Редакция таңдауы
Мемлекеттік қызметтегі маңызды бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 5 жыл бұрын Президенттік жастар кадр резерві іске қосылды. Басты мақсат – билік тармақтарында басқарудың жаңа мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ бастамашыл, креативті ойлайтын жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Бүгінде бұл бірегей мүмкіндікті қалт жібермеген 400 жас бар. Оның 70%-ы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалып үлгерді.
20 Маусым, 2024
Сыртқы саясаттың елеулі жетістігі
Сарапшылардың пікірінше, бүгінде Қазақстан жаңашыл сыртқы саясаты арқылы халықаралық қатынастардың озық үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе кейінгі жылдары БҰҰ-ның сессияларында экология, адам құқығы секілді мәселелерді қамтитын ел бастамаларын аталған ұйым бірден қолдады. Ал көршілес жатқан алпауыт мемлекеттердің ығына жығылмай, өз ұстанымына беріктігін көрсете отырып байланысын нығайтуы тіпті АҚШ-ты мойындатты.
20 Маусым, 2024
Табиғи апаттарға тосқауыл: малайзиялық үлгі
Су тасқынының салдары тосын табиғи апаттарға дайын емес екенімізді ұғындырды. Тасқын су әсіресе мемлекеттік қызметшілерді әбден әбігерге түсірді. Ендігі кезде өңір әкімдері малайзиялық әріптестерінен тәжірибе жинақтап, тосыннан келген табиғи құбылыстарға төтеп бермек.
20 Маусым, 2024
Жастар тақырыбында әңгіме қозғала қалса, оң пікірмен қатар сын-ескертпелер де қатар айтылады. Себебі қай заманда да кейінгі толқынға үлкендердің көңілі толмаған. Жастардың киімінен бастап, шаш үлгісіне, сөйлеген сөздеріне дейін сын айтылып, мін тағылады. Заманына қарай адамы. Әр дәуірдің өз ерекшеліктері болады, жастары да бір-біріне ұқсамайды, бұл – заңдылық.
20 Маусым, 2024
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Жиында сенаторлар зиялы қауым өкілдерімен, сарапшылармен бірге қазіргі жаһандық сын-қатерлер кезеңінде жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру, жетілдіру және дәріптеу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
20 Маусым, 2024
Макроэкономикалық көрсеткіш неге төмен?
Созылмалы сырқат секілді бір құбылыс бар, ол – макроэкономикалық көрсеткіштердің (ішкі жалпы өнім, халықтың табысы, тұтынуы) бір кезеңде көп бағытта қозғалуы. Нарықтық экономикасы орнықты елдерде бұл көрсеткіштер бір бағытта дамиды. Егер ІЖӨ өссе, бұл көрсеткіш біршама реттеледі. ІЖӨ төмендесе, онда көрсеткіштердің мәні де төмендейді.
20 Маусым, 2024
Да Винчидің «La Bella Principessa» картинасы Ұлттық музейдің төріне келгелі әйгілі туындыны өз көзімен көруге асыққандар көп болды. Тіпті бұл мүмкіндікті қалт жібермей, Астанаға әр өңірден ағылған адамдар да аз болмады. Аңызға айналған суретшінің түпнұсқа шығармасын тамашалаған өнерсүйер жұрт әлеуметтік желіге әсерлерін бөлісіп жатты.
20 Маусым, 2024
Қазақстанда несие алушылардың құқығын қорғауға бағытталған Заң күшіне енді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2024
Президент энергетика саласын жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2024
Президент су тасқыны кезінде қажырлы еңбек еткен әскери қызметшілерді марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен қарғын суға қарсы шаралар кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі мен жанқиярлығы үшін Қарулы күштердің әскери қызметшілері жоғары мемлекеттік наградалар – ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2024
Меккеде жүрген Қазақстан қажылары аман ба? Мүфтият мәлімдеме жасады
Қажылық миссиясының құрамында 4 дәрігер мен 16 туроператордың әрқайсындағы 1 дәрігер ем-шарамен айналысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2024
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Бақытжанұлы Қасенов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2024
Шығармашылық емтихан тапсыру уақыты белгілі болды
Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер дәстүрлі түрде емтихан тапсырады, деп жазады Egemen.kz.
