көрсеткіштерге қолжеткізіп келе жатыр. Бірақ биылғы су тасқыны жоспарды өзгертіп, көп іске көлеңкесін түсіріп кетті. Оның салдарын жойып, науқанды ойдағыдай өткізу – мемлекетке сын. Осы орайда «Бәйтерек ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкеловпен аз-кем сұхбат құрған едік.
27 Маусым, 2024
Кейінгі бірнеше күнде долларға қатысты теңге бағамы біраз шайқалып кетті. Анығында күрт әлсіреп 1 доллар 460 теңгеге дейін құнсызданды. Сарапшылардың сөзінше, бұл – 2024 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ұлттық валюта өзінің ең ауыр құнсыздану деңгейіне шықты деген пікірлер жиі айтыла бастады. Жарты жыл тоқтаусыз нығайған ұлттық валютамыздың «күшею» траекториясынан аттап өтіп, белгісіз бағытқа бет алғаны байқалып қалды.
27 Маусым, 2024
«Open Banking»: Банк секторындағы үміт пен күдік
Шілде айынан бастап елімізде «Open API» технологиясы негізінде «Open Banking» жүйесі енгізілмек. Әлемнің дамыған елдерінде тиімді қолданылып келе жатқан ашық банкинг, ең алдымен, ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастырмақ. Қазіргі уақытта қолма-қол ақшаны пайдаланудан гөрі тауар мен қызметке QR арқылы төлем жасау, ел арасында, тіпті бір отбасы адамдары арасында да ақша аударымдарын белгілі бір банк қосымшасы арқылы жүргізу өзгермейтін қалыпты жағдайға айналды.
27 Маусым, 2024
«Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында Парламент Сенатында журналистер арасындағы «Парасат» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев әр аталым бойынша үздік шыққан жеңімпаздарды құттықтап, жүлделерін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Маусым, 2024
Туризм саласының қызметкерлері 4 күндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасына қандай салалар көше алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Маусым, 2024
Алматыдағы автобус апаты: 1 адам көз жұмды
Бүгін Алматы қаласындағы Мақатаев - Масанчи көшелерінің қиылысында автобус апаты болғанын хабарлаған едік. Апат салдарынан 1 адам көз жұмып, 16 адам зардап шеккені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
26 Маусым, 2024
«Тұмар» - 2024 ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды
«Тұмар» - 2024 ұлттық телевизиялық сыйлығының он екі номинациясы бойынша номинанттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Маусым, 2024
Мемлекеттік тілді дамыту институты мамандары «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың жүйесі» жобасы аясында балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары, үйрету курстарында зерттеу жүргізіп, нәтижесінде тілді деңгейлеп оқыту бағдарламасында жүйелілік пен сабақтастық жетпейтіндігін анықтады. Республикада қазақ тілін оқыту, үйрету барысы көңіл көншітпейтінін айтып, осы зерттеулер негізінде ғалымдардың, практик-мұғалімдердің қатысуымен бірнеше семинар-кеңес өткізді.
26 Маусым, 2024
Экология және табиғи ресурстар министрлігі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 45 жобаны пысықтады, оның ішінде Ақмола облысында қоқысты сұрыптап, қайта өңдейтін үш кешен салу жоспарланған. Жоба шамамен 7 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
26 Маусым, 2024