Редакция таңдауы
Қазақ-корей байланысының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 11-13 маусым күндері Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің елімізге мемлекеттік сапары өтеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөзі және қазақ-корей бизнес-форумы жоспарланған. Сонымен қатар келіссөз аясында екі елдің ынтымақтастығын нығайту мақсатындағы құжаттарға қол қойылады.
11 Маусым, 2024
Импортқа тәуелділікті азайту – басым бағыт
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Үкімет жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында агроөнеркәсіп кешенінің барлық секторында тиісті даму жобалары іске асырылуда.
11 Маусым, 2024
Қалдықтарды кәдеге жаратып отыр
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына жамбылдықтар белсенді атсалысып жатыр. Өңірде дарынды балаларға арналған мектептің 600-ден астам оқушысы республикалық науқанға өз үлесін қосқан.
11 Маусым, 2024
Биыл Құрбан айтқа ертерек қамданғанымыз дұрыс деп шештік. Бастысы – көңілден шығатын, талапқа сай, міні жоқ мал табу.
11 Маусым, 2024
Баянауылда жазғы маусым ашылады
Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасы туристерді қабылдауға дайын. Алдағы сенбі, 15 маусымнан бастап демалыс аймағында жазғы туристік кезең ашылады деп күтіліп отыр.
11 Маусым, 2024
Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2024
Құрбан айт күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды
Астанада Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап.
10 Маусым, 2024
Түркияда ауа температурасы рекордтық деңгейге жетуі мүмкін - метеоролог
Түркияда шілде-тамыз айларында рекордтық аптап ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы Ыстанбұл техникалық университетінің метеоролог профессоры Орхан Шен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2024
БҚО-да 9 мамыр күні, кешкі сағат 20:00 шамасында екпінді жел соғып, бірнеше елді мекенде ғимараттар мен электр бағандарына залал тиді, деп жазады Egemen.kz uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
10 Маусым, 2024
Елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл Туризм және спорт министрлігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығы негізінде жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Маусым, 2024
Бельгияның премьер-министрі отставкаға кетті
Бельгияның федералды парламентіне сайлау кезінде Flemish Open Vld партиясы аз дауыс жинады. Осыған байланысты партияның жетекшісі, қазіргі премьер-министр Александр Де Кро отставкаға кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2024
Зейнеткерлердің пәтерін тартып алумен айналысқан заңгерлер ұсталды
Қарағанды облысының полицейлері зорлық-зомбылық көрсетіп зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың пәтерін тартып алумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп жазады Egemen.kz.
10 Маусым, 2024
Бүгін елімізде аптап ыстық күтіледі
Синоптиктер 10 маусымда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Маусым, 2024
Вице-премьер: Биылғыдай шегірткенің таралуын бұрын-соңды кездестірмедік
8 маусымда шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин өңірлердегі жағдай туралы баяндамаларды тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Маусым, 2024
Ақмола облысында 273 үйдің құрылысы басталды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тасқын зардаптарын жою процесін жіті бақылауда ұстап отыр. Министрлік мәліметінше, Ақмола облысында 1281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Маусым, 2024
Павлодарда «Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бастау алды. Акцияға қатысушылар алғашқы күні 11 тоннадан аса тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын жинады.
08 Маусым, 2024
Банктерге бұйыратын 500 млрд: Қай қаржы институты қатысады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) 500 млрд теңге көлеміндегі қаражаты банк облигацияларын сатып алуға жұмсалады. Өз кезегінде қаржы институттары ол ақшаны бизнеске несие ретінде ұсынуға тиіс. Банктерге үш негізгі талап қойылады: «В» деңгейінен төмен емес несие рейтингінің болуы, меншік капиталының 60 млрд теңгеден кем болмауы және өтеу мерзімі 7 жылдан аспайтын нарықтық табыстылықпен облигация шығару арқылы бизнеске несие беру.
08 Маусым, 2024
Нарық бәсекесіндегі «Айс-плюс» өнімдері
Таңертеңгілік уақытта Ақтөбе қаласындағы супермаркет сөрелерінде жаңа сауылған сүт, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, тәтті, ащы айрандар мен қатық жатады. Бұлар – «Айс-плюс» компаниясының өнімдері. Мұнымен қоса «Айс-плюстің» Мәртөк елді мекенінде және облыс орталығында бірнеше жеке, жылжымалы вагон-дүкендері бар. Сатылым желісін сауатты ұйымдастыру – тауар өтімділігіне кепіл. Қала тұрғындары әр литрі 345 теңгеден аспайтын, майлылығы 2,5 пайыздық, жұқа қалбырдағы «Айс-плюстің» қою сүтін күнделікті сатып алады.
08 Маусым, 2024
Тау қорықшысы полкінің жауынгерлері
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімінде әскери ант беру рәсімі өтті. Осы көктемде әскери қызметке шақырылған 2 мыңға жуық жас сарбаз туған Отанына адал болуға ант берді. Солардың қатарында Қарулы күштердегі бірден-бір тау қорықшысы полкінің мерзімді қызмет сарбаздары да әскери ант қабылдады.
08 Маусым, 2024
Бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған қылмыстың бірі – алаяқтық. Арамза іске бел буып, өзгенің маңдай терімен тапқан табысын өз пайдасына жарататын алаяқтар айылын жимай тұр.
08 Маусым, 2024