19 Маусым, 2024
Президент Киевте Қазақстан журналисіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2024
Инвесторлар үшін күрес заманында өмір сүріп жатырмыз – Ғабидолла Оспанқұлов
Мемлекет экономикасын ілгерілетудің табысты тетігінің бірі − инвестиция. Дамыған мемлекеттер, соның ішінде, Қытай шетелдік инвестициялар есебінен жоғары дәрежедегі экономикаға қол жеткізген елдердің жарқын үлгісі. Инвестиция тек қаржылай емес, технологиялық, жаңа білім мүмкіндіктерін сыйлайтынын ескерсек, Қазақстанның дамуы үшін де инвестиция көздерін тарту аса маңызды. Ел Үкіметі алдында 2029 жылға дейін экономиканы 2 есе өсіру межесі көзделген. Осы мақсатқа жеткізер бағыттың бірегейі инвестиция тарту екені сөзсіз. Бүгінгі таңда елімізге инвестиция тарту бағытында Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ нәтижелі қызмет атқарып жатыр. Осы орайда Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловпен елімізде инвесторларға жасалған мүмкіндіктер төңірегінде әңгіме өрбіттік, деп жазады Egemen.kz.
19 Маусым, 2024
Берлиндегі Түркістан студенттері
Бұл – тың әрі ойландыратын сурет. Оны қазір жүйелі жобаларды бастаған өзбек жәдиттерін (жәдит – патшалық Ресей түркі-мұсылмандары біліміндегі жаңашылдық) зерттеу орталықтары мен өзіміздің «Qyr balasy» қоры жариялаған материалдардан көруге болады. Бұл фото Германияда 20-жылдардың басында түсірілген. Тың екенін – ортасында Ғазымбек Бірімжан бастаған Алаш зиялыларының екінші толқыны өкілдері тұрғаны, ал ойлы екенін – Орталық Азия жас оқығандарының, соның ішінде екі бойжеткенінің бейнесі хатталып қалғаны аңғартады. Бәрінің жүзінен зиялылық еседі.
19 Маусым, 2024
Өткенге көз жүгіртіп, көңіл таразысына салып безбендеп көрсеңіз, қазақ жоқ іздеген жолаушы іспетті. Тасқа басылған тарихы көмескіленіп көрінбей қалғаны да рас. Абай тойы қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы той тойлау емес, ой ойлаудың басты орында екенін ерекше айтқан-ды. Биыл хакім Абайдың әкесі қоғамға қозғау саларлық ақылы асқан қайраткер тұлға, «мырза», «қажы» атанған Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы. Ел мерейін өсіріп, алыс-жақын ағайынның басын қосып, Өскенбай баласының тойы өтті Абай елінде.
19 Маусым, 2024
Ата-ана үшін баладан қымбат жан бар ма? Алайда әр ата-ана бауыр етіне балаған баланың құқығы жиі бұзылады. Тіпті өзінің балаларын саудаға шығарып, сататындар да бар.
19 Маусым, 2024
Қазақ даласы – құсбегіліктің отаны. Егер де халқымыз әлем этнографиясына нендей үлес қосты дегенге тоқталсақ, ұлтымыздың бекзат өнері құсбегілікті айтар едік. Өйткені көк аспанда еркін самғап жүрген қыран құстарды жерге түсіріп, оны қолға үйретіп, аңшылық кәсіпке баулыған һәм оны классикалық түрде жетілдірген жұрттың бірі – біздің бабаларымыз.
19 Маусым, 2024
2016 жылдан бері қолданыстағы утильалым жүйесі туралы мәселе ушығып тұр. Алымға қатысты дау қоғам арасында жиі талқыланады. Тіпті петиция жарияланып, 50 мың адамның қолы қойылған құжат Үкіметке жолданып, өткен аптаның соңында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнайы жұмыс тобын құруға мәжбүр болды. Құрамында депутаттармен қатар, Үкімет мүшелері, қоғам белсенділері мен өнеркәсіп өкілдері және петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар.
19 Маусым, 2